Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Етістік

17 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды етістік туралы‚ оларға қойылатын сұрақтарды меңгерту. Сөйлем ішінен етістік сөздерді таба білу дағдыларын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ұжымда өзін - өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Әдіс - тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Сөйлем, суреттер, қимақағаздар‚ «Етістік» кестесі.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру. Өткен тақырыпты пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық дайындық, топқа бөлу.
Көк және қызыл шарларды жарып, ішіндегі тілектерді балалар бір – біріне оқиды.
- Әрқашан күніміз жарық болсын.
- Денсаулығың мықты болсын.
- Күнделігің толған бес болсын.
- Ата - анаңның қуанышы бол.
- Еліміз әрқашан тыныш болсын.
- Аспанымыз ашық болсын.
- Әрқашанда жүзіңнен күлкі кетпесін.
- Біздің ауылымыз жадырай берсін, көркейе берсін.
Мұғалім: Тамаша балалар енді кім көк шар алса сол бірінші топқа барсын, ал кім қызыл шар алса екінші топқа барсын.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.

Үй тапсырмасымен жұмыс:
Білімді жан - жақты тексеру кезеңі (сұрақтар қою).
 Балалар біз өткен сабақтарда не үйрендік?
 Жақсы олай болса зат есім туралы білетіндеріңді мында жазамыз.

Септік атаулары Сұрақтары Септік жалғаулары

Атау септік Кім? Не? дәрігер
кітап мұғалім
қалам
Ілік септік Кімнің? Ненің? - ның, - нің, - дың, дің, - тың, - тің,. дәрігердің
кітаптың мұғалімнің
қаламның
Барыс септік Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке. дәрігерге
кітапқа мұғалімге
қаламға
Табыс септік Кімді? Нені? - ны, - ні, - ды, - ді, - ты, - ті. дәрігерді
кітапты мұғалімді
қаламды
Жатыс септік Кімде? Неде? - да, - де, - та, - те. дәрігерде
кітапта мұғалімде
қаламда
Шығыс септік Кімнен? Неден? - нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен. дәрігерден
кітаптан мұғалімнен
қаламнан
Көмектес септік Кіммен? Немен? - мен, - бен, - пен. дәрігермен
кітаппен мұғаліммен
қаламмен
І топ: “Дәрігер” сөзін септейміз. Орындарында отырған оқушылар “кітап” сөзін
септейді.
ІІ топ:“Мұғалім” сөзін септейміз. Орындарында отырған оқушылар “қалам” сөзін септейді
Жаңа сабақ.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру. Ребус шешу арқылы жаңа сабаққа көшу.

Етістік.
Балалар сендер етістік туралы білесіңдер. Сендер бұл сөз табымен 2, 3 - сыныптарда танысқансыңдар. Ал бүгін етістік тақырыбына жаттығулар орындайтын боламыз.
Етістік туралы өз білетінімізді ортаға салайық.

Е т і с т і к Мағынасы Заттың іс - әрекетін, қимылын білдіреді.
Сұрақтары Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Дара
Бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: баста, кес, тасы, тара, аяқта, оқы.
Күрделі Кемінде екі етістіктің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: алып кел, шөлдеп кеттім, жазып отыр, уәде берді.
Болымды Іс - әрекеттің жүзеге асқанын білдіреді. Мысалы: алды, жаздыр, өшірді.
Болымсыз Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. - ма, - ме, - па, - пе, - ба, - бе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.
Негізгі Заттың қимылын білдіретін негізгі етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы: кел, кет, жүр, жаз.
Туынды Етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысалы: ой - ла, есеп - те, сан - а, күл - імсіре, жу - ын.

Оқушылар айтып болғаннан кейін тақтаға “Етістік” кестесін іліп қою.

Дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу сәті “Ее”әрпін жазу.
2 - жаттығу: Мәтінді түсініп оқы.
 Мәтіннен етістіктерді тап, оларға сұрақ қой.
 Әбунасыр әл - Фараби туралы не білесің?
Өте жақсы әрі қарай кеттік.

3 – жаттығу: Жұмбақты оқып, жатқа жаз. Шешуін тап.

Тасарал жалпы білім беретін орта мектебі
Мұғалім: Бастауыш сынып мұғалімі
Аймағанбетова Эльвира Мейрамовна

Етістік жүктеу
2 696
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×