Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сын есім

10 наурыз 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сын есім
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға сын есім туралы жалпы түсінік беру.
2. Шығармашылық деңгейдегі жаттығу жұмысын орындау арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту. Көркем жазу арқылы әсемдікке баулу.
3. Зеректікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, суреттер, видеопроектор, слайд.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең - еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
- Ендеше, балалар, еңбектеніп білім аламыз. Білім арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жаттығуды оқыту.

ІІІ. Өткенді қайталау. Сұрақ - жауап:
• Етістік дегеніміз не?
• Сұрақтарын ата.
• Етістіктің түрлерін ата.
• Негізгі етістік дегеніміз не?
• Туынды етістік дегеніміз не?
• Болымды етістік дегеніміз не?
• Болымсыз етістік дегеніміз не?
• Жарайды, балалар, етістіктен басқа қандай сөз таптарын білеміз? (Зат есім, сан есім, сын есім)
• Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
• Біз өткен сыныптардан бастап тек 4 сөз табымен ғана таныспыз. Олар өздерің атап өткендей зат есім, сан есім, етістік, сын есім. Қалған бес сөз табымен біз жоғарғы сыныптардан бастап таныса бастаймыз.

ІҮ. Жаңа сабақ.
- Жақсы, балалар, енді бәріміз сөзжұмбаққа назар аударайық. Мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.
- Бұның басқа сөзжұмбақтардан біраз өзгешелігі бар. Мен сендерге зат есімдерді айтамын, ал сендер сол зат есімнің түрін, сапасын, түсін білдіретін сөздерді немесе қандай?, қай? сұрағына жауап беретін сөзді табуларын керек.
1. Қой
2. Тон
3. Арқан
4. Көше
5. Жапырақ
6. Тау
7. Қыз

- Өте жақсы, балалар! Енді қызыл жолақтағы сөзді оқиық.(Сын есім)
- Біз сын есім туралы өткен сыныптан да, өткен сабақтардан да білеміз.
- Қане, сын есім дегеніміз не?
- Сұрақтарын атайық.

- Сонымен, балалар, біздер бүгінгі сабақта сын есім туралы білімімізді толықтыру мақсатында жаттығу жұмыстарын орындаймыз.
- Сын есімге байланысты сабаққа « өте жақсы» қатысқандарды қызыл түсті дөңгелекпен, « жақсы қатысқандарды» көк түсті дөңгелекпен, « орташа» жауап бергендерді « сары» түсті дөңгелекпен бағалаймын.
Ал, қане балалар, бәріміз де бүгінгі сабақтан жақсы баға алуға жұмыстанайық.

Дәптермен жұмыс: күннің жады, тақырыпты жазып, көркем жазу жұмысын жүргізу.
( Оқушылардан әдептілік туралы мақал - мәтелдерді сұрап, солардың біреуін жазу.)
- Балалар, біз өзімізді әрдайым әдепті оқушы болуға тәрбиелеуіміз керек. Осыған байланысты қане кім қандай әдептілік туралы мақал - мәтел біледі?

Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
*Мақалды сөз құрамына талдау.
- Балалар, қане енді оқулықтарымызға назар аударайық.

Оқулықпен жұмыс. 7 - жаттығу. Ауызша.
Берілген зат есімнің әр түрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім тауып айту.
Тақта

үлкен
төртбұрышты
ұзын

сәбіз

сары
сопақ
тәтті

- Аталған сөздеріміздің ішінде геометриялық фигуралар бар екен. Қане, соларды тауып алайықшы. (Төртбұрышты, сопақ)
- Жақсы, ал тағы басқа қандай геометриялық фигураларды білеміз?
- Жарайсыңдар, ендеше келесі жаттығуымызға көшейік.
8 - жаттығу. Тақтаға орындаймыз. Берілген сөздердің суреті ілінеді, оқушылар заттардың түсі, дәмі, пішіні бойынша білдіретін белгілерін жазады.
Алмұрт жасыл, тәтті, сопақ. Пияз ақ, ащы, домалақ. Жапырақ жасыл/сары/қызғылт, сопақ. Қызғалдақ қызыл, нәзік. Мүйіз қоңыр, сүйір. Лимон сары, қышқыл, сопақ. Анар қызыл, тәтті/қышқыл, домалақ.

Ү. Сергіту сәті.

9 - жаттығу. Тақтаға шығу, дәптерге жазу.
Суреттегі зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын есім тауып жазу.
*Түлкі туралы балалардан білетіндерін сұрау.
Түлкі – иттер тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Түсі жирен, сұрғылт сары, ақ түрлері де бар. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады. Дене тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6, 5кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен - көл жағалауларын, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді. Күшігін баулып жетілдіргенше інінен ешқайда кетпейді. Терісі бағалы аң, сол үшін ауланады. Кеміргіштерді жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Құс шаруашылығына зиян келтіреді.

Түлкі қызғылт, сары, жыртқыш.
Кітап қызықты, қалың, төртбұрышты.
Өрік сары, тәтті, жұмсақ.
11 - жаттығу. Ауызша. Сұрақтарға жауап алу.
- Заттардың барлық белгілерін көре аламыз ба? (жоқ)
- Алмалар бір - бірінен қандай белгілері арқылы ерекшеленеді? (көлемі, түсі, дәмі)
- Алманың қай белгісін көре алмаймыз? (дәмі)

Шығармашылық тапсырма. Қарсы мағынадағы сын есімді жаз:
Биік – аласа
Жас – кәрі
Ащы – тәтті
Үлкен – кіші
Ыстық – суық

13 - жаттығу. Ребусты шешіп, шыққан мақалды жазу.
Жауабы: «Өтірік сөз өрге баспас».
Сөздік жұмыс.
Өр – Тiктеу келген ылдиға қарама - қарсы биiктiк. Жоғарғы нысана, мақсат, мүдде.

ҮІ. Бекіту кезеңі. Тест.
1. Сын есімді тап.
А) кітап, су
В) оқыды, жазды
С) үлкен, жақсы
2. Сын есімнің сұрақтарын тап.
А) Қай? Қашан?
В) Қандай? Қай?
С) Қандай? Қайтті?
3. Сын есім нені білдіреді?
А) заттың атын
В) заттың іс – қимылын
С) заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін, көлемін
- Сонымен балалар біз бүгін сын есім туралы білімдерімізді толықтырдық. Жарайсыңдар!

ҮІІ. Үйге тапсырма. 12 - жаттығу, 185 - бет.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау. Дөңгелектермен.

Өткізген: 3 сынып жетекшісі: Ажиханова И.

Толық нұсқасын жүктеу
6 547
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дара және күрделі етістік
Дара және күрделі етістік
мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау. мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістік
Болымды және болымсыз етістіктердің жасалу жолдарын, мағынасын меңгерту. Етістік туралы білімді тереңдету. Сөздік қорын, тілін дамыту. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, танымдық - ізденушілік әрекетін белсендіру.
Етістік
Етістік
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №17 И. И. Трубицын атындағы ОМГ Алимсеитова Гүлнұр Айтқұлқызы
Сан есімді бекіту
Сан есімді бекіту
№16 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Аубакирова А. М.
Етістік
Етістік
Қоңырбаева Нұрсұлу
Шылау
Шылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×