Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызықты математикалық ойындар

02 қыркүйек 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қызықты математикалық ойындар

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең - есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақты шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интер/к,, тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 2 сыныпта өтетін «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.

Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп

2. Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Алғырлар» тобы «Білгірлер» тобы»
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.

«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала, құлпырған қып - қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп - мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық.
Арайлап нұрлы таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырап әсем табиғат,
Желекке бөлеп аймақты.
Оқушылар қандай көрініс көріп тұрық.? Әсем табиғаттың.

3. Ендеше мен сіздерге проблемалық ой тастағым келіп тұр.
Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата - анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге, лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына:
- Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз - деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін, өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «Сөзжұмбақ» шешулеріңіз қажет.
Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады.

Ей, балалар, балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар»
1. Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3. Ондықтан құралған сан. Қырық
4. Бір таңбалы сан. Үш
5. Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер»
1. Бір таңбалы сан. Бір
2. Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3. Бұрыш түрі. Сүйір
4. Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5. Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер

Толық нұсқасын жүктеу
13 039
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық эстафета
Математикалық эстафета
Бүгінгі білімді оқушыларды анықтайтын, білімге қызығушылығын арттыратын «Математикалық эстафета» атты танымдылық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Жүйріктен жүйрік озар, жарысқанда 5 - 7 сыныптар
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру.
Қызықты математикалық тапсырмалар
Қызықты математикалық тапсырмалар
математикалық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, тиянақтау, бақылау. балалардың пәнге деген қызығушылығын туғызып, оқушылардың белсенділігін арттырады.
Ой жүйрік математикалық сайыс
Ой жүйрік математикалық сайыс
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды орта мектебінің математика пәні мұғалімі Серік Рабиға Серікқызы
Ең кішкентай математик
Ең кішкентай математик
БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, әлеуметтік педагогы Мурзалиева Акмарал Муратовна
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×