Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған - туысқандар

14 желтоқсан 2012, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау облысы, Исатай ауданы,
Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ақтаева Жанна Тұрланқызы

Сабақ жоспары:
Сабақ тақырыбы: Туған - туысқандар

Мақсаты: а) Қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына
сіңіру. Олардың тек өз ата - анасын, бауырларын біліп қана қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа, нағашы және қайын жұрты болатындығын ұғындыру.
ә) Олардың туыстық жақындығын жеке түсіндіру арқылы туыстарға деген қарым – қатынасты дамытуға, оқушылардың ой – өрісінің дамуына жағдай жасау.
б) Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, физикалық карта, асықтар, конверттер.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру.
- Құрметті қонақтар бүгін біз сабағымызда «Алтын сақа» ойынын ойнай отырып өткізбекшіміз. Құрметті көрермендер мен ойынға қатысушы балалар! Менің қолымдағы сұрақтарға жауап бере отырып, «Табалдырықтан» аттап күймелерден орын алайық. Дайындалған сұрақтар үй тапсырмасына байланысты.

ІІ. Өткенді пысықтау.
1. Отбасы «шағын қоғам» деп неге айтамыз?
2. «Отбасының басшысы» дегенді қалай түсінесің?
3. Туған – туыспен қарым - қатынасты қалай түсінесің?
4. Өз отбасыңа қандай көмек бересің?

Көрермендер ретінде қалатын оқушыларға мәтіннің мазмұнын айтқызу. Табалдырықтың сұрағына жауап береді. Енді қол соғып әудем жерге шақырайық.

ІІІ. Жаңа сабақ.
«Әудем жер» тапсырмалары.
1. Ата – анаға көмекші: баласы, қызы, немересі, келіні, қарындасы, інісі, бауыры.
2. Ата - анаға басшы: кенже ұл немесе бағатын баласы, қызы.
3. Ортақ қасиеті: адам.

Жеті атаны айт?
Ата – әке – немере – шөбере – шөпшек – немене – туажат (жекжат, жүрежат)

«Ана» туралы шағын әңгіме құрастыру.
- Уақыт өте келе осы отбасындағы адамдардың жақындығы қалай өзгереді. Иә, олар бір - бірімен туған – туысқандарға айналады. Ендеше, балалар, «Туған – туысқандар» деген мәтінмен танысамыз. (өз бетінше іштей оқыту, әр топ дауыстап оқиды).

Сөздік жұмыс:
Жиен нағашы жұрқа сен жиенсің, себебі ол сол елдің қызынан туылдың. Бажа - апалы – сіңілілі немесе туыстас қыздарға үйленген жігіттер бір - біріне бажа болады. Жезде – сенің апаңның күйеуі саған жезде.
Әр топ түсінгенін айтады.
Мазмұнын қысқаша түсіндіру.

«Қозы - көш» тапсырмалары.
1. Жігіт адамның неше жұрты бар, оларды ата?
2. Өз жұрты дегенді қалай түсінесің? Оған кімдер кіреді?
3. Нағашы жұрт дегенді қалай түсінесің?

«Беласар» тапсырмалары.

1. Жиен, жиеншар деп кімді айтады?
2. Бөле деген кім? Сенің бөлең бар ма?

«Жолайырық» тапсырмасы.
1. Құда, құдағи, құдаша, құда бала деп кімдерді айтамыз?
Әр топтың тапсырмасы.
1. Туыстық туралы мақал айту.
2. Рафт әдісі. «Адамға хат жазу»
3. Аңыз әңгімеден көрініс.
4. Туған – туысқандарға қатысты атауларды топтау.

Жаңа сабақты қорыту.
1. Оның шешесі – менің апам. Сонда ол маған қандай туыс? (жиен)
2. Оның әкесі - менің нағашым. Сонда мен оған қандай туыспын? (жиен)
3. Ол екеуміздің аналарымыз бірге туған, біз қандай туыспыз? (бөле)
4. Оның ағасы маған жезде, мен оған кім болам? (құдаша)
5. Ол бізге күйеу бала, біз оған кім боламыз? (қайын апа, қайын аға)

Бүгін біз не туралы білдік? Қандай туыстық атауларды білдік?

Оқушылардың білімін бағалау.
Үй тапсырмасы. Мәтінді оқу, жеті атаны толық білу, өз аталары туралы шежіре құрастыру.
15 985
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Сыйластыққа себеп көп. Туған – туысқандар.
Қазақ халқының әдет - ғұрпын сақтауға, үлкенді, кішіні сыйлауға, қонақжайлыққа, еңбекқорлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Қоғамдағы тума – туыстың атқаратын орнымен, олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Тума – туыс атауларымен таныстыру.
Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар
Отбасылық дәстүрлер. Туыстық қатынастар
Қазақтың әдет – ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру. Олардың тек өз ата - анасын, бауырларын біліп қана қоймай, жігіт адамның өз жұртынан басқа, нағашы және қайын жұрты болатындығын ұғындыру.
Туған - туысқандар
Туған - туысқандар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Үстірт орат мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жалыханова Айша Айұзаққызы
Туған-туысқандар
Туған-туысқандар
Атырау қаласы. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шудабаева Гульбаршин Кенжегаликызы
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×