Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен мақтан етер елбасы

08 желтоқсан 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Болашақ ұландарды, жас қырандарды елін сүйер, кең байтақ жерін сүйер тұлға қалыптастыру.
Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, жетістіктерінен азғана мәлімет беру.

1 - желтоқсан тұңғыш президент күні
Тақырыбы:
Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, сөзжұмбақ, әнұран, т. б.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар! Бүгінгі ашық сабақ Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Балалар, біз алғаш Елбасы күнін атап өткелі жатырмыз.
Бүгінгі ашық сабағымызды әнұранмен ашайық.
Әнұран айтылады.
_________________
Туған жердің жайқалған алқабы егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың - құздары.
Анасындай туған ел қамқор болып,
Тербетеді құшақтап ұл - қыздарын
Әсем сазы басталған таза ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ, аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.

Гүлім:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 - шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Мектепте жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата - анасын қатты құрмет тұтты.

Е. Ерасыл:
Отбасылық жағдайына келетін болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жұбайы – Сара Алпысқызы. Олардың 3 қызы бар: Дариға, Динара, Әлия.
1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Әмина:
1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», - дейді қазақ халқы. Кез - келген халықтың өз таңбасы болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мемлекеттік құжаттарға қойылады.
Елтаңбаның авторлары – халқымыздың танымал ұлдары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота - Аман Уәлиханов.

Альфараби
Шаңырақ – Отан отбасынан басталады. Ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар – үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ – арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

Аяна:
Мемлекеттік Ту - 1992 жылы 4 - маусымда қабылданып, 6 - маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы - 2 метр, ені - 1метр. Жалаудың жобасын жасаған – суретші Шәкен Ниязбеков.

«Қазақстан» әні.
______________
1 - желтоқсан еліміз үшін мереке күні болып есептеледі. Өйткені бұл күн «Тұңғыш президент күні». Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті. 1991 жылы 1 - желтоқсанда халық өз таңдауымен Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты президент етіп сайлады. Ал, 10 – шы Желтоқсаннан бастап президент өз қызметін бастады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 432
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елбасым – мақтанышым
Елбасым – мақтанышым
Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевты құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Менің Президентім
Менің Президентім
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне сценарий
1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне сценарий
Бар әлемге шын танылдық міне, біз, Елін сүйген Елбасы деп білеміз. Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Менің тұңғыш Президентім!
Менің тұңғыш Президентім!
Бастауыш сынып мұғалімі: Матина Жанар Ескендровна
Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!
Бір Отан, бір тағдыр, бір Елбасы!
Б. Момышұлы атындағы № 12 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қосжанова Меруерт Мүсілімханқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×