Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Заттың сынын білдіретін сөздер

23 мам 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы,
Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы
жалпы орта білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бердіғалиева Роза Сүйінқызы

Қазақ тілі 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер
Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерге сұрақ қоя білуге, сөз ішінен таба білуге үйрету;
ә) Балалардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттері дамыту;
б) Тазалыққа, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ - жауап, әңгімелесу, сәйкестендіру, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, өлең, жұмбақтар.

Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу;
Назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық. Оқушылар барлығымыз бірге:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау (сұрақ - жауап әдісімен).
Қимылды білдіретін сөздерді ата, оларға сұрақ қой.
Етістік нешеге бөлінеді? Қалай жасалады?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1 - жаттығудың көмегімен ауызша тәсілмен өлеңді мәнерлеп оқып, түсті білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қою арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашамын.
Қосымша жұмыс: сол түстермен тағы нені бейнелеуге болады?
сұрағы аясында шығармашылық жұмыс жүргізіледі.
Мысалы, көк - аспан, орамал, бұлт, көгершін, т. б.
«Табиғат ғажаптары» мазмұнды суретін тақтаға ілемін.
Оқушыларға төмендегіше тапсырма беріледі.

2 - жаттығудағы өлеңді көшіріп жазып, қандай?
сұрағына жауап беретін сөздерді табу арқылы суретті сол түстермен бояп, аяқтаған соң әңгімелеу жүргізіледі.

3 - жаттығу бойынша топтық жұмыс.
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
Бірі зат есім тобы, екіншісі сын есім тобы
Шарты: жаттығудағы берілген сөздермен танысып, заттың атын білдіретін сөзге сәйкес сынын білдіретін сөзді тауып жазу.
Қалың ----------- аю
Жирен ---------- қант
Қоңыр ---------- айран
Тәтті ------------- ат
Қышқыл ------- киім
«Өз көршіңді тап» ойыны арқылы жаттығуды бекіту үшін ортаға кез – келген бір сөзді тастаймын. Оқушы сөздің қай топқа жататынын өзі анықтап, бой көтереді, оған қойылатын сұрақ сол зат есімді сын есіммен байланыстыру арқылы өз көршісін тауып, тақтаға шығу керек.

Мысалы: доп - зат есім, жарық - сын есім т. б.

Ү. Сабақты бекіту. Қосымша тапсырма арқылы жүргізіледі.
Етістіктерді тап. Дара етістіктің астын бір, күрделі етістіктің астын екі сызықпен сызыңдар. Өздерің мысал келтіріңдер.
Сабақ басталды. Жаңбыр жауып тұр. Бақта гүлдер өсіп тұр. Концерт басталды.

ҮІ. Үйге тапсырма.
4 - жаттығу. жаңылтпашты жаттау.
Ала сөзі қай жерде заттың сынын білдіріп тұр?
Шығармашылық жұмыс: заттың сынын білдіретін сөздерді қатыстырып, жұмбақ құрастыр.

ҮІІ. Бағалау.
Сабақ барысында үнемі зеректік танытқан дарынды оқушылар, ерекше қабілетті оқушылар, шығармашылық танытқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

Толық нұсқасын жүктеу
3 251
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Көктем сәні (заттың сынын білдіретін сөздер)
Заттың сынын білдіретін сөздер туралы түсінік беру. Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын, логикалық ойлауын, зат есіммен байланыстырып сөйлем құрату дағдыларын жетілдіру. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздер. «Тарту»
Заттың сынын білдіретін сөздерді табу. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңімен танысу. Оқушылардың тапсырмаларды орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Заттың сынын білдіретін сөздер
Заттың сынын білдіретін сөздер
Бастауыш сынып мұғалімі Тасанова Жанар Байжановна
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Атаның ақ батасы. Заттың сынын білдіретін сөздер.
Жезказған қаласы №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Абдраимова Женисгул Абибуллаевна Сабақтың тақырыбы: Атаның ақ батасы.( 1 сынып) Заттың сынын білдіретін сөздер. Сабақтың мақсаты: а) Заттың сынын білдіретін сөздерді меңгерту, сөйлем ішінен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×