Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Буын үндестігі

11 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
№234 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Жомартова Қарлығаш

Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың реті: Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Буын үндестігі жайлы жалпы түсінік. Оқушыларға жалпылай түсіндіру.
2. Тәрбиелілік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және бойына жақсы тәрбиелік маңызы зор қасиеттер беріп тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушының өзінің ойын жасырмай анық дәлме-дәл жеткізе білуге дамыту.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой бөлісу.
Сабақтың тәсілі: сұрақ-жауап, сөзжұмбақтар шешу.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу рәсімі: Сәлеметсіздер ме оқушылар!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын тексеру, бақылау, бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақты сұрау.
Сұрақтар қою арқылы өткен білімдерді еске түсіру, пікірлесу.
- Буын үндестігі дегеніміз не?
Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі деп атаймыз.

- Мысалдар келтіру арқылы дәлелде.
Қазақ тілінде сөздерге қосымшалар не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып жалғанады. Мұны мына мысалдар арқылы көруге болады.
Қосымшалардың жуан түрде жалғануы Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы
Жұмыс-шы-лар-ға
Қуаныш-та-рың-ды
Ақыл-ды-лық-қа
Еңбек-ші-лер-ге
Сү-йін-іш-те-рің-ді
Ес-ті-лік-ке

Оқулықпен жұмыс
14-жаттығу
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағаның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бағаның сол жағына көшіріп жаз.
Әнші, батырлық, жұмысшы, көрермендер, жолдастар, күздік, өзендер, балалық, жүзім, ағаш.

16-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз.
1) Тәкежан Әбіштің сөзі тыңдалған жоқ. 2)Барғысы келмеген әкемді нағашым еріксіз әкетті. 3) Мейрам шахтаға кетті. 4) Батырлық майданда сыналады(мақал).
• Жуан дауыстылардың астын бір сыз, бірыңғай жіңішке дауыстылардың астын екі сыз.

Сергіту сәті.
(Күйші)
Салыстыру кестесін жасау.
Баяғыда буын үндестігі деген бір адам өмір сүріпті. Оның жуан және жіңішке деген егіз баласы болыпты. Егіз балдары өте ақылды болыпты. Бір-бірімен өте сыйластықта бір-біріне көмектесіп отырады екен. Олардың көп балалары бар екен. Қанекей оқушылар біз жуан мен жіңішкенің балдарын алма ағашына тізіп шығайық.

Алма ағашын пайдаланып жуан және жіңішке сөздерді екі алма ағашына тізу.
Берілген сөздер: Қуанышты, көңілді, қайратты, әділетті, ақылды, көрікті, байсалды, мейірімді, парасатты, тәрбиелі

22-жаттығу.
Әсемпаз, өнерпаз, дәріхана, емхана, арбакеш, әуесқой, сәнқой, бокске, парктен, цехта.
• Қарамен жазылған сөздерге сөйлем құрау.
Біздің Самат өнерпаз бала.
Атам арбакешке мініп алып, ауылды аралап шықты.
Біздің сыныпта Раушан әуесқой әнші.
Балдар бокске барғанды жақсы көреді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.
Жұмыс (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)
Еңбек (соңғы буыны қалай үндесіп тұр?)
1. Буын үндестігі дегеніміз не?
2. Сіз оны қалай түсінесіз?

V. Қорытындылау.
Үй тапсырмасы.
15-жаттығу.
Өлеңді оқып, жатқа жаз.
Нан анасы – бидаймын,
Ырзықты елге сыйласпын.
Дәнім толып, піскенде,
Қауызыма сыймаспын.
(Әбдібай Тобилдиев)
• Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айт.
VI. Бағалау.
41 198
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі туралы түсінік беру, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Буын үндестігі жайлы оқушыларға жалпылай түсіндіру. Оқушылардың буын үндестігі туралы білімін арттыру; Сөздер бірде жуан, бірде жіңішке айтылу ерекшеліктеріне басты назар аударту.
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер
Қазақ тілінен ережелер. Айтқан кезде созуға келмейтін дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады.
Үндестік заңы, буын үндестігі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Үндестік заңы, буын үндестігі (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Қазақ тілінің дыбыстары сөз ішінде және сөз бен қосымшаның, сөз бен сөздің арасында бірімен – бірі үйлесіп, ыңғайласып келіп отырады. Түбір буынның жуан не жіңішкелігіне қарай қосымшаның дыбыстары да жуан не жіңішке болып айтылып тұрады.
Буын үндестігі
Буын үндестігі
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы, Б. Сырттанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Салтанат Нүрекеқызы
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×