Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өткенді қайталау

20 мам 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Математика
Тақырыбы: Пысықтау
Мақсаты: а) білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау, санды өрнектер, сандарды салыстыру, есеп шығару, білім - білік дағдыларын бекіту.
ә) дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, қабілеттерін дамыту, танымдық қабілетін арттыру. Ойша, ауызша есептеу дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
б) тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: өрнектер, карточкалар, интерактивті тақта, астана суреттері бейне роликтер астана, сергіту сәтінің бейне ролигі Айя мен Әли санамақ.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, Ана тілі

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі:
ІІ Психологиялық дайындық.
Математика керек әр күнге
Математика қажет өмірде
Математиканы оқимыз
Миымызға тоқимыз.
Топқа бөлініп отырамыз.

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Жұлдызқұрттағы өрнектің мәнің тексерейік. 2 оқушыны оқытамын
1) 8 - 5+6 - 2+3 - 7+5
2) 3+7 - 8+7 - 5+6 - 7

IV Үй тапсырмасын бекіту.
1) Көрші сандары: 4, 6 сандары
2) 2мен 4 сандарының қосындысы
3) 7мен 3санының айырмасы нешеге тең
4) 9 санының құрамын табу.
5) А+3 қосындысы қандай өрнек

5+4 20+20 90 - 20
9 - 8 100 - 30 3+4
Балалар өрнекті көшіріп жазып дәптерлеріне мәнің табады. 2минут уақыт беріледі. Балалар бағалау критерий бойынша бір - бірін бағалайды.
1) Қате жоқ болған жағдайда жұлдызша
2) 1 - 2 қатеге төртбұрыш
3) 3 немесе оданда көп қатеге үшбұрыш қойылады.
V Пысықтау.
Бүгіңгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаев атамыздың сөзімен бастағым келіп тұр. «Бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман»
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?- Көктем
Көктемнің нешінші айы? - Соңғы мамыр айы.
Ия балалар дұрыс айтасыңдар. Алда жайдарлы жаз мезгілі келе жатыр. Санаулы күндерден кейін сендер жазғы демалысқа шығып ата - аналарыңмен түрлі қалаға, ауылға саяхат жасайсыңдар?- Ия
Олай болса, балалар сендер саяхатқа шыққыларың келе ме? - Ия
Балалар сендер қандай көліктің түрлерін білесіңдер?
Біздер бүгін көліктің түрлерін пайдалана отырып, қалаларға саяхат жасаймыз. Бірақ біздер қай қалаға саяхат жасайтынымызды білмейміз. Тапсырма орындаған сайын пазлдар ашылып тұрады.
Ол үшін көліктердің тапсырмасын орындауымыз керек. Сонда ғана пазлының бір бөлігі ғана ашылады.
Ен алдымен поезбен саяхатқа шығамыз. Поезд бірнеше күн жүреді. Тапсырмасы да жеңіл. Поезд дыбысы естіледі.
№1, 4 ауызша орындалады. Кітаппен жұмыс жүргізіледі.
Балалар біздер поезбен Ақтөбе қаласына келіп жеттік. Ақтөбе туралы әңгімелеп беремін. Енді әуежайға бару үшін автобусқа мінеміз. Автобустың тапсырмасын орындауымыз керек.№2 (3 оқушы шығарамын) Дәптермен жұмыс Ережесін айтып шығарады.
9 - х=9 ------------ х - 3=4 ---------- 100 - х=10
х=9 - 9 ------------ х=4+3 ----------- х=100 - 10
х=0 ---------------- х=7 --------------- х=90
9 - 0=9 ----------- 7 - 3=4 ----------- 100 - 90=10
9=9 ---------------- 4=4 --------------- 10=10
№ 3 1 оқушыға оқытамын, талдатамын, балалар барлығы қолдарымен ұстап, көзбен жүргізіп отырады.(2оқушы шығарамын)
Қант - 5кг
Ұн -? 3кг артық
Шешуі 5кг+3кг=8кг
Жауабы 8кг ұн

Болды - 8кг
Жұмсады - 2кг
Қалды -?
Шешуі: 8кг - 2кг=6кг
Жауабы. 6кг ұн қалды.
Жарайсыңдар балалар, енді пазлдың екінші бөлігі ашылады. Автобустың тапсырмасын орындадық.

Сергіту сәті: Санамақтар Әли мен Айя бейне ролигі қосылады
Ұшаққа 1 - 2 сағатта ғана ұшып жетеміз. Ұшақтың тапсырмасы күрделі болып келеді. Үш топ тапсырмалар беріледі. ( Постер қорғайды). Тақтаға шығып түсіндіреді.

І топ: Әселде 9 ойыншық бар. Оның 6 текшесі бар. Әселде неше доп болды.
Ойыншық - 9
Текше - 6
Доп?
Шешуі: 9 - 6=3
Жауабы 3Доп

ІІ топ: Әселде 9 ойыншық болды. Оның 3 добы бар. Әселде неше текше болды.
Ойыншық - 9
Доп - 3
Текше -?
Шешуі: 9 - 3=6
Жауабы: 6текше

ІІІ топ Әселде 6 текше және 3 доп болды. Барлығы неше ойыншық.
Текше - 6
Доп - 3?
Шешуі: 6+3=9
Жауабы: Барлығы 9
Міне балалар енді үшінші пазлымыз да ашылады. Балалар бәріміз суретке қарап көрейік. Қай қалаға саяхатқа келдік? Астана қаласына саяхатқа келдік. Астана қаласының көрікті жерлерімен танысып, бейне ролик көрсету.
Балалардан Астана туралы бейне роликте көргендері туралы әңгімелеп беру.
Ұшаққа отырып Орал қаласына жеткенше Қызықты есептер шығарып барайық

Қорытынды:
V Қызықты есептер
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)

Атамда менің 5 алма
Апамда менің 5 алма
Бәрін қосып санасақ
Болады сонда қанша алма (10)

Алма ағашта 5 алма,
Қандай тәтті, жесе алма?!
Бесеуін де жеп қойсақ,
Қалады екен неше алма? (0)

Екі тышқанның құлағы нешеу? (4)

Екі мысықтың аяғы нешеу? (8)

Бес тырнаның мойны нешеу? (5)

Табақта 4 өрік,
Қолымда 2 өрік
Қосқанда барлығын,
Болады неше өрік? (6)

5 алманың біреуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? (4)

Үйге тапсырма:№1
Бағалау. Кімде - кім смайлектерді көп жинайды «5»- 5, «4»- 4, «3»- 3 деп бағалаймын.
1 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Қайталау. Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдері
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау, білімдерін бекіту. Ауызша көбейту және бөлу дағдысын қалыптастыру, өз бетінше есептей білуге машықтандыру; Ұқыптылыққа, шапшаң есептей білуге тәрбиелеу;
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Ондықтарды салыстыру
Ондықтарды салыстыру
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Достілеуова Әсем
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Ш. Тұржанов атындағы орталау мектебінің математика пәні мұғалімі Қабиева Тлекші Сабидоллақызы
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Алгебралық өрнектер және оларды түрлендіру тарауын қайталау
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі Туребекова Жаңылсын Барсаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×