Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара және күрделі етістік

23 тамыз 2016, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы,
Майтөбе ОМ МДШО КММ Бастауыш сынып мұғалімі
Молдақұлова Бибігүл Құдайбергенқызы

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік
Сілтеме: 2 сынып, қазақ тілі
Жалпы мақсаты: Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру.
Дара және күрделі етістіктер дұрыс қолдана білуді үйрету.
Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Оқыту нәтижелері:
Өзін - өзі реттейді
Топпен жұмыс жасауды үйренеді
Түйінді идеялар: Тақырып бойынша ауыз – екі тілде сөйлеуді дамыту;
Оқушыларды сыни тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы, топтық жұмысқа жұмылдыру, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс атқаруға бағыт - бағдар беру.

Тапсырмалар:
1. Жұмбақ жасыру
2. Қарлы кесек ойыны
3. Кубизм әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрау
4. Деңгейлік тапсырмалар
5. Жазбаша(оқулықпен) жұмыс,
Сергіту сәті
6. Шығармашылық жұмыс
7. Мазмұнды сызбамен жұмыс

Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Кіріспе: Оқушылармен амандасу, көңіл - күйлерін сұрау. Кезекшінің есебін тыңдау
2. Бүгінгі күнге тілек тренингі.
Топқа бөлу түрлі түсті қағаз арқылы.( Тапсырма 1. 8 - минут
1. Жұмбақтың жауабын тауып, сабақтың тақырыбын ашады.
2. Қарлы кесек ойыны әр оқушы бір - бір сөйлем айтады.
Тапсырма 3. 4 - минут

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен «Кубизм» әдісін пайдаланып, сұрақтарға жауап алу.(интерактивті тақтада)
Сұрақтар: 1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің дара және күрделі түрлеріне мысал келтір.
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?
4. Мына сөйлемде етістік қайсы? Зада қаздарын іздеді.
5. Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А. Сын - ып та
Ә. Қо - ңы - рау
Б. Ал - ға - шқы
6. Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) оқу Ә) Оқуға Б) Оқушы
Тапсырма 3. 5 - минут

2. Топтарға тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады.

І топ

1. Етістіктердің астын сыз:
- Доп, жазды, алды, дәптер, таза, әдемі, жуды, ұшты, барды.
2. Етістікке сұрақ қой?
Аспан, ту, пісірді, қар, жазды, білгір, бірінші, апарды
3. Дара, күрделі етістіктерді екі бағанға бөліп жаз:
Барды, алды, ойнап жүр, кірді, ойлап отыр, келіп тұрады, көрді, ұйықтап жатыр, салып отыр, биледі, күлді.
ІІ топ
1. Дара етістіктерді күрделі етістікке айналдырып жаз:
Ойнады -
Жазды -
Секірді -
Оқыды -
Зат есімнің астын бір рет, етістіктің астын екі рет сыз:

Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
3. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді жаз.
Оқушылар сабақта диктант..................
Алма қызық кітап...................
Берік достарымен футбол........

Сергіту сәті
Тапсырма 4. 5 - минут.
( Оқулықпен жұмыс)
1 - топ 40 жаттығу
2 - топ 41 жаттығу
Тапсырма 5. 5 - минут
Қасқыр мен тиын тақырыбына шығарма жазу
Тапсырма 6 5 - минут
Мазмұнды сызбамен жұмыс жасайды суреттерді дара және күрделі етістіктерді топтастырады.

Толық нұсқасын жүктеу
11 505
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Күрделі етістік
Күрделі етістік
Оқушыларда дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік пайда болады, білімдері жетіледі.
Дара және күрделі етістіктер
Дара және күрделі етістіктер
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Айнұр
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернатының бастауыш сынып мұғалімі Искакова Гүлзада
Етістік
Етістік
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Панфилов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Намазбаева Айнаш Джексембековна
Дара және күрделі етістіктер
Дара және күрделі етістіктер
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №3 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Наурыз Ләззат Қуанышқалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×