Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тілдер күніне арналған «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық ойын

28 қараша 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тілдер күніне арналған «Ойлы болсаң, озып көр» интеллектуалдық ойын
Мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130 - дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал мектеп білім үйіміз.

Көшкінбай Айару
Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Бақдаулет
Ал екінші бақытым – Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Ерназар
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

Баққали
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді:
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді.
Рысбек
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.

Абылай
Қазақ тілім – ұраным,
Қазақ тілім – құралым,
Қазақ тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.

Мейрамбек
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Бақытжан
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.

Ұлбосын:
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген ана тіл талай ұлға.
Қасиетті сол тілдің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.
Ана тілім, күмбірле сарайымда!

Нұртілек:
Дорогие учителя и ученики и гости! Поздравляем вас с праздником «День языков». Давайте уважать и изучать кроме родного языка русский и англииский язык!
Айбар:
I wish you good health and success in your job.
East and west, home is best.

Мұғалім:
Welcome to our open lesson pupils and teachers! I congratulate you with “Language holiday”.
Let’s start our open lesson!
You must know foreign languages but you must respect own languages!
Енді «Ойлы болсаң, озып көр» сайысын бастайық.
Представляем членов жюри.

1. Сайлауов Сейіткерім - оқу ісінің орынбасары.
2. Оразымбетов Бақытжан - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
3. Қалмұратова Роза - әдістеме бірлестігінің жетекшісі.
Топтар өздерін таныстырады:
І топ «Сарғалдақ»,
ІІ топ «Қызғалдақ».
Бірінші кезең «Сөз тапқанға».
Қазір сіздер әріптер аласыздар. Әр топқа сұрақ қойылады. Сұрақтың жауабы қолдарыңыздағы әріптен басталуы керек. Жауап шапшаң болуы тиіс.

І топ сұрақтары. С, Қ, Ә, М, К, А
1. Бүгін қандай күн? (Сәрсенбі)
2. Сіздер қайда тұрасыздар? (Қазақстанда)
3. Еліміздің туының түсі қандай? (Көк)
4. Ауыз екі тіл дегеніміз не?(Бірін - бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым - қатынасы, әңгімелесуі)

ІІ топ сұрақтары. Н, Т, Д, Е, М, Қ
1. Президентіміздің фамилиясы кім? (Назарбаев)
2. Еліміз жер көлемі жағынан нешінші орында тұрады? (9)
3. Сөйлеу дегеніміз не? (Сөйлеу - тіл арқылы жүзеге асады.)
4. Сіздерге қай пән ұнайды?

Екінші кезең: «Сөз тап, тез тап»
«Білімпаздар» сөзі беріледі. Бұл сөзден 1 минутта бірнеше сөз құрау.
Үшінші кезең
«Сен білесің бе?» Интербелсенді тақтада тест сұрақтар жасырылған. Әр жауап 5 балмен есептеледі.

Төртінші кезең
«Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек, ал
ата - аналар бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс.
І топ «Сарғалдақ» берілген сөздер: аю, ұшақ, айна, қоңырау, мысық, гүл.
ІІ топ «Қызғалдақ» берілген сөздер: үзіліс, қоян, сабақ, қолшатыр, ұялы телефон,
Ән: «Ана тілі» Бауыржан Нұрәли
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
2 981
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үш бақытым
Үш бақытым
Оқушыларға өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға үйрете отырып, ана тілімізді құрметтеу керек екендігін түсіндіру. Баланың сөз байлығын дамыта отырып, тіліміздің сөз мағыналарының түрлілігіне көңіл аударту.
22 қыркүйек Тілдер күніне арналған шара
22 қыркүйек Тілдер күніне арналған шара
22 қыркүйек Тілдер күніне арналған шара «Бір шаңырақ астында» Мен қазақпын қаныммен, сүйегіммен, Сән - салтанат, салтымды сүйемін мен. Бақ орнатам басыма, ел - жұртыма, Мұрагермін оған да иемін мен.
Ертеңгі бақытты болашақ!
Ертеңгі бақытты болашақ!
Отанды қорғауға, құрметтеуге, ана сүтімен дарығын қасиетті ана тілін сүюге, қастерлеуге, үлкенді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Жаса, жайна Қазақстан!
Жаса, жайна Қазақстан!
Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауылы, М. Бегалиева атындағы жалпы білім беретін орта мектебі Байболова Сағадат Саржанқызы
Қазақстан - біздің Отанымыз
Қазақстан - біздің Отанымыз
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, №7 орта мектеп Айнура Жармуханбетова
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×