Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ахмет Байтұрсынов. Мен қалай оқуға бардым?

22 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тіл
Сынып: 2
Сабақ тақырыбы: А. Байтұрсынов. «Мен қалай оқуға бардым? Екі балықшы. Ата насихаты». [/b]

Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: А. Байтұрсыновтың өмірбаянымен таныстыру. Әр мәтінің мазмұның түсіндіре отырып, оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру. Мәтіндердің негізгі идиясы, тақырыбын ашу;
2. Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілі сабағына деген зейіндері мен байқағыштарын, пәнге деген тұрақты қызығушылықтарын арттыру, өз бетімен білім алуға, ізденіске тәрбиелеу;
3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, көру және есте сақтау қабілетін дамыта отырып, тақырып бойынша өз ойын анық, толық жеткізе білуге, ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Саяхат

Әдіс: түсіндіру, көрнекілік, ассосация
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілік: Хат, почта жәшігі, күзетшілер, үңгір, тастар, дуал, көл, балықтар, үйлер,
өрмек, компьютер, білім кілті, қармақ, портрет.

Сабақтың құрлысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
(күзетшілер тапсырмасы)
III. Үй тапсырмасын бекіту.
(«балық аулау»ойыны)
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
("1- үй – А " компьютерімен жұмыс)
V. Оқулықпен Жұмыс
("2-үй"- Д)
VI. Дәптермен жұмыс
("2-үй - Д")
VII. Сергіту сәті.
VIII. Тізбектеп тоқу. Дуалға кіру.
IX. Тірек сызба арқылы жұмыс.
X. Жаңа сабақты бекіту.
(кеспе қағаздар үңгір есігі)
XI. Бағалау. Үйге тапсырма (білім кілті)

1. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме оқушылар?!
Бүгін бізде ерекше сабақ ана тілінен ашық сабақ. Сабаққа қажетті құралдарымызды шығарайық.

Психологиялық шар - салу.
Сабақты бастамас бұрын почта жәшігіне хат түспеп пе екен қаралық? (кезекші қарайды. Хат алып оқиды).

Қайда: М. Жұмабаев атындағы орта мектебі, 15 кабинет, 2б класына
Кімге: 2б класына
Кімнен: Жанашыр достан.
Хат мазмұны.
Құрметті 2 б класс оқушылары, көмектесіңдерші! Жауыз сиқырлы Екілік түн ортасында. Білім кілтін ұрлап кетті де, балалар білімсіз қалсын деп үлкен көлдің арғы жағындағы қамал түбіне апарып жасырып қойыпты. Қамал түбінде үңгір бар, үңгірдің ішінде білім кілті жасырулы жатыр. Жол қиып, бірақ сендерді үлкен олжа күтіп тұр.
Жанашыр дос
М: Қане, балалар көмектесеміз бе?
- Ой, балалар мына көлдің алдында екі күзетші тұр екен бізді өткізер ме екен әрі қарай. Тапсырмамыз бар соны орындасаңдар өтесіңдер дейді орындап көрелік?.

II. Үй тапсырмасын тексеру - күзетшілер тапсырмасы
Т: Ж. Кәрбозин әңгімесі, оның мазмұны қалай?
«Жирма тиын» әңгімесін балалар сахналап көрсетеді.
М: өте жақсы, үй тапсырмасына жақсы дайындалғандарыңның арқасында күзетшілердің тапсырмасын лезде орындадыңдар.
Көлге де келдік. Қане, балық бар ма екен, көреміз бе?

III. Үй тапсырмасын бекіту - балық аулау ойыны.

1 – балық: «Жиырма тиын» әңгімесі кімнің атынан баяндалған?
2 – балық: Бірде Алтайдың апасы қайда жұмсады?
3- балық: Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?
4- балық: Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
5- балық: Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады.
Алтын балық: Алтайға мінездеме бер.
Балалар:- Тіл алғыш, шыншыл, адал, қайырымды, әдепті, ақ көңіл
Жарайды барлық бала аулап болсақ әрі қарай сол хатымызды жалғастырайық. Одан әрі үй тұр. Үйде А әріпті жалау ілулі тұр. Бұл үйде кім тұрады екен?

IV. Жаңа сабақты түсіндіру. ("1- үй – А " компьютерімен жұмыс)

Ахмет Байтұрсынов –көрнекті ғалым, дарынды ақын, қоғам қайраткері. Ол Қостанай обылысы, Торғай атындағы, Сартүбек деген жерде туған. «Қазақ» деген атпен газет шығарды. Арай әріпі негізінде балаларға арналған тұңғыш қазақ «Әліппесін» жазды. (толығырақ компьютерден)
Балалар енді мына үйде көрелік, өрмекші өрмек салып кетіпті ғой. Мен алып тастайын. Мұнда да тапсырма жазылған екен.

V. Оқулықпен Жұмыс - өрмектің тапсырмасы.
Мен қалай оқуға бардым?
Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым. Әбіш кітап оқып отыр екен. Тыңдасам, кітабында жұмбақ, мақал, өлең, басқа да жақсы сөздер көп екен.
Оқу үйренсем, мен де сондай оқыр едім деп, ойға қалдым. Үйде қайтып келдім. Оқуға барамын дедім. Әкем мен анам бұл ойымды ұнатты. Ертеңіне әкем мені оқуға апарып берді.

Екі балықшы.
Екі балықшы балық сүзді. Сүзекті сүйреп шығуға таянғанда сүзегі ауырлай бастады. Бір балықшы тұрып:
- Сүзгі жаман ! – деді. Екінші балықшы:
- Сүзек жақсы, сен өзің бос тартасың! – деді.
Сөйтіп екеуі керісе түсті. Олар керісіп тұрғанда, сүзегіндегі балықтар кетіп қалды.

Ата насихаты.
Әкесі балаларына тату тұрыңдар деп талай айтыпты. Балалары тілін алмай, араздаса беріпті. Бір күні бір байлам сабау шыбықты алып келіп, балаларына беріп:
- Сындырыңдар! - дейді. Балалары бірінен соң бірі алып, сындырайын деп еді, сабаулар сынбайды.
Әкесі сабауларды алып шешеді де:
- Бір – бірлеп сындырыңдар! – дейді.
Балалары оп-оңай сындырады. Сонда әкесі айтады:
- Араздасып араларын ашылса, сендер де сабаулар сықылды боласыңдар. Ұйымшыл болыңдар, жау жеңуі қиын болар.

М: Өрмекті алып тасталық енді үйге кіріп көрейік. Мына нақыл сөздерге көңіл бөлейік.
VI. Дәптермен жұмыс - "2-үй - Д" іші.

1. керіскеннің кесірі – келесіңді келтірер.
2. Тірліктің күші бірлікте.
М: Балалар алда, әне Дуалға да келіп қалдық оған дейін біраз сергіп алайық.


VII. Сергіту сәті.
VIII. Тізбектеп тоқу. Дуалға кіру.
М: Балалар, әңгімелерді түгел оқып шықсақ дуалға да кіреміз.
(оқушылар тізбектеп оқиды)
Балалар үңгірге қалай барамыз, мұнда жауыз сиқыршы . екілік тұр ғой. Балалар, Ахмет Байтұрсыновтың кім екенін айтып бүгінгі түсінгендеріңді тағы да айтып шықсаңдаршы ол жоқ болып кетері анық. Солай етіп көрелік.

IX. Тірек сызба арқылы жұмыс.
1873-1938 ж ж Қостанайда туған ғалым
«Әліппе» жазды Ақын
Қоғам қайраткері «Қазақ»газетін шығарды

X. Жаңа сабақты бекіту.
(кеспе қағаздар үңгір есігі)
1 – тас. «Мен оқуға бардым» әңгімесі кімнің атынан баяндалған?
2 – тас. Ақынның оқуға баруына не себеп болды?
3 – тас. «Екі балықшы» әңгімесіндегі негізгі ой қандай?
4 – тас. Ата қандай ақыл айтты?
5 – тас. Ахмет Байтұрсынов кім?
М: Өте жақсы балалар міне үңгір ішінде . Білім кілті жатыр екен . Енді біз білімді, өнегелі оқушылармыз. Біз енді ешуақытта білімсіз болмаймыз.

XI. Бағалау.
М: Бәрің де сабаққа белсене араластыңдар, бәріңді де бағалап шығайын.
(бағаланды)
ХІІ. Үйге тапсырма:
Ахмет Байтұрсыновтың Мен қалай оқуға бардым? Ата насихаты. Екі балықшы, әңгімелері.
- Сабақ аяқталды!
- Сау болыңыздар, балалар!
- Сау болыңыз!
19 138
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Алғаш рет оқуға келген күнім.
Алғаш рет оқуға келген күнім.
Мен қалай оқуға бардым? Менің Әбіш деген құрдасым бар еді. Әкесі оны оқуға берді. Бір күні ойнайын деп бардым.
Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынов өмірбаяны мен шығармашылығы
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру. оқуға, білімге деген қызығушылығын ояту, қазақ әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов
Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтардаТорғай уезінде Ақкөлдің жанында Сартөбек деген жерде туған. Әкесі Байтұрсын кедей кісі болған, бірақ ағайын арасында сыйлы, сабырлы болған.
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Балықшы мен балық
Балықшы мен балық
№ 197 қазақ орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Сахиева Роза Файзуллақызы
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу берілу мен заттың агрегаттық күйлерінің өзгеруі бойынша қайталау
Жылу құбылыстары, Заттың агрегаттық күйлері тараулары бойынша алған білімдерін анықтау. Теориялық білімді практикада және есеп шығаруда қолдана алу дағдыларын арттыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×