Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күзгі табиғат

18 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Күзгі өсімдіктер (1 сынып)
Жалпы мақсаты: Күздегі өсімдіктер тіршілігінде болатын өзгерістер туралы оқушылардың түсінігін қалыптастыруға жағдай жасау
Міндеттер: Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсіндіру оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіну мүмкіндіктерін дамыту.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Табиғат пен адам тығыз байланыста, экологиялық зерттеу жүргізе отырып шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
Күтілетін нәтиже
Күздегі өсімдіктер тіршілігінде болатын өзгерістер туралы оқушылардың түсінігін қалыптасты.
Қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың маңызын түсінді, оқушылардың тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланыс жайлы ақпарат алды.
- оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
- тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу

І. Қызығушылығын ояту
Суреттерді салыстыр.
Күз мезгілі қай суретте бейнеленген?
Күз белгілерін ата.
Жаз бен күздің табиғатын салыстыр.
Күзгі табиғатты бақыла. (5 минут)

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
- оқушыларды белсене қатыстыру
- стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
- оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым - қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
- оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу
Толғаныс (рефлексия)
- сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
- жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Жаңа тақырыпты енгіздім. (15 минут)
Оқушылардың күзгі өсімдіктер көрінісін байқауы. Жапырақтың түсін анықтауы.
1. Күзде өсімдіктер тіршілігінде болған өзгеріс, жапырақтардың сарғаюы, олардың түсуі, өсімдіктердің қурай бастауы жайында әңгімелесу. Жапырақтарына, сыртқы көрінісіне қарап өсімдіктерді анықтау (ағаш, бұта, шөп). Танитын өсімдіктерінің атын атау.
2. Көзге түскен жануарлар туралы әңгімелесу. Өсімдіктердің жапырақтарын жинау.
3. Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Суретке ат қой.
Суреттерін ватманға салып қорғайды.

4. Сергіту сәті.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз. (2 минут)

ІІІ. Ой қорытынды (6 минут)
1. Күзде жапырақты өсімдіктерде қандай өзгерістер басталады?
2. Жапырақ түсу қай кезде басталады?
3. Өсімдіктерде қандай өзгерістер болады?
4. Күзгі жапырақтарды жина.
5. Бұл мезгілді неге “Алтын күз” деп атайды?

Түсті алтын жапырақ,
Ағаштан үзіліп.
Ұшты ұзақ сапарға,
Тырналар тізіліп.

Ақмола облысы, Астрахан ауданы,
Жалтыр №4 орта мектебі
Мектепалды даярлық тобының мұғалімі
Боранбаева Акбокен Социаловна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 991
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
Өсімдіктер — тірі ағзалар
өсімдіктердің негізгі сипаттамалары мен олардың тіршілік формаларын анықтау;
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Тірі, өлі табиғат туралы, денелер туралы ұғым беру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Танымдылық қабілетін дамыту. Еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×