Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққала мен - ақ бала

13 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Аққала мен - ақ бала

Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушыларға әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі барын түсіндіре отырып қыс қызығымен таныстыру.
ә\Тәрбиелілігі: табиғатты сүюге, қысқы таза ауа туралы айта отырып салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
б\Дамытушылығы: Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын дамыту.
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Әдісі: сұрақ - жауап, сөздік.
Түрі: аралас
Көрнекілігі: қыс мезгілі бейнеленген суреттері, мақал, жұмбақтар.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Назарларын сабаққа аударып, оқу - құралдарын түгендеу.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
1. Мәтіннен түсінігін айту.
2. Жазып келген шығармаларын оқу.
3. Жануарлар туралы жұмбақ айту.
Сергіту сәттері.«Жемістерді кес» ойыны – тұтас бағытты қабылдау мен ұсақ моториканы дамыту

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. «Ұйқасын тап»ойыны.
Қойда жуас бозымды -
Шақырамын......
Қысқа ғана құлақты,
Шақырамын.......
2. Суреттегі қыс көрінісін әңгімелеп, қысқы еңбектерді атау.
3. Қысқы жануарлар тіршілігін әңгімелеу.
Сергіту сәттері. Дидактикалық ойын «Толық жина»
Үстел үстіне екі бөлінген жазық бейнеленген жидектер қойылады. Балаларға жартыдан толық жидекті жасау керек.
4. Мақалының мағынасын ашу.
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
5. Мәтінмен жұмыс.
а) Өлеңді мәнерлеп оқыту.
ә) Әңгіме мазмұнына сай сұрақтар беру.
- Өлең қай мезгіл туралы?
- Өлеңдегі ақынның көңіл күйі қандай?
- Ақын өлеңде нені сағынады?
- Ақ бала қандай? Аққала қандай? Қар қандай?
5. Сөздік жұмысы...
Көңілде тұрған дақтарға - көңілдегі реніш

IV. Сабақты бекіту.
1. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін жолды тауып оқы.
2. Қыста ойналатын ойын түрлерін атау.
V. Үйге тапсырма.
Өздеріне ұнаған шумақ жолдарын жаттау.
Қыстың бір көңілді күнін суреттеп әңгіме жаз.
Бағалау.
1 410
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дуадақ
Дуадақ
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Құстардың тіршілігіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем
Көктем
Оқушыларға мәтінді оқыта отырып, түсініп оқу дағдысын жетілдіру. Оқушылардың туған елін, жерін сүюге, табиғаттың әсемдігін суреттей білуге тәрбиелеу.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Б. Соқпақбаев өмір баянынан түсінік беру. Қожа арқылы қазақ халқының тұрмыс - тіршілігін әңгімелеу.
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаев «Аққала»
Мағжан Жұмабаевтың «Аққала» өлеңін оқыта отырып, қыс мезгіліндегі балалардың ойын түрлерін таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×