Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұшқан ұя

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя.

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі:
7 сабақ
Пәні: Әдебиеттік оқу. Уақыты:
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы туралы түсінік бере отырып, өмір жолымен таныстыру.
ә\Тәрбиелілігі: Әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерді, жеті атасын білуге тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: Балалардың ойын, зейінін, сөздік қорын дамыту. Қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап.
Түрі: дәстүрлі.
Көрнекілігі: Бауыржан Момышұлының суреті, әдет – ғұрыптар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа оқушылардың назарын аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Мәтіннің мазмұнын айту.
2. Дәлмырзаның өсиет сөзін тауып оқу.
3. Сөздік жұмыс.
4. Неліктен «аманатқа қиянат жасауға болмайды» дейді?
Сергіту сәті. Саусақ гимнастикасы («Орамжапырақ»)
Қолдарымызбен ұқсас қимылдарды келтіреміз:
- Біз орамжапырақты шабамыз! (2 рет) – түзу, күштенген алақандармен балтаның қимылын келтіру: жоғары, төмен.
- Біз орамжапырақ кесеміз! (2 рет) – энергиялық қимылмен түзу алақанмен алға - артқа.
- Біз орамжапырақ тұздап жатырмыз! (2 рет) – саусақтар жиналған «шымшым» - орамжапырақты тұздаймыз.
- Біз орамжапырақты қысамыз! (2 рет) – энергиямен саусақтарымызды жұдырықтап түйіп, бір уақытта екі қолмен, немесе кезектесіп қысамыз.
- Біз сәбіз тереміз! (2 рет) бір қолымызды жұдырықтап, басқа қолымыздың алақаны арқылы жоғары - төмен қимылмен ритмді жасайды. Сосын қолымызды ауыстырамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
- Б. Момышұлының өмір баянымен таныстыру.
- Жазушының шығармашылық еңбегі туралы айту.
2. Оқулықпен жұмыс.
а\Мәтінді оқып беру, түсіндіру.
ә\Оқушыларға тізбектей оқыту.
б\Түсініксіз сөздермен жұмыс.
в\ Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Мәтінде қандай әдет - ғұрып, салт - дәстүрлер туралы айтылған?
- Сендер қандай әдет - ғұрыпты білесіңдер?
- Бала Бауыржанның табиғат құбылыстарын сипаттауын әңгімеле?
Сергіту сәті. Аз қимылды ойын «Кім жылдамырақ жинайды»

IV. Сабақты бекіту.
1. Б. Момышұлы туралы не білдің?
2. Бауыржанның әкесі қандай адам болған?
V. Үйге тапсырма.
1. Б. Момышұлының фотосуреттерін жинап, альбом құрастыру.
2. Жеті аталарын біліп келу.
VI. Бағалау.

Әдебиеттік оқу бойынша сабақтың жоспары 3 сынып толық нұсқасын қарау
3 198
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Б. Момышұлы туралы мәлімет беру.
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
«Сіз», «Біз» деген – жылы сөз
Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету, сыйластықтың адам өміріндегі маңызы туралы айту. Өз ойын айта білуге, қасындағыларға жанашырлық сезімдерін білдіруге, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Аманат
Аманат
Мәтінің мазмұнын аша отырып, өсиет туралы ойларын ортаға салу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.
Ұшқан ұя Бауыржан Момышұлы
Ұшқан ұя Бауыржан Момышұлы
Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру. Мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×