Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 санын қосу және азайту

31 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы, Жаңаталап селосы,
Жамбыл атындағы орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Алтынай Орыспайқызы

Математика пәні 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту (4+4, 8 - 4)
Сабақтың мақсаттары: 10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және азайту тәсілімен таныстыру. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеті артады, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады. Өз бетінше есептеуге үйренеді. Сандар құрамын еске түсіреді.
Сабақта қолданылатын материалдар: сергіту сәті бейнежазба, постер
Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, көрсету, салыстыру, талдау, қосу және жинақтау,
Сабақтың көрнекілігі: сандар, суреттер, интерактивті тақта

Сабақтың барысы:
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру
Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып
“Табыс” тілеп көзбенен
Жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.

Мотивациялық кезең
Декламация
“Сұрақты ұстап ал”
Фасоль салынған дорбаны лақтыру арқылы пысықтау

1. Бір қолыңда неше саусақ?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. 7 мен 9-дың көрші саны
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. Бірінші қосылғыш – 7, екінші қосылғыш – 2, қосындының мәні нешеге тең?
6. 1 жылда неше ай бар?
7. Азайғыш – 8, азайтқыш – 3, айырманың мәні?
8. Азайтудың компоненттерін ата?
9. Ең үлкен бір таңбалы сан?
10. Ең кіші екі таңбалы сан?

Ой қозғау
І топқа
4 СӘӨАНІҮҰЫН
жазбасындағы А мен Ы дыбысынан басқа дауысты дыбыстарды сызып тастаңыз. Қандай сөз шықты?
ІІ топқа
ОҚӨОЫҰСИУ ЖАЯӘНИЕ
О, У мен Ә, Е дыбысынан басқа дауысты дыбыстарды сызып тастаңыз. Қандай сөз шықты?
ІІІ топқа
ЮЭАЗЕИАЙТЕӨУ
жазбасындағы А мен У дыбысынан басқа дауысты дыбыстарды сызып тастаңыз. Қандай сөз шықты?

Операциялық кезең
Ойлан, бірік, бөліс

1. Барлығы неше қызыл түйме бар? ______
2. Барлығы неше көк түйме бар? ______
3. Барлығы неше түйме бар? _______

1. Барлығы неше түйме бар? ______
2. Барлығынан көк түймелерді алып таста? ______
3. Неше түйме қалды? _______
Шешуі:
4 +4 ₌8
8 - 4₌4
Бұл өрнектерге қарап не айтуға болады
Бұлар санға 4 - ті қосу және азайту кестесі
Санға 4 - ті қосқанда сан 4 - ке артты, саннан 4 - ті азайтқанда 4 - ке кеміді. - Бұлар өзара кері амалдар
Егер қатар тұрған сандарға 4 - ті қосатын болсақ, онда одан шығатын мәндерінің өскенін яғни артқанын байқаймыз.
Егер 4 - ті азайтатын болсақ, онда оның мәндері кемитін болады.

Оқулықпен жұмыс:
№2 Қосылғыштардың біреуі 4 болатын қосындыларды ата. Мәндерін тап.
«Алтын балық» ойыны

Оқулықпен жұмыс
№3
Сақина – 4 4 артық
Білезік -?
Шешуі: 4+4₌8
Жауабы: 8 білезік

Шығармашылық тапсырма: Саяхатшы Дараның тапсырмалары
Логикалық тапсырма:
1. Екі сиырдың мүйізі қанша?
2. Бір мысықтың аяғы қанша?
3. бес қойдың басы қанша?
4. үш адамның қолы қанша?
5. бес баланың аяғы қанша?
- Жарайсыңдар балалар?

«Ыстық орындық» ойыны
Ойын шарты: Музыка ойнағанда сіздер орындықты айналасыңдар. Музыка ойнағанда 1-еуі отырып қалады. Осы оқушыға әр топ сұрақ қояды.
«Қоянға көмектес»
Сәйкестендір:
4+4 ----------- 10
5+4 ------------ 8
6+4 ------------ 9
3+4 ------------ 5
2+4 ------------ 7
1+4 ------------ 6

Қорытынды:
Рефлексиялық кезең «Қадам басу»
Бағалау.
Үйге тапсырма:
3 588
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
1 санын қосу және азайту
1 санын қосу және азайту
Оқушылардың ауызша жылдам, дұрыс есептеуге, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, терең ойлау қабілетін дамыту.
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
10 көлеміндегі санға 4 - ті қосу және азайту тәсілімен танысады. Тапсырмаларды орындата отырып, танымдық қабілеті артады, өз бетінше жұмыс істеу дағдылары, логикалық ойлау қабілеттері қалыптасады. Өз бетінше есептеуге үйренеді. Сандар құрамын еске
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
4 санын қосу және азайту
4 санын қосу және азайту
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×