Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің анам.

12 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің анам.

30 сабақ
Әдебиеттік оқу.
Сабақтың мақсаты: а\ Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіре отырып,
Анаға деген сүйіспеншілігі туралы түсініктерін тереңдету.
ә\ Ана деген ардақты атты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
б\ Дұрыс байланыстыра сөйлеп, өз ойын жеткізе білуге баулу.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер, жұмбақ.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
«Сақина салу»ойыны арқылы сабаққа қызығушылықтарын ояту.

ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. «Көктем». өлеңінің мазмұнын әңгімелеу.
2. Көктем табиғатын суреттеген түсті тауып оқу.
3. Мақалдың мағынасын ашу.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Сергіту сәті. Фонетикалық жаттығу «Аю»
- Аю қалай ырылдайды? Р - р - р, р - р - р, р - р - р.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
а) Өмірде ақылды да ардақты кім?
- Анаға арналған қандай өлең білесіңдер? Орындату.
2. Мәтінмен жұмыс.
а) Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мұғалімнің мәнерлеп жатқа оқуы.
- Оқушылардың іштей оқуы.
- шумақтап екі жолдан оқуы.
г) Өлеңді талдау.
- Өлеңің «Менің анам»деп аталу себебі не?
- Ақын ананың қадірлі екендігін қалай суреттеген?
3. Сұрақтар мен тапсырмалар.
- Баланың басынан өткен оқиға қайда болған деп ойлайсың?
- Баланың анасына деген сезімін қалай суреттеген?
- Үлкендер бұл түсті қалай жорыр еді?
- Түс деген не? Түске сенесің бе?
Сергіту сәті. Дауыс күшін дамытуға арналған жаттығу «Менімен қайтала»
Қатты, тыныш, сыбырлап сөйлеудің нұсқаулары беріледі.

IV. Сабақты бекіту.
1) Осы өлеңге қандай әуенді таңдар едің?
2) Сен өз арғымағыңның суретін салып көр.
V. Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу
VI. Бағалау.
4 089
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Өзен. Көл
Өзен. Көл
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметпен қарауға тәрбиелеу. сөздік қорын, тіл байлықтарын дамыта отырып, көркем сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Ә. Ысқабай «Көктем қандай көрікті!»
Мәтінмен таныстыру, мәтін мазмұны туралы түсінік беру. Мәтінді саналы түсініп, мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндауға дағдыландыру.
Шөптегі шық қандай болады
Шөптегі шық қандай болады
Көктем туралы ұғымдарын кеңейту, шығармашылық жұмысқа жетелей отырып, көркем сөйлей білуге үйрету.
Аманат
Аманат
Мәтінің мазмұнын аша отырып, өсиет туралы ойларын ортаға салу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×