Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақал - сөздің мәйегі

26 қаңтар 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Мақал - сөздің мәйегі»
Ашық тәрбие сағаты
Класы: 1 класс
Мақсаты: топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету, қатысушылардың шеберліктерін, ой - өрісінің қызығушылығын дамыту.
Балаларды ұйымшыл болуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Құрылымы: Ойынға 6 баладан құралған 3 топ қатысады. Қатысушылар саны - 18. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Топтар әр кезеңнің қорытындысы бойынша өз ұпай сандарын шығарады. Барлық айналымнан кейін барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

Шаттық шеңбері.
Балалар біздің көңіміздің кілті біздің езуімізде. Әрдайым күліп жан жағымызға күлкі сыйлайық! Олай болса балалар күлкі сыйлайық!
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ шытып не керек,
Көңілді болып жүрейік!
Мұғалім.
Жақсы болу өзіңнен,
Жаман болу өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла,- дей отырып, бүгінгі «Мақал - сөздің мәйегі» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі ойынымыз өте ерекше. Өйткені біздерге ұстаздарымыз қонақ болып келіп отыр және біздер командамен жұмыс істеуміз керек. Біз қазақ қашанда сөзге тоқтаған елміз. Ал, «Сөз мәйегі - мақал» деседі. Ендеше, оқушылар мақал - мәтел жарысын өткізелік.
Ережелерді естен шығармайық.
Командалар орындарына отырады. 0йын шартын тыңдайды. Біздің ойынымыз мақал - мәтелдерден, жұмбақтардан және логикалық сұрақтардан тұрады. Сұрақтарды мұқият тыңдап топпен ақылдасып жауап беру керек. Әрбір жауапқа әр команда 1 мақал - мәтел алады. Қай топтың мақал - мәтелі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады. Жауап дайын болған кезде белгі береді. Жылдам жауап берген топ ұпай алады.
Бірінші айналымның аты – «ойлан да, аяқта»
Бірінші айналымда топтарға аяқталмаған мақал - мәтелдерді аяқтау.

«Ойшылдар» тобына:
▪ Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
▪ Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
▪ Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
▪ Ақыл азбайды, білім тозбайды.
▪ Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

«Білімпаздар» тобына:
▪ Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек.
▪ Өнер алды қызыл тіл.
▪ Туған жердің күні де, түні де ыстық.
▪ Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер.
▪ Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы.

«Талаптылар» тобына:
▪ Еңбек етсең емерсің.
▪ Бірлік болмай, тірлік болмас
▪ Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
▪ Ел іші алтын бесік
▪ Көп сөз - көмір, аз сөз – алтын.
Екінші кезеңнің аты - «Кім көп біледі?»
Әр топтың топ басшысы мақал - мәтелдің тақырыбын таңдайды. Әр топ өзінің тақырыбына сай мақал - мәтелдер жазады.(Отан, еңбек, достық )
Сергіту сәтін жасау.
Үшінші кезеңнің аты - «Суретті сөзжұмбақ шешу»

Суретті сөзжұмбақтар интерактивті тақтада көрініп тұрады. Бұл суретті сөзжұмбақтарды топ қатысушылары шешу керек.

Төртінші кезең «Жасырдым жұмбақ» деп аталады.
Сайыскерлеріміз бұл кезеңде жұмбақтың шешімін қазақ және орыс тілдерінде жауап беріп, оның жауабына мақал - мәтел құрайды.
1. Қабат - қабат қаптама
Ақылды болсаң аттама (кітап, книга)
2. Мінсең көлік,
Жесең тамақ (ат, конь)
3. Орғыған қорқақ, өзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді. (қоян, заяц)
4. Жылт - жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су, вода)
5. Қара түсті қарқылдақ,
Ұшып - қонып жалпылдап,
Қоқыстарды шоқитын,
Қандай құс күн бойы,
Жем іздейтін там - тұмдап? (қарға, варона)
6. Көл бетінде қалқиды,
Мақта сынды үйілген.
Үні әсем сан қилы,
Мойны садақ иілген.
Мамығын ол тарайды,
Маңғаздана қарайды.
Бұл қандай құс,
Айтшы сен,
Таңдандырған талайды? (аққу, лебедь)

Бесінші кезең «біліміңді мықта».
Қисын - логикалық есептер:
«Ойшылдар» тобына
• Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг, ал 2 аяғымен тұрса, оның салмағы қанша болады.
• Бір жанұяның 5 баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар, жанұяда қанша бала бар?
• Сенбіден кейін екі күннен кейін қай күн келеді?
• Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді. Бір ат неше шақырым жүрді
• Сағат түнгі 10 - да жаңбыр жауып тұр, 24 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе?
Жауаптары:
1.(3 кг)
2.(6 бала)
3.(дүйсенбі)
4.(40 шақырым)
5.(жоқ, 24сағ – 1 сөтке, ол кезде түн болады)

«Білімпаздар» тобына:
• Бір айда бес жексенбі бола ма?
• Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше килограмм?
• Күн көзі жылына неше рет шығады?
• Үш қыз бір сыныпта оқиды. Айгүл, Әсем, Әлия. Айгүл Әсемнен үлкен, Әсем Әлиядан үлкен. Кім сонда үлкені?
• Алманың жартысы неге ұқсас?
Жауаптары:
1.(жоқ, 1айда 35 күн болмайды)
2.(200 кг)
3.(365 - 366 рет)
4.(Айгүл)
5.(екінші жартысына)

«Талаптылар» тобына:
• Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп тастасақ неше бұрыш қалады?
• Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, екі жұмыртқа неше минутта піседі?
• Күн мен түн неге аяқталады?
• Жолда үш велосипедші жарысып келеді. Алдынан қарағай шықты. Ол қарағайда 4 алма бар. Оны велосипедшілер қалай бөліп алады?
• Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
Жауаптары:
1.(5 бұрыш)
2.(4 минут)
3.(н әріпіне)
4.(қарағайда алма өспейді)
5.(1 адам)

Қорытынды:
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей отыра, осымен біздің «мақал сөздің – мәйегі» атты сайысымыз аяқталды. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындылай отырып, келесі сөз кезегі әділ қазыларға беріледі.
«Мақал сөздің – мәйегі» сайысы аяқталды.

Ақтөбе облысы,
Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
№ 1 Мәртөк орта мектебі.
Бастауыш сынып мұғалімі: Зулкакова Баян Тулегеновна
4 415
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Балаларға жақсылық пен жамандықты ажырата білуге, бір - бірімен достық қарым - қатынаста болуға, үлкендерге құрмет, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Жылы жүрек - жақсы тілек
Жылы жүрек - жақсы тілек
Семей қаласы. Приречное ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі Шакенова Карлығаш Кабыкеновна
Әдептілік - әдемілік
Әдептілік - әдемілік
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Кереева Жанылша Курамысовна
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Екібастұз, №23 « Балауса» мектепке дейінгі гимназия Тәрбиешісі: Абдинова Үміт Даутқызы
Жақсылық жасай білейік
Жақсылық жасай білейік
Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-біріне жақсылық жасай білуге және қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге, ой-өрісі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×