Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі

29 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі. (1 сынып)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 2. 9. 1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 2. 1. 2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1. 2. 5. 1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа
жауап беру (мұғалімнің көмегімен)
1. 1. 4. 1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
1. 1. 9. 1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 3. 11. 1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Балық - рыба

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
«5» ке қолды жеткізу

– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топқа бөлу
1 топ: «Тау»
2 топ: «Көл»
3 топ: «Орман»
Алдыңғы оқу - Пп дыбысы қандай дыбыс?
Сөздерді оқыту
Ой қозғау

Үштілділік:
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
(Балық).

Көктемнің тұңғыш гүлі? (бақбақ)

Жазу жазып жалықпаған,
Жаза - жаза арықтаған. (бор)
Буынға бөлу
Балық – рыба – fish
Бақбақ – одуванчик - dandelion
Бор - мел – chalk
Осы балық, бақбақ, бор сөздерінде 1 - ші қандай дыбыс естіп тұрмыз?
Бүгінгі жаңа сабағымыз Бб дыбысы мен әрпі.

Б дыбысын хормен айтқызу.
Б дыбысы қандай дыбыс? (дауыссыз)
Б дыбысын айтқанда еріннің бір - біріне әуелі нық тиіп, артынша кілт ашылуынан пайда болатын дауыссыз дыбыс. Яғни өкпеден шыққан ауа кедергіе ұшырайды. Кедергімен айтылатын дыбыстарды дауыссыз дыбыс дейміз.
Б дыбысынан келетін сөздер айтқызу
Б дыбысның баспа және жазба түрін көрсету.
Бақбақ сөзіне дыбыстық талдау жасау

Сабақтың ортасы 8 минут
№1 Оқылым.
Сөздерді буынға бөліп, тізбектеп оқыту, мағынасын түсіндіру
- Бор неден жасалады? (оқушылардан сұрау)
- Мәтінді оқыту.
Диалогті рөлге бөліп оқыту
Бор неден жасалады? түсіндіру
. Біздің күнделікті өмірімізде өте жиі кездесетін тастың бірі әктас. Әктастың екі түрі бар: бор, кәдімгі әктас. Олар бір - бірінен қаттылығына қарай ажыратылады.
Бор — әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп - оңай опыра аламыз. Үгілгіш, түсі ақ. Бормен тақтаға жазамыз.

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті 1 минут
Видео
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
16 минут

Қызықты тапсырма 8 минут
Дәптермен жұмыс
Топтық тапсырма
1-топ: Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа.
2-топ: Дыбыстық талдау жаса.
3-топ: Топтастыру

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия «Күн шуағы»

Микрафон
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Оқушылар өздері жасаған бет - бейнелеріне қарап бір - біріне көңіл - күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы "Сам орта мектебі" ММ
Бастауыш сынып мұғалімі Исанова Гулмира

Толық нұсқасын жүктеу
9 980
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×