Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Мақатаев «Әліппе»

26 қараша 2016, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Мұқағали Мақатаев «Әліппе»
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, өлеңді түсініп, манерлеп оқуға машықтандыру. Әліппе
оқулығы туралы түсінігін кеңейту.
2) Оқушылардың сөйлеу, ойлау дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорын молайтып, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Оқулық қадірін білуге, таза ұстауға, білімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, оқулық, дәптер.
Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
Психалогиялық дайындық.
Қуан, шаттан,
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін.
- Ал, балалар, әрбір күнде айтатын ұранымыз қалай еді?
Сабақтың ұраны:
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз балалар, барлығымыз.
- Жарайсыңдар балалар, біз тәуелсіз елдің ұландарымыз. Бәріміз ешкімге бағынышты емеспіз. Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да балалар, әр күн, әр таң күліп оянып, қуанышты боп жүрсек бізден бақытты адам болмайды. Міне, бізді осы бақытты күндерге жеткізген - тәуелсіздік. Биыл тәуелсіздікке 20 жыл толып отыр. Бұл жайында біздер сынып сағатында таныстық. Осы тақырыпқа орай 1 сыныптар арасында «Тәуелсіздікке - 20 жыл» атты апталық өткізіп жатыр. Ал біздің сыныпта күндегіден ерекше сабақ өтілуде. Сондықтан, бойымызды тік ұстап, оқушы ережесіне сай түзу отырайық та, бүгінгі сабаққа жақсы қатысайық.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
(4 - 5 оқушыдан сұрау)
- Жарайсыңдар балалар, ал енді осы Астана жайлы не біесіңдер?
- Астана - еліміздің бас қаласы.
- Астана - жаңарып келе жатқан жас қала.
- Астана – әсем ғимараттарға толы қала.
- Ендеше балалар, осы ғимараттарды бірге тамашалайық. Астана сөзі қандай әріптерден құралған?
А С Т А Н А
- Балалар, Астана сөзінде неше әріп бар екен, қане санайықшы.
Санауды біздер қай сабақтан үйрендік?
- Математика пәнінен.
- Сонымен барлығы неше әріп болды?
- 6 әріп.
- Енді осы 6 әріптің астында сұрақтар жасырынған, сол сұрақтарға дұрыс жауап беріп, оны аударсақ тағы бір әріп шығады.
1) А - а әріпінен басталатын сөздер айт. Ә
2) С - қазақ алфавитінде неше әріп бар? Л
3) Т - дыбыстар нешеге бөлінеді? І
4) А - қазақ тіліне тән төл әріптерді ата? П
5) Н - дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? П
6) А - Дауыссыз дыбыстар нешеу? Е
- Балалар, қандай сөз шықты?
- Әліппе.
- Ал бұл не?
- Әліппе оқулығы.
- Біз оқулықтарды қайдан аламыз?
- Кітапханадан.
- Сендер өз мектептеріңдегі кітапхананы көрдіңіздер ме? Ол кай жерде орналасқан? Кітапханашы апайдың есімі кім? Кітапханадан алған кітапты қалай ұстау керек?
- Енді оқулықтағы суретке қарайық. Осы кітапхана суретінде ерекше көзге түсіп тұрған қай кітап?
- Әліппе оқулығы.
- Мына бала да біздер сияқты әліппені аяқтап, қоштасып, кітабын тапсырып жатыр. Біздер жақында осы оқулықты тапсырып, ана тілі оқулығын аламыз.
- Балалар, біз енді осы әліппеден не үйрендік?
(Әліппенің маңызы жайлы айтып кету; әріптерді, сөйлем құрауды т. б)
- Олай болса, әріптер әлеміне барып, сергіп қайтайық.

ІІІ. Сергіту.
- Балалар, қазір мен сендерге бір әріп айтамын. Сендер тек сол әріптен басталатын сөздерден сөйлем құрауларың керек. Мысалы: «Б» Балқашта балықтар бар.
Ал сендерге берілетін әріп «Ж».
ІV. Жаңа сабақ
Балалар, бізге осы әріптерді үйреткен Әліппе оқулығы болатын. Сондықтан осы әліппе жайында да көптеген ақындарымыз өлеңдер жазған екен. Біз бүгін соның бірі М. Мақатаевтың «Әліппе» өлеңімен таныспақшымыз. Алдымен осы өлеңді жазған адаммен таныстырып кетейін.
Автормен таныстыру.

М. Мақатаев - (1931 - 1976) Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Өзінің шынайы таланты, сырға толы тұнық та мөлдір жырлары арқылы жұртшылық жүрегіне жол тапқан Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазір мен сіздерге осы ақынның өз даусымен оқыған өлеңдерін тыңдатамын. Бұл өлеңнің қазіргі сабаққа қатысы болмаса да менің мұндағы негізгі мақсатым, осы ақынның өз даусын естірту, осы ақындай мәнерлеп оқуға баулу. Енді өлеңмен таныстырайын.
Өлеңмен таныстыру.
Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу.
Сөздік жұмысы.
Тарыдай - кішкентай
Таудай - үлкен

Әліппе


Оқу, білім бастауы
Мектептің негізі
Барлық ғылым анасы
Оқулық

Өлеңді іштей, тізбектей оқыту.

VII. Дәптермен жұмыс.
- Балалар, біз осы өлеңнен не түсіндік, соны қысқаша бір ғана сөйлеммен дәптерге жазайық.
Әліппе – барлық ғылым анасы.

VIII. Шығармашылық тапсырма.
Буындардан мақал құрау.
Мек, ме, теп, ке, бі, те, лім, те, лім, ңіз.
- Балалар, қандай мақал шықты?
- Мектеп - кеме, білім - теңіз.
- Бұл мақалды қалай түсінеміз?
- Басқа қандай оқу, білім туралы мақал білесіңдер?

IX. Сабақты қорытындылау.
- Бүгін қандай өлеңмен таныстық?
- Авторы кім?
- Бар ғылымға бас болған қай кітап екен?
- Бар ғылымға бас болған әліппе оқулығын қалай ұстауымыз керек?
Осы өлеңді жаттап алыңдар.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Таушық ауылы
Шахта орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Аханова Назгул Жанбырбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 927
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
М. Дулатов Шешенің балаларын сүюі!
Жаңа сабақпен танысу; оқушыларға өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, түсініп дұрыс оқуға, қорытынды шығаруға машықтандыру. Отбасы ата - анаға деген сүйіспеншілік құрметтерін еске түсіндіру.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
Менің тәуелсіз – Қазақстаным
ҚР рәміздері туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Тәуелсіздік жайлы балалардың ойларын дамыту арқылы Отанымызды қорғайтын азаматтар тәрбиелеу.
Әліппе, саған мың алғыс
Әліппе, саған мың алғыс
Атырау облысы, Махамбет ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Иманғалиева Раушан Хамидоллақызы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына.  Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына. Мұқағали Мақатаев Отан туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Каратаева Майя Исимкуловна
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×