Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыбырый Алтынсарин «Өзен»

09 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Игілік ауылы Т. Аубакиров мектебі
Дайындаған: Мырзаева Р.

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырый Алтынсарин «Өзен»
Сабақтың мақсаты
Білімділігі: Оқушыларға «Өзен» өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. Өлеңдегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Өзеннің пайдасы, адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.
Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: жаңа білімді меңгерту, с. т. о. диалогтік, бағалау
Сабақтың көрнекілігі: Стикер, сызбалар, слайдтар
Күтілетін нәтиже: Бір - біріне, өзіне жылу сыйлайды, ынтымақтастық атмосферасын құра алады. Бұрыннан білетінін еске түсіреді, ынтасы қызығушылығы артады. топтасып өз ойларын ортаға салады, өз - өзіне сенімді болады. Бір - бірін бағалауға дағдыланады.
Сабақта қолданылатын стратегиялар
Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту әдістері: Диалогтік, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Негізгі идеялар: Туған өлкесін сүюге, еліне құрмет көрсетуге, іс - әрекеттерін жоспарлауды үйрену.
Топқа бөлу
1 - топ Абай ауылы
2 - топ Ыбырай ауылы
3 - топ Ахмет ауылы

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!

Өткенді пысықтау Миға шабуыл

1. Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?
2. «Ер еңбекте сыналады»деген сөз қай шығармада айтылған?
3. Тұңғыш ғарышкер кімнің шығармасы?
4. Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп.
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп – деген өлең шумағы кімнің өлеңінен алынған?

Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту. Әрбір оқушы білімді бар ынта - жігерімен, жүрегімен қабылдауы керек. Олай болса сендердің білімді қалай меңгеріп жүргендеріңді сынау мақсатында «Білімге деген махаббат»ойыны арқылы өткізсек. «Сөз жұмбақ» шешу.

Сөзжұмбақ
1. Гималай -........
2. Жеміс атауы -..........
3. Суда тіршілік етеді -.........
4. Жәндік -..........
5. Аспан әлемі -.........
6. Киелі құс -..........
7. Жердің беткі қабаты -.......

Ы. Алтынсарин

Тұңғыш педагог
1841 - 1889 жылдарда өмір сүрген
«Қазақ хрестоматиясын» жазған
Қостанай облысында туған
Тұңғыш мектеп ашқан
Ақын, жазушы

Ы. Алтынсарин - ақын, ағартушы, ғалым, жазушы. Алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашқан, оқулық жазған. Ы. Алтынсарин 5 жасында әке - шешесінен жетім қалып, атасы Балғожаның тәрбиесінде болады. Атасы кейін Орынборға оқуға жібереді. Сол кезде кішкентай Ыбырай атасын, әжесін сағындым деп хат жазады. Ол хатқа атасы Балғожа былай деп жауап жазыпты:
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағаллам.
Атаң мен анаң мұнда аман - есен,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Ата - анамды сағындым деп аһ ұрарсың,
Білімге көңіл бөлсең басыларсың
Білімді қатарыңнан болсаң егер,
Ата - анаңды сонда ғана асырарсың,- деген екен.

Сұрақтарға жауап бер: 1. Абай кімнің немересі?
2. Абайдың әжесі кім?
3. Абайдың қандай поэмасын білесің?
4. Қ. Р. тұңғыш президенті кім?

Қосымша ақпарат
Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі - уақты өзендер бар. Бірақ соның ішінде ұзындығы 1000 км - ден асатын 7 ірі өзендер бар. Оларды атап айтатын болсақ 1. Ертіс - 4242 км 2. Тобыл - 1600 км 3. Жайық - 2428 км 4. Есіл - 2450 км 5. Сырдария - 2212 км 6. Іле - 1400 км 7. Шу - 1186 км Өзен пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы, Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады. Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені – Тьян - Шаннан бастау алады, Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды. Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

Сергіту сәті
Отырайық жүрелеп, Өзенге қармақ салайық. Орнымыздан түрегеп, Балық аулап алайық.

Сабақты бекіту
Ы. Алтынсарин кім?
Ы. Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болған?
Атасы оны қайда оқуға жіберді?
Ақынның қандай өлеңімен таныстық?
Адам өміріндегі өзеннің пайдасы қандай?
Қазақстандағы өзен аттарын ата.

Слайдын жүктеу
9 712
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту арқылы сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету әдістерінің байланысын меңгерту, әріптестердің коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Ы. Алтынсарин «Өзен»
Өзен өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
Бөлме өсімдіктері
Бөлме өсімдіктері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы Бастауыш сынып мұғалімі Мырзаева Раушан Шахабаевна
Өзендер
Өзендер
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ География пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Ыбырай Алтынсарин «Өзен» өлеңі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №125 С. Сапарбеков атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Жаннат Шымырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×