Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақыл мен Бақыт

11 қыркүйек 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ақыл мен Бақыт

Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\ Оқушыларға адам баласының бойындағы ақыл, білім, ар, мінез туралы түсінік беру.
ә\ Ізденіп білім алуға, алған білімдерін орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
б\ Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: білімге байланысты суреттер, мақалдар, жұмбақ.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Ертегіден түсінгенін айту.
2. Жақсы, жаман қылықтарды жалғастырып жазғандарын оқу.
3. Сұрақ қою арқылы бекіту
- Өз достарыңның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар? Әңгімелеу.
- Өз бойыңда осы қасиеттің қайсысы бар?
Фонетикалық жаттығу «Таңырқау»
- Біз әдемі киім көрдік. Біз қалай таң қаламыз?
Ай - ай - ай, ай - ия қандай әдемі! Барлықтарыңыз менен кейін асықпай қайталаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а\Мақалдың мағынасын ашу.
Әдет - әдет емес,
Жөн - әдет.
ә\Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

2. Мәтінмен жұмыс.
а\Ертегіні түсініп оқы.
ә\Диалог түрінде бөліп оқуы.
б\Рөлге бөліп оқып, ертегіде не туралы айтылғанын өз сөздерімен әңгімелеу.
в\Мәтін бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.
- Ақыл мен Бақыт неге дауласты?
- Бақытты, бірақ ақымақ бала қандай болады?
- Баланың әкесі патшаның алдында неге ұялды?
- Бақыт балаға қандай жақсылық жасады?

Сергіту сәттері.(Есте сақтауын дамыту)
Орнымыздан тұрайық
Алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

IV. Сабақты бекіту.
1. Сен ақыл, бақыт, байлық өнер - білімнің қайсысын таңдар едің.?
2. Өмірдің талабы дегенді қалай түсінесің?.
Сергіту сәті. «Кім шапшаң» ойыны.(Логикалық ойлауын дамыту)

V. Үйге тапсырма.
1. Ертегіден түсінгенін айту.
2«. Ақыл, мен сені іздеп жүрмін. Сен болсаң...» тақырыбына эсса жазу.
VI. Бағалау.
3 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Өтірік өрге баспайды
Өтірік өрге баспайды
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру, дам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік беру. Өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Әңгімені оқытып, мазмұнын ашу, жақсы мен жаман қылықтар туралы түсінік беру.
Өзін-өзі жеңген бала
Өзін-өзі жеңген бала
Оқушыларға жақсы жаман қасиеттер туралы түсінік беру. Жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×