Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХІ ғасыр көшбасшысы

06 желтоқсан 2012, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы
Мақсаты:
Оқушылардың білім қабілеттерін тексеру, білмейтін тұстарын толықтыру және еркін сөйлеу, тереңнен ойлау қабілетін дамыту. Осы жарысты пайдалана отырып, ойын үстінде сабырлықты көрсетіп үлкен сайыстарға дайындау
Көрнекілігі: шарлар, плакаттар, ұлағатты сөздер
Барысы:
І . Ұйымдастыру бөлімі
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет » деп Шоқан Уәлиханов, ал Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі » деп айтып кеткендей , еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Ал сол білімді жастарды болашақта біздер құрайтын боламыз. Осы мақсатпен сыныбымызда
«ХХІ ғасыр көшбасшысы » интеллектуалдық ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады
І бөлім: «Бәйге »
ІІ бөлім: «Полиглот »
ІІІ бөлім: «Жеті жұмбақ »
ІҮ бөлім: «Көкпар »
Ү бөлім: « Жорға »
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.
Ендеше сіздердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін « Бәйге » сайысын бастаймыз.
Бұл бөлімде қатысушылар қойылған сұраққа тез және нақты жауап беруі керек. Барлығы16 сұрақ. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Ендеше сіздердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін « Бәйге » сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба ?
1 .Адам тіршілігіне қажет жылуды қайдан алады? ( күн көзінен )
2. Қара көк – сын есімнің қай түрі? ( дара )
3. Тік төртбұрыштың ұзындығы мен енін көбейту арқылы нені табуға болады? ( ауданын)
4. 10- ның кубы нешеге тең ? (1000)
5. Дені сау адамның тамырының соғуы қанша? (60-80 рет)
6. Жалауы жоқ септік (атау)
7. Әлсін - әлсін қандай қос сөз? (қайталама)
8. 3 845 санында неше бірлік мың бар? (3)
9. «Мәлімдеме » сөзінде неше буын бар? (4 буын)
10. –да, -де, -та, -те қай септіктің жалғаулары ? (табыс септігі)
11. Ауа қоспасындағы ең көп таралған газ (азот)
12 109 699 санынан кейінгі санды тап. (109 700)
13. «Жетім » әңгімесінің авторы кім ? ( М. Әуезов)
14. Сөз мағынасын өзгертетін қосымша (жұрнақ)
15. «Әдемі » сөзінің мағынасы (сұлу)
16. Абайдың анасы (Ұлжан)

Екінші бөлім: « Полиглот »
Бұл бөлімде жұмбақтар берілген. Оның шешуін қазақ-орыс тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ тіліндегі жауаптарына 5 ұпай, орыс тіліндегі жауапқа 5 ұпай беріледі. Толық жауапқа 10 ұпай. 2- кезең бойынша ұпайы аз 2 оқушы келесі 3 -кезеңге өте алмайды.
1. Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады ( қасқыр - волк )
2. Жылт – жылт етеді,
Жылғадан өтеді ( су - вода)
3. Онсыз астың дәмі жоқ,
Ассыз оның мәні жоқ (тұз - соль)
4. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (Мысық – кошка)
5. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант - сахар)
6. Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау (Жұмыртқа - яйца)
7. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко )
Сайысымыздың келесі бөлімі « Жеті жұмбақ ». Бұл бөлімнің шартын түсіндіріп өтсем, ұпай жазылған ұяшықтар берілген. Сол ұяшықтарда 4 пән бойынша сұрақтар жасырылған. Егер таңдаған сұраққа дұрыс жауап берсеңіздер, сол ұпай сіздерге тиесілі. Егер жеңіл сұрақ алғыларыңыз келсе, 10 ұпайлық сұраққа жауап бересіз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 30 ұпай жинайсыз. Сұрақты ұпайы аз оқушы таңдайды.
Ана тілі
• 10 Білім туралы мақал айт.
• 20 « Балама хат » өлеңі кім туралы ?
• 30 « Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай , жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбр дұшпан басынбаған елміз, басымыздан елді асырмаған елміз. .......Қай бидің сөзі ? » ( Қазыбек би )

Қазақ тілі
• 10 « қарындаш » сөзін тәуелде
• 20 Бірыңғай мүше дегеніміз не? Мысал келтір.
• 30 Алма бағында қызыл алмалар пісті. ( сөйлем мүшесіне талда )
Математика
• 10 6 разрядтың 7 бірлігінен, 5 разрядтың 4 бірлігіне, 2 разрядтың 1 бірлігінен тұратын санды тап. ( 740 010 )
• 20 Тік төртбұрыштың ұзындығы 10 м , ал ені одан 2 м кем . Тік төртбұрыштың ауданы неге тең? ( 80 )
• 30 Бірдей 4 жәшікте 80 кг жүзім бар. 100 кг жүзімді салу үшін осындай неше жәшік керек? ( 5 жәшік )

Дүниетану
• 10 Жер бетінде неше мұхит бар? (4)
• 20 Жердің өсімдік өсетін беткі, құнарлы қабаты қала аталады ? (топырақ)
• 30 Пайдалы қазба дегеніміз не?

Енді бұл бөлімді қорытындылап, ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады. Келесі бөлім –« Көкпар » деп аталады. Бұл бөлімде математикалық есептер беріледі. 1 минутта шешу керек. Ұпайы аз оқушы тапсырманы таңдайды.
1. 3 – тің кубын тап. ( 27 )
2. Екінші кластың 325 бірлігінен және бірінші кластың 40 бірлігінен құралған санды тап. ( 325 040 )
3. Қораптың ұзындығы 9 см , ені 5 см , биіктігі 1 см. Қораптың көлемін тап.
(45 см куб)
4. Квадраттың периметрі 20 см. Бір қабырғаның ұзындығын есепте. (5 см)
Енді бұл бөлімді қорытындылап, ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығарылады
Соңғы 5-бөлімде «Жорға» Бұл бөлімде 1 минут ішінде берілген сұрақтарға тез жауап беру керек. Сонымен, іске сәт!
1. 64 саны ненің квадраты ? (8)
2. Білімді сөзінің түбірі (ақыл)
3. Тауық бір аяғымен тұрғанда 14 кг, ал екі аяғымен тұрса неше кг болады ?
( бірдей )
4. Заттың санын білдіретін сөз табы (сан есім)
5. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі (түбір)
6. Жер шарында неше материк бар ? (6)
7. 1 тоннада неше килограмм бар ? (1000 грамм)
8. Жер бетінің қағазға өте кішрейтіліп салынған бейнесі ( географиялық карта
9. Көмектес септігінің жалғаулары (мен, бен, пен)
10. Бас әріппен жазылатын сөздер (жалқы есім )
Көшбасшыға сұрақ: Маб-та қай пәннен тапсырасыңдар? Сен ол пәнді ұнатасың ба? Математика пәнінің өмірде пайдасы қандай?

Қорытынды. Жеңімпаздар анықталып, « ХХІ ғасыр көшбасшысы » анықталады.
І, ІІ, ІІІ орын алған оқушыларға арнайы мақтау қағаздары беріледі.
12 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! Қаныш Сәтбаев « Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі»
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылы, Жансүгіров атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Жауынбаева Назира Токтасыновна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Білім тарландары
Білім тарландары
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, «Хафиза Мұстафина» атындағы орта мектептің математика, информатика пәндері мұғалімі Хасенова Ләзат Каукенқызы
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×