Білімділер поралы

Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны

«Бақытты сәт» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты:
1. Білімділік:
1. Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау. Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру.
2. Дамытушылық: сөйлеу дағдысын дамыту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, танымдық деңгейін көтеру.
3. Тәрбиелік: туған жерінің мәдениетіне, тіліне құрмет сезімін тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, қима қағаздар.

Ойынның барысы:
Жүргізуші:
- Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында» демекші, сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Бақытты сәт» атты сайысымызға қош келдіңіздерІ Сайысқа үш топ қатысады, топтарды ортаға шақырамыз.
Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар.
«Алғыр»3 «А» тобы - ойыншылары:.
«Білгір» 3 «Б» тобы - ойыншылары:.
«Тапқыр» тобы» 3 «В» тобы - ойыншылары:
Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:
І. «Таныстыру»(Әр топ өзін таныстырады)
ІІ. «Кім білгір?» ( сұрақ - жауап) Әр дұрыс жауапқа 5ұпай. Әр топқа 6 сұрақтан.
ІІІ.«Ойлан тап!» Сөзжұмбақ шешу.
ІҮ.«Полиглот» Суреттердің орысша, қазақша атауларын айтады Ү.«Көңілді сәт» Әр топтан екі бала шығып билейді. Қандай би, қай ұлттың биі екенін шешеді. ҮІ.«Сөз құра» Бір сөзден бірнеше сөйлем құрау. Капитандар сайысы.
ҮІІ. «Өнерлі өрге жүзер.» Әр топ өз өнерін көрсетеді.
I. Бірінші кезең:«Өзін - өзі таныстыру» Бұл кезеңде әр топ өзінің атын, ұранын айтып, бір - бірімен танысады.
(Топтардың танысуы).
Әділ қазылар алқасына сөз
II. Екінші кезең.
2. «Кім білгір?» (сұрақ - жауап)
1. Қазақстан Республикасының президенті кім?
2. Астанасы қай қала? Тудың түсі қандай?
3. Құлын, бота, қозы - нелер?
4. Қазақ тілінде неше септік бар?
5. Қазір қай жыл мезгілі?
6. Бір аптада неше күн бар? 7. Талғат Мұсабаев кім?
8. Бір жылда неше мезгіл бар?
9. Қазақстан қандай мемлекет?
10.. Қасық, кесе, шанышқы – нелер?
12. Қазақстанның мемлекеттік тілі?
13. Қар қай кезде жауады?
14. Қазақстанда неше облыс бар?
15. Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар
16. Рәміздерді ата.
17. Қант, сүт, нан - нелер?
18. Нешінші сыныпта оқисыңдар?
Әділ қазылар алқасына сөз

III. Үшінші кезең: Ойлан, тап!
Интерактивтік тақтада көрсетілген бір сөзжұмбақты үш топ шешеді. Қай топ тез, дұрыс шешсе сол топ жоғары ұпай алады.
Әділ қазылар алқасына сөз беріледі.
IV. Төртінші кезең: Полиглот. Интерактивтік тақтадан көрсетілген суреттердің орысша, қазақша атауларын айтады.
Кошка - мысық, лев - арыстан, колбаса - шұжық, сыр - ірімшік, медведь - аю. т. б. Әділ қазылар алқасына сөз

V. Бесінші кезең: «Көңілді сәт» Әр топтан екі бала шығып билейді. Қандай би, қай ұлттың биі екенін шешеді.
Әділ қазылар алқасына сөз
ҮІ «Сөз құра» «ҚАЗАҚСТАН» сөзінен жаңа сөздер құрастыру (капитандар сайысы).
Қаз, аз, ат, тана, ана, апа, ата, тас, сат, саз, нас, ақ, қас, сас т. б
ҮІІ. « Өнерлі өрге жүзер.» Әр топ өз өнерін көрсетеді.
Әділ қазылар алқасына сөз
Қорытындылау, марапаттау
Осымен, Бақытты сәт атты ойынымыз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет. Өмірде бақытты сәттеріңіз көп болсын.

Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 291
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 290
Роботтар: 3
серик
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика