Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың дәстүрлері

27 маусым 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы, № 8 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Сексенбаева Сериккуль Аббасқызы

Әдебиеттік оқу 4 – сынып

Сабақтың тақырыбы:. Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова.
Сабақтың мақсаты:
1. Ф. Оңғарсынова өмір жолы мен шығармашылығын тереңірек таныстыру. Қазақтың дәстүрлері туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлеңнің мазмұны мен идеясын өз бетінше талдауға, аша білуге үйрету.
2. Оқушылардың ой – өрісінің дамуына ықпал ету.
3. Оқушыларға үлкенді құрметтеуге, ата жолын қууға, мұра тұтуға, ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: «Ф. Оңғарсынова апамыздың өмірінен» атты кітап, өлеңдерінен үзінді.
Сабақтың түрі: С. Т. О.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу.
Пән аралас байланысы: өзін өзі тану.
Жоспары: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын сұрау.
3. Қызығушылығын ояту.
4. Мағынаны тану.
5. Ойталғау.
6. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы: І. Сабаққа дайындалу.

ІІ. Үй жұмысын тексеру, бағалау.

ІІІ. Өзін - өзі тану сабағының элементтерін пайдалану арқылы психологиялық дайындық.
«Ойашар» өткізу. Күннің шуағы.
- Мына күннің шуағынан жылу алайық. Ықыластарыңа бөленген шуақ алақанымызға сыймай барады. Оны босатайық, оның сәулесі жүрегімізді жылытсын.
- Саған, күн шуағы жарқырайтын қай жыл мезгілі ұнайды? Не себептен?
- Адамға Күннен басқа тағы не қажет?
а) топтастыру
ә) қазақтың дәстүрлері өлеңін таныстыру.
б) автормен таныстыру.
Өмірбаяны
1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
1966 - 1968жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
1968 - 1970жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
1970 - 1978жж. республикалық «Қазақстан пионері»журналының бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы
болып істеген
Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20 - дан астам өлеңдер жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Кәмшат»повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім - менің отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен»өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғары Кенесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған. Республика мәдени - ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Халық жазушысы.
Фариза Оңғарсыноваға Мұқағали Мақатаевтың «Фариза» өлеңі арналған.

ІҮ. Мағынаны тану.
1 - топ. Ф. Оңғарсынованың өмір жолы.
2 - топ. Ф. Оңғарсынованың өлеңдері.
3 - топ. Ф. Оңғарсыноваға сипаттама беру.
Кестенің бірінші бағанын толтыру.
Білемін, Білдім, Білгім келеді

Жаңа сабаққа көшу. Өлеңді тізбектей, мәнерлеп оқу арқылы «Түртіп алу» бойынша оқыту. Артынан кестені толтыру.

V. Ойтолғау.
Оқылған өлең бойынша сұрақ – тапсырмалармен жұмыс.
а) Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық
Оңға – оңға түзу тұр,
Солға – солға түзу тұр.
Жоғары – төмен қарайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
ә) Сөздік жұмысы.
б) Мәтін соңындағы сұраққа жауап беру.
д) Сұрақ - жауап алу арқылы бекіту, қорытындылау.
е) Өз отбасындағы сақталатын әдет – ғұрып туралы әңгімелеуі. ( еркін пікір алысу)
6. Үйге тапсырма. Мәнерлеп оқып келу.
2 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Фариза Оңғарсынова "Әже"
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Фариза Оңғарсынова. Әже
Фариза Оңғарсынова. Әже
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлері. Фариза Оңғарсынова
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Фариза Оңғарсынова «Білім керек бәріне»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мқғалімі Жанкеева Нұргүл Жауынбаевна
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Шаңырақ. Фариза Оңғарсынова
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Гүлсім Амангелдіқызы
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
"Қанат туралы хикая" Фариза Оңғарсынова
Атырау қаласы, Амангелді селосы Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Урбисинова Маржан Кубегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×