Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев

28 қараша 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы – Абай Құнанбаев, оның өмірі, шығармашылығы, атап айтқанда өлеңдеріне, поэмаларына, қара сөздеріне, оның көркем жазбаларына талдау жасай отырып, Абай гуманизмі, оның суреткерлік шеберлігі таныстыра отырып, оқушыларды дана Абайды оқуға шақыру.
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, тіл байлығын,, сөздік қорын, танымдылығын, сөздік қорын, ой – өрісін, ойлау қабілеттерін дарыта отырып, шығармашылыққа жетелеу, шығармашылық қиялының ұшталуына мүмкіндік беру.
ІІІ Тәрбиелігі: Ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерден өз бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру. Сондай - ақ, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достыққа, елдікке, сыйластық пен бірлікке тәрбиелей отырып, білімпаздыққа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау - жинақтау, пікір – талас.
Көрнекілігі: қосымша материалдар, маркет, плакат, интерактивті тақта, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер және т. б.
Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан - жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Оқышы дана Абайды. С. Тойлыбаев
Қызығушылықты ояту.
- Абай Құнанбаев кім?
- Оның қандай өлеңдерін білеміз?

І V. Мағынаны ашу.
Тізбектей оқу технологиясы пайдалану арқылы өлеңмен жұмыс.
1. Ақын дана Абайды қандай сөздермен сипаттаған?
2. Абайдың ақындығымен қатар, тағы қандай өнері болған?
3. Абайдың қандай әндерін білесің?
4. Абайдың қанша өлеңдерін білесің? (Абай оқулығын ұйымдастыру. )

V. Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық!

VІ. Ой толғау. (Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру, Абайды тануға септігін тигізу).
• Абай – ағартушы. Оның оқу – білім, ғылым туралы өлеңдері ұшаң – теңіз.
«Ғылым таппай мақтанба», «Адам болам, десеңіз», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» және т. б.
• «Абай жолы» Мұхтар Әуезов.
• Табиғат лирикасына арналған өлеңдері. Олар: «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым», «Жаз» және т. б.
• Әндері: «Көзімнің қарасы», «Қаламқас», «Жарқ, етпес, қара көңілім», «елсіз түнде жарық ай» және т. б.
• Абайдың 45 қара сөзі бар.
• Абай Лермонтов, Пушкин, Крылов, Бунин, Полонский, поляктың Мицкевич, ағылшынның Байрон, немістің Гете шығармаларын қазақ тіліне аударған.
«Оқимын мен де Абайды» тақырыбына өлең шумағын құрастыру.

VІІ. Үй тапсырмасы: 51 бет өлеңді жаттау. Абай Құнанбаевтың шығармашылығы мен өмірімен танысу, қосымша мәліметтер әкелу.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.
2 598
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы.
Оқушыны тік төртбұрыштың (шаршының) периметі мен ауданын табу бойынша пысықтау.
Дара және күрделі сын есім
Дара және күрделі сын есім
Оқушылардың есте сақтау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылығын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, өз ойын толық жеткізе білуге үйрете отырып, әрбір оқушының жеке даралығын дамыту, тәрбиелеу.
Абайға арнау
Абайға арнау
Өр рухты, дана тұлға, дара Абайым, Дәл сіздей тау тұлғадан айналайын Сіздей ешкім түсінбес қазақ халқын Дәріптейік ұлы Абайды ау ағайын!
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Абай Құнанбаев – қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Ақмола облысы, Аршалы ауданы, №3 Аршалы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айкынбаева Мадина Мураткызы
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Ұзындық және оның өлшем бірліктері
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгіт ауылы, Төлеңгіт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тюлекова Раушан Андрейқызы
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
АБАЙ - ДАРА, АБАЙ-ДАНА КАЗАКТА
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. (1845-1904) Абай қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, оның алғашқы классигі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×