Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Д дыбысы және әрпі

18 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Д дыбысы және әрпі.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сауат ашу негіздері.
Сабақтың мақсаты: Д дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, д дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару. Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын, сөз құрау, жұмбақ айту). Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Дамыту ойындарын пайдаланып еңбектенуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар: кеспе әріптер, әріп таңбасы, текшелер, тақырыпқа сай суреттер, домбыра, доп, дәптерді пайдалану.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру әдістерін қолдану.

Оқу іс - әрекетінің барысы:
І. Балаларды ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір - бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қай ай?
- Аптаның қай күні?
- Балалар, біз өткен оқу іс - әрекетіндегі дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейікші.
– Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
- Дыбысты біз не істейміз?
- Иә, дыбысты біз естиміз.
- Ал, әріп дегеніміз не?
- Әріп дегеніміз - дыбыстарды таңбалау.
- Иә, әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.
– Ал, балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Сол аяқ пен оң аяқ
Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді. (доп)
- Балаларға допты көрсетіп, бүгін сабақта Д дыбысымен танысатындарын айту.
Тақтадағы суреттердің атауын айтқызып, қандай дыбыстан басталып тұрғанын сұрау.
– Мынау ненің суреті? (домбыра)
- Домбыра деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
- Ал, мынау ненің суреті? (дәптер)
- Дәптер деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
Д дыбысының баспа түрімен таныстыру. Ауада жазғызу.
- Қәнекей, балалар, кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып көрейік. Қандай белгімен белгілейміз, дауысты ма, дауыссыз ба?
Балалар кеспе әріптердің арасынан Д дыбысын тауып, дауыссыз дыбыс екенін айтып, көк текшелерін көрсетеді. Дәптер, домбыра, велосипед сөздерін алақанмен шапалақ ұра отырып буынға бөледі.
- Домбыра сөзі неше буынға бөлінеді? (Дом - бы - ра)
- Дәптер сөзі неше буынға бөлінеді? (Дәп - тер)
- Велосипед сөзін буынға бөлу. (Ве - ло - си - пед)

Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Жинап алып күш.
Қолға қалам аламыз,
Д дыбысын жазамыз.
Тіл ұстарту жаттығуы.

Лақтырдым да әуелеп,
Қағып алып: «оп»,- дедім.
Жерге соқтым, секең қақсы
Доп деп атаймыз біз оны.

Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Шарты: Алма ағашында ілініп тұрған алмаларды жинап себетке салу. Ол үшін балалар өздері алған алмаға ілінген суреттер атауын тауып, сөздерді буынға бөлу керек.
Мысалыға: доға, домбыра, дәптер, доп, бидай, велосипедтің суреттері. (до - ға, дом - бы - ра, дәп - тер, доп, би - дай, ве - ло - си - пед)
Жазу жұмысы. Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазғызу. Өткен дыбыстармен д дыбысын қатыстырып, буын, сөз құрастырту. Хормен қайталатып, дәптердегі сөздерді, буындарды оқыту.

Қорытындылау.
Дидактикалық ойын: «Дүкен»
Шарты: балалардың арасынан «Сатушы» сайланады. Балалар сатушыдан доп, домбыра, дәрі, дәке т. б сатып алу керек. Ол үшін ойынға қатысушы бала өзіне ұнаған заттардың атауын айтады және оған дыбыстық талдау жасайды.
Соңынан балалар тақта алдында әріптерді тауып текшемен доп, домбыра, дәрі, дәке сөздерін жазады.
Оқу іс - әрекеті сұрақ - жауап әдісі арқылы бекітіледі.

Нәтиже:
Білу: Д дыбысы және әрпі.
Игеру: Балалардың тілдік, сөздік қорына мән беріп ойлау қабілетін, қиялын дамыту.
Меңгеру: Д дыбысын жаза білуге меңгерту.

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Жумашева Дарига Аскербековна
5 623
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
«Ш» дыбысы және әріп таңбасы
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең, жаңылтпаш айту).
Т дыбысы және әрпі
Т дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталату, зейінін аудару. Жаңа т дыбысымен таныстыра отырып, сөздер ойлатып, оларды дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
А дыбысы және әрпі
А дыбысы және әрпі
Баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
«Ш» дыбысы және әрпі
«Ш» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту).
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
Ғ дыбысы мен әрпі
Ғ дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×