Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өтірік өрге баспайды

12 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өтірік өрге баспайды.
22 - 23 сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру, дам бойындағы жат қылықтар туралы түсінік беру.
ә\ Өтірік, өсек, мақтаншақтық сияқты жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
б\Табиғатта болатын өзгерістер туралы білімдерін тереңдету, өз ойларын жеткізе білуге баулу.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, сурет..
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: көркем суреттер, жұмбақтар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа назарларын аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Ертегіден түсінгенін айту.
2.«. Ақыл, мен сені іздеп жүрмін. Сен болсаң...» тақырыбына эссе жазғанын тексеру.
3. Мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін мақал - мәтелдерін айтып, мазмұнын түсіндіру.
Есту зейінін дамытуға арналған «Алыс - жақын» жаттығуы
- Мен қазір әртүрлі дыбыс тіркеулерін айтамын.
- Мынау кім немесе не, анықтаңдар?
- Ол жақын немесе алыс орналасқан ба?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
а) Өздеріне ұнамайтын адам бойындағы жағымсыз қылықтарды атаңдар.
- Өтірік айтқан кездерің болды ма?
- Өтірікті не үшін айтады?
ә\Мақалдың мағынасын түсіндір.
Мақтаншақтық өтірік айтқызады,
Өтірік көңілді қайтқызады.

2. Оқулықпен жұмыс.
а\Мәтінді түсініп оқу.
ә\Оқушының іштей оқуы.
б\Рөлге бөліп оқу.
в\Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.

4. Дәптермен жұмыс.
1 - топ: «Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам»тақырыбына шағын әңгіме жазу.
2 - топ: «Балалы үйдің ұрлығы жатпас»тақырыбында оқиғаны өрбіту.
3 - топ: Бес жолды өлең құрастыру.

Сергіту сәті. Дидактикалық ойын «Кім зейінді?» Есте сақтауын дамыту
- Жұмбақты зейін қойып тыңдар және олардың жауабын табайық.

IV. Сабақты бекіту.
- Өзіңе адам бойындағы қандай жаман қасиет ұнамайды.
- Әңгімені өзіңше жалғастырып айт..
- Балалардың іс - әрекеті туралы ойыңды айт.

V. Үйге тапсырма.
1. Баланың үйіне келе жатқандағы ойы туралы монологты тауып оқы.
2. Әңгімеден түсінгендерін айту.
VI. Бағалау.
5 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Ақыл мен Бақыт
Ақыл мен Бақыт
Оқушыларға адам баласының бойындағы ақыл, білім, ар, мінез туралы түсінік беру. Ізденіп білім алуға, алған білімдерін орынды қолдана білуге тәрбиелеу.
Жақсы мен жаман
Жақсы мен жаман
Баянбайдың өмір жолымен таныстыру, өлеңдегі негізгі ойды анықтау. Оқыған, жаттаған өлең, жұмбақ, жаңылтпаштарын есте сақтауға, керекті жерінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Екі дос
Екі дос
Достық туралы түсінік беру. Достықтың маңыздылығын ұғындыру. Достықты қадірлей, қастерлей білуге, адал дос болуға тәрбиелеу.
Әмірдің қулығы
Әмірдің қулығы
Шалқар қаласы, № 3 мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×