Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өрнек 10 - а

04 желтоқсан 2016, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Өрнек 10 - а
Білімділік: Әріпті өрнектердің мәнін таба білуге, амалдарды орындауға қалыптастыру. Есептің шартына байланысты сұрақтар қоя білуге, шешуін табуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жылдам есептей білу қабілеттерін арттыру, нығайту.
Тәрбиелік: Оқып, білім алуға талпынуға, ізденімпаздыққа баулу. Еліміздің көркейіп, дамуына үлесін қосатын, білімді азаматтар болуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекі құралдары: компьютер, ақша, қима қағаздар, үйдің бөлшектері т. б.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс: Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- оқушылармен амандасу
- оқушыларды түгендеу
- оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- № 5 есеп
Әр суреттегі фигура қабырғаларының ұзындықтарын өлше.
- Қандай фигуралар берілген?
- Шаршы және тіктөртбұрыш
- Шаршы см, тіктөртбұрыш см.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
(өткенді пысықтау)
Семантикалық карта

IV. Жаңа сабақты игерту.
Психологиялық дайындық.
- Балалар бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтеді. Геометриялық фигуралардан үй құрастырамыз әрбіріміз жеке – жеке. Үй тұрғызу үшін бізге не қажет болады?
- Шатыр, терезе, есік т. б
- Оларды сатып алу үшін не қажет?
- Ақша
- Мен сіздерге ақша беремін, жәй ғана ақша емес артында тапсырмасы бар. Егер тапсырманы дұрыс шығарсаңыздар қажет затыңызды сатып ала аласыз.

Геометриялық фигураларды көрсетіп, оқушылардан бұл фигуралардың неге ұқсайтыны туралы сұрау.
Мысалы: дөңгелек күнге, басқа ұқсайды т. б

Бүгінгі сабақтың тақырыбы:
«Өрнек а – 10»
(оқушылар дәптерлеріне жазады)
Мұғалім:
- Балалар қандай өрнекті білесіздер.
- Әріпті және санды өрнек
Әріпті өрнек пен санды өрнекті жазады. 4 + 6, 10 – а
- Балалар 10 – а бұл санды өрнек пе әлде әріпті өрнек пе?
- Әріпті өрнек
- Әріпті өрнектің мәнін таба аламыз ба?
- Жоқ
- Жақсы балалар, дұрыс! Ал әріпті өрнекті санды өрнекке айналдыру үшін не істеу керек?
- а - ның орнына сандарды қоямыз.
- 10 – а өрнегінде қандай таңба?
- Азайту.
Азайтудың компоненттерін атаңдар.
Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.
Азайғыш 10, азайтқыштың орнында белгісіз а әріп.
Белгісіз санның орнына сандарды қойып, әріпті өрнекті санды өрнекке айналдырып мәнін табамыз.

1 – тапсырма. Іргетас – 10 000 тг
Көркем жазу. 10 саны

2 – тапсырма. Үйдің қабырғасы – 5000 тг
Кестені толтыр:

3 – тапсырма. Шатыр – 2000 тг
а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а-ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Есепте.
а+1
а = 1
1 + 1 = 2
а = 2
2 + 1 = 3
4 – тапсырма. Есік – 1000 тг
Есепті шығар.
Аулада 6 қарағай және 4 қайың өсіп тұр. Аулада неше ағаш өсіп тұр?
Шешуі: 6+4=10
Жауабы: 10 ағаш
(Оқушылар есепті оқып талдайды, шартын құрып, шешуін табады, есепті шығарады.)
Сергіту сәті.
Видео ролик арқылы.
5 – тапсырма. Терезе – 500 тг
Сандар құрамын көрсет.

6 – тапсырма. Мұржа – 200 тг
Логикалық тапсырмалар
Ағашта 4 құс отыр, 2 торғай, қалғаны қарға. неше қарға отыр? - 2 –
2. Терезеде үш жасыл қызанақ жатыр еді, бір күннен кейін олар қызарды. неше жасыл қызанақ қалды?
3. Сен, мен және біз. Нешеуміз?
4. Аслан 4 жаста, Дариға 9 жаста. Кім үлкен, кім кіші?

V. Жаңа сабақты қорытындылау.
Егер сабақ ұнады өзіме көп нәрсе түйдім десеңіз чемоданға
Сабаққа әлі де өзгертулер енгізу керек, түсініңкіремедім десеңіз ет тартқышқа
Сабақ мүлдем ұнамаса қоқыс жәшігіне стикерімізді апарамыз.

VI. Үйге тапсырма беру.
Үйге тапсырма жасыл қоршау. Есептеу арқылы мәреге жету.
VII. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
1 802
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық фигураларды кескіндеу
Геометриялық фигураларды кескіндеу
Геометриялық фигураларды кескіндеу - тақырыбымен таныстыру. Тақырып бойынша тапсырмалар орындату барысында оқушылардың танымдық, іздемпаздық қабілеттерін дамыту. Шапшаң есептей алуға баулу.
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды өрнектер. Әріпті өрнектер
Санды, әріпті өрнектердің мәнін таба білу, есептердің шарты бойынша өрнек құра білуге үйрету.
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипед оның көлемі
Тік бұрышты параллелепипедтің, текшенің көлемін есептей білуге дағдыландыру, әртүрлі есептер шығару арқылы оқушы білімін шыңдау, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Санның дәрежесін табуға дағдыландыру.
Өрнек 10 - а
Өрнек 10 - а
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №2 жалпы білім беру орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Медетбаева Алтынкуль Мыктыбаевна
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Шаршы салу және периметрін табу
Шаршы салу және периметрін табу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аманғалиева Бибінұр Ерсайынқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×