Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


9 санының құрамы

03 шілде 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Орал қаласы
№ 40 жалпы орта білім беретін мектеп
С. С. Давлеткалиева

Математика ( 1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы
Мақсаты: оқушылардың математикалық ойларын дамыту, 9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету, 9 санының құрамы туралы білімді есептеулер жүргізуде қолдану білімін тиянақтау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Көрнекілік: 0 ден 9 - ға дейін сандар, бүр, балықтың суреттері, тірек сөздер (өрнек, теңдік, теңсіздік, жұп, тақ, натурал, артық, кем)

1. Сынып оқушыларын сабаққа дайындау:
- Орнымыздан айқалап сөйлемейміз, жай ғана қолымызды көтереміз
- Бір - бірімізді тыңдаймыз
- Бір - бірімізге көмекке келеміз
- Үндемей, сабаққа қатыспай отырмаймыз
Бағалау. Айнұр апай жауап берген оқушыға бүр береді. Кім көп бүр жинайды, сол жақсы баға алады. Бәрін қосып қай қатар белсенді жұмыс жасағанын көреміз.

2. Өткенді қайталау
*Сандарды өсу, кему ретімен санау 0 - 9, 9 - 0.
*3 бірлігі бар сан, 5 бірлігі бар сан, 8 бірлігі бар санды атау. Олардың құрамын айту
*Сандардан не құруға болады? Осы сандарды пайдаланып теңдіктер, теңсіздіктер құру және жазу
*Өрнек дегеніміз не? 1 - 9сандарын пайдаланып қосу мен азайтуға
*1+1=2 Қосу және азайту амалдарының компонент атауларын қайталау
4 - 2=2
*0 - ден 9 - ға дейін сандар көрсетіледі. Бұл қандай сандар? (натурал). Қай сан натурал санына жатпайды?(0). Ең кіші, ең үлкен натурал санды ата? Осы сандардың ішінен жұп, тақ сандарды табыңдар?
3. Жаңа тақырыппен таныстыру.
- 9 балықты екі балықшы қалай бөліп алады?(оқушылар түсіндіріп, көрсетеді).
Сонымен 9 саны қандай сандардан құралады? (8/1, 7/2, 6/3, 5/4, 4/5, 3/6, 2/7, 1/8).
Дәптерге төмендегі өрнектер жазылады: 8+1, 7+2, 6+3, 5+4.
4. Оқулықпен жұмыс.(70 - 71 бет) № 1, 2 тапсырма ауызша орындалады.
№ 4 тапсырма жазбаша орындалады. Өрнектердің мәндерін тап, салыстыр.
(үш қатарға екі өрнектен беріледі)
9 - 1*8 - 4
9 - 8*3+0
9 - 5*4+3
5+3*9 - 7
6+3*2+4
1+8*5+2

5. Қосымша тапсырма ( сергіту сәті ретінде өтеді)
а) «Сандар не туралы айтып жатыр?»(1 екіден кіші; 2 үштен кіші; 1 екіден кем….)

ә) «Әрі қарай жалғастыр…» (есте сақтау қабілетіне байланысты)
(Оқушылар естеріне сақтап фигураларды ретімен орналастыру және сәйкес түспен бояу керек)

б) «Артық» фигураны тап. Ол неге артық деп ойлайсың?

(фигуралардың түстері әртүрлі болу керек)
в) «Ойлан, тап»( таңба қою, цифр жазу)
6 * 0 6
□ *3<7
6. № 1 дәптермен жұмыс.
7. Қорытынды. Есіңе сақта! 9 санының құрамы: 8/1; 7/2; 6/3; 5/4. Бұрын оқып үйренген сандармен салыстырғанда 9 саны туралы не айтуға болады? (Барлық оқып үйренген сандардан ол артық)
8. Мадақтау, бағалау.

Толық нұсқасын жүктеу
9 593
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Оқушыларға 9 саны мен құрамы туралы түсінік беру, 9 санын жазуға басқа сандармен салыстыруға, құрамындағы сандарды білуге үйрету.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
9 санының құрамы туралы оқушылардың білімін қалыптастыру, сәйкес теңдіктерді жазуға және оқуға оқушыларды үйрету, 9 санының құрамы туралы білімді есептеулер жүргізуде қолдану білімін тиянақтау.
9 санының құрамы
9 санының құрамы
9 санының құрамы туралы түсінік қалыптастыру; теңдіктер құруға, сандарды салыстыруға үйрету. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту.
3 санын қосу және азайту
3 санын қосу және азайту
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасының бастауыш сынып мұғалімі Адебиет Гүлрауза
7 санының құрамын меңгерту
7 санының құрамын меңгерту
Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғаімімі Базабаева Мөлдір
9 санының құрамы
9 санының құрамы
Сабақтың тақырыбы: 9 санының құрамы. Сабақтың мақсаты: 1. 9 санының құрамын білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×