Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?

Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
ә\ Алдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылуға, білімді болу үшін ізденуге, төзімділікке тәрбиелеу.
б\ Оқушылардың ой - санасын, сөздік қорларын дамыту. Қолдың ұсақ моторикасы арқылы жұмыс істей алу іскерлігін дамыту;
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сөздік, көрнекілік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер, үлестірме қағаз.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушыларға құрал - жабдықтарын әзірлету.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Өлеңді мәнерлеп түсініп, түсінгендерін айту.
2. Өлеңнің «Егіннің бастары»деп аталуы неліктен?
3. Өлеңнің соңғы екі жолын қалай түсінесің?
4. Тәкаппарлық туралы білетініңді айт.

Сергіту сәті.
Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Алақанымызды жылытайық»
- Біздің алақанымыз жылыну үшін алақанымызға ұзақ үрлеу керек,

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.
1. Ертегіні тізбектей, іштей, дауыстап оқыту.
2. Ертегіге сай мақал - мәтелдерді оқы.

Сөздік жұмыс.
Баспалап қарау - жасырынып қарау.
Көз салу - қарау.
Сыбағасы - өзіне тиісті олжасы

IV. Сабақты бекіту.
1. Адам баласы қалай ақылды бола алады?
2. Ертегіге жоспар құр.
3. Мәтінге басқаша қандай тақырып қоюға болады?

Фонетикалық жаттығу «Таңырқау»
- Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?
Ай - ай - ай, ай - ия қандай әдемі! Барлықтарыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.

V. Үйге тапсырма.
1. Ертегіден түсінігін айту.
2. Бұл ертегіден қандай қортынды жасағаныңды айту.
Бағалау.
2 243
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дуадақ
Дуадақ
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Құстардың тіршілігіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×