Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар

20 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Физика пәнінен сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы (2 тарау)
Механикалық қозғалыс
Сабақтың тақырыбы: Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме 7. 2. 1. 2 механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
7. 2. 1. 3 түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу;
Сабақтың мақсаты: Барлығы: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстардың негізгі мағынасын біледі.
Көпшілігі: Бірқалыпты бірқалыпсыз қозғалыстарды саралап ажыратады және есептер шығаруда қолданады
Кейбіреуі: Өмірдегі қозғалыстарға өздігінше мысалдар келтіре алады.
Бағалау критерийі Әр тапсырманың орындалуы бойынша дискрипторлары арқылы жиынтық балды бағаға айналдыру
44 - 35 - «5»
34 - 29 – «4»
28 - 23 – «3»
21 - 15 – «2»
Тілдік мақсаттар
Арнайы пәндік терминология және анықтама:
Анықтамалар
1. Механикалық қозғалыс – дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі
2. Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтамыз
3. Қозғалыс траекториясы – дененің қозғалыс кезіндегі сызық түрінде қалдырған ізі
4. Жол – дене жүріп өткен траектория ұзындығы
5. Орын ауыстыру – дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын бағытталған кесінді
6. Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз
7. Жылдамдық – дененің берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруы
8. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс – дене кез келген тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе
9. Бірқалыпсыз түзу сызықты қозғалыс – дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе

Құндылықтарға баулу: Оқушыларды ойлау жұмысына ынталандыра отырып белсенді іс әрекетке жұмылдыру, сын тұрғысынан ойлау, қарым - қатынас дағдылары арқылы өздігінен жұмыс жасау, іздену қабілеттерін арттыру
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі - терминдер, математика SI жүйесі, биология, география
Тақырып бойынша алдыңғы білім: санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, оры ауыстыру сөздерінің физикалық мағынасын түсіндіре алады және сипаттай алады
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері.
Сабақтың басы 13 минут
Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларымен сәлемдесу, түгелдеу.
• Сабақ мақсатын айқындау
• БББ кестесі
1. Білімді өз бетінше өзектендіру: Бірнеше минут бойында əрбір оқушы тірек сөздер немесе қысқаша сөз тіркестері арқылы берілген тақырыпқа байланысты бар білгендерін кестенің Білемін бағанына толтырып жазады (жеке жұмыс).
Білу
• Үй тапсырмасын пысықтау ТЕСТ 7 минут
Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан соң дәптерлерін ауыстыра отырып бірін бірі тексереді
Тақтаға жауаптары слайдта көрсетіледі
Тест жауаптары(1б, 2б, 3б, 4а, 5б, 6ә, 7ә, 8а, 9ә, 10а)

Сынып оқушыларына видео ролик (бейне материал) көрсете отырып не байқадаңыздар олардағы ортақ қасиеті не? Айырмашылығы не?
Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады 3 минут

Сабақтың ортасы 25 минут
Топтастыру: Сынып оқушыларын
Жылдамдық,
Орын ауыстыру,
Уақыт,
Бір қалыпты қозғалыс,
Бір қалыпсыз қозғалыс
сөздерін ретімен айтқыза отырып топқа бөлемін
Балалар мәтінді 5 минут оқи отырып берілген тапсырмалар бойынша кластер қорғайды.
- ойлау жұмысына ынталандыру
- белсенді іс әрекетке жұмылдыру

Түзусызықты бірқалыпты жəне бірқалыпсыз қозғалыстар жүктеу
18 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Физика 7 - сынып
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
Бірқалыпты емес қозғалыс. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Кинематика негіздері. Тест
Кинематика негіздері. Тест
Бірқалыпты түзусызықты қозғалған автомобиль 10с ішінде 150м жол жүреді. Дәл сондай жылдамдықпен ол 3с ішінде қандай жол жүреді?
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық
Бірқалыпты емес қозғалыс кезіндегі орташа жылдамдық.
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар, жылдамдық және жылдамдық бірліктері жайлы мағлұмат алады. Оқушылардың басым бөлігі: кластер құрады, формуланы есеп шығаруда қолданады.
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс графигі
Оқушыларға қозғалыс теңдеуін түсіндіріп, дененің бастапқы орнына, жылдамдыққа байланысты, кез - келген уақыт мезетіндегі дененің соңғы орнын анықтап үйрету, графигін тұрғызу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×