Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көшер кезде

13 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Көшер кезде

44 - 45 сабақ
Әдебиеттік оқу
Сабақтың мақсаты: а\ Мәтін мазмұнын таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету.
ә\ Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
б\ Көктем келбетіне, көктемгі ерекше табиғи көрінісіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Әдісі: сұрақ - жауап.
Түрі: аралас.

Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
Сабаққа деген ынтасын арттыру.
«Бүгінгі табиғат»терезеден қарап отырып көктемгі көріністі суреттеу.
Сергіту сәті.«Сөйлеуде тыныс алуды дамытуға арналған жаттығу «Шаңын қағамыз» (бір реткі үрлеуде «шаңды» - ф - ф - ф үрлейміз).
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
1.«Не қалай дыбыстайды»өлеңін оқу.
Мысық мияулайды.
Бақа бақылдайды.
Шыбын ызылдайды.
Шіркей ызылдайды.
Торғай шырылдайды.
Ит арсылдайды.
2. Осы жануарлар туралы не білетіндіктерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.
2. Иттің адаммен достығын әңгімелеу.
3. Ит туралы көрген киноларынан үзінді айту.
4. Әңгімені одан әрі жалғастырып көр.
2. Сұрақтар мен тапсырмалар
- Итті неге жеті қазынаның бірі дейміз?
- Майлаяқты иесі неге байлап қойды?
- Иттің сезімталдығын иесі қалай байқады?
- Ит қайғыра біле ме?
- Ол өз иесін қимайтынын жазушы қалай суреттеген?
- Иттің қандай түрін білесің?
Сергіту сәттері.«Есте сақтауын дамыту»
Орнымыздан тұрайық
Ал алақанды соғайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз тынығып алайық

IV. Сабақты бекіту.
1. Өз күшігіңді сипатта.
2. Ж. Соқпақбаевтың басқа қандай шығармасын оқыдың?
V. Үйге тапсырма.
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. «Менің күшігім» тақырыбына шығарма жазу.
VI. Бағалау.
4 502
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дуадақ
Дуадақ
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы түсінік беру. Құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Құстардың тіршілігіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу. Көктем көрінісін ерекше табиғи көрініске деген қызығушылықтарын дамыту.
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Бөлімді қайталау. Өзіңді тексер
Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау. Ойын, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, көктем мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Бүршік
Бүршік
Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып көктемгі табиғат туралы ұғымдарын кеңейту. Отанын сүюге, табиғатты қорғауға, мақтан ете білуге тәрбиелеу.
Өзіңді тексер!
Өзіңді тексер!
Өтілген материалдарды қайталай отырып, өз ойларын қорытындылай білуге үйрету. Білім алуға, алған білімдерін ұштастыра білуге тәрбиелеу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×