Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түбір мен қосымша

14 ақпан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Мақсаты:
Білімділігі: Сөз құрамын таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту.
Тәрбиелігі: Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сабақтың типі: Оқушыларға жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тест, карточка, дидактикалық материалдар, кеспе сөздер, куб.
Әдіс - тәсілі: Топтастыру әдісі, кубизм әдісі, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, сұрақ - жауап.

Барысы:
І. Ұйымдастыру. Сыныпты сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 273 - жаттығу.
- Сөз құрамы неден тұрады?
- Түбір дегеніміз не? Мысал келтір.
- Қосымша дегеніміз не? Неше түрі бар? Ата.
ІІІ. Өткенді қайталау. Тест.
«5» - қате жоқ
«4» - 1 қате
«3» - 2 - 3қате
«2» - 4 немесе одан көп

ІҮ. Мақсат қою. Бүгінгі тақырыбымыз «Түбір мен қосымша»
Ү. Жаңа сабақ. Күннің жадын жазу.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады? Қазақстан.
- Қазақстанда неше облыс бар? (14)
- Біз қай облыста, қай қалада тұрамыз?
- Ал, сендер қай қалада көмір (қара алтын) өндірілетінін білесіңдер ме? Қарағанды.

Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. Қарағанды
Оқулықпен жұмыс.
277 - жаттығу. Ауызша. Мәтінді оқы. Сөйлемдегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат. (Оқып, талдау).
- Қарағанды Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан? (Картадан көрсету)
Қарағанды туралы мәлімет беру.
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтінге ат қою.
- Неше түрге бөлінеді?
- Бұл мәтіннің қай түріне жатады? Неліктен?

278 - жаттығу. Кестені толықтыр. Әр бағанға не жазғаныңды түсіндір. (Карточкамен жұмыс)

Оқушыға оқыту.
279 - жаттығу. Тақтамен жұмыс. Топтастыру стратегиясы
Қалада, дала, іс, жазғы, орындық, түн, көлшік, қобыз.
- Түбір мен қосымшасын ажырату.
- Қосымшаның қай түріне жатады?
Ереже. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша жуан, жіңішке болса жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Сергіту сәті.
- Ең кіші ондық? 10
10 неше таңбалы сан? (2 таңбалы, 1онд., жұп сан)
- Киелі құс? Аққу
Аққуға сипаттама беру.
- Қызғалдақ, раушан, бақбақ бұлар -...? Гүлдер
- Біздің қаламызда қандай гүлдер өседі?
«Гүлдер» сөзінің түбірі? Гүл
- Киіз үйдің кереге басы мен шаңырақты қосып тұратын бөлігі? Уық
Киіз үйдің басқа қандай бөліктерін білеміз?
280 - жаттығу. Ребусты шеш. Сөз құрамына талда. Неше буыннан құралған?
Қандай буын түріне жатады? (2а. б., 1б. б.)
- Оқулық сөзіне мағыналас сөз? Кітап.
- кітап – книга - book

Шығармашылық тапсырма.
1 - топ. «Оқулық» сөзіне сөйлем құрау(хабарлы, сұраулы, лепті)
2 - топ. «Оқулық» сөзіне байланысты мақал - мәтел, жұмбақтар, өлеңдер айту.
3 - топ. «Оқулық» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

ҮІ. Бекіту. Кубизм әдісі.
1. Түбір сөзді тап.
Балалық, күй, құрылысшы
2. Қосымшаның неше түрі бар? Ата.
3. Сөз құрамы неден тұрады?
4. Түбірге жалғанатын бөлік... аталады.
5. Қосымшалы сөзді тап.
Дала, шар, қалада
6. Қарағанды туралы не білесің?

ҮІІ. Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтан не білдік?
ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. 281 - жаттығу.
Бағалау.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Хасанова Меруерт Отегенқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 605
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Жұрнақ пен жалғау
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сөз және оның құрамы
Сөз және оның құрамы
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Жаңа жол ауылы, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Мейрамкул Елемесқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×