Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»

21 қазан 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
тәрбиелік: оқушыларды елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа түсетін елжанды, ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын ел азаматы болуға тәрбиелеу.
дамытушылық: оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, тіл байлығын дамыту, өзіндік ой - пікірін айта білуіне баулу, сөздік қорын молайту.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, баяндау, сөздік, практикалық, талдау - жинақтау, мадақтау, көрнекілік
Көрнекілігі: Автор суреті, желтоқсан құрбандарының суреті, сөзжұмбақ, Карточкалар, слайд.

Сабақ барысы
Кіріспе - қызықтырушылық кезең
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқу құралдарын түгендеу
• Топтың ұранын айту
Жақсы оқу – антымыз,
Артымызда қалсын алтын із.
Білімнен бақыт табамыз,
Біз бақытты баламыз!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
• Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
(«Ақша қар» өлеңі З. Шүкіров)
• «Ақша қар» өлеңін оқушылардан жатқа сұраймын.
• Сурет бойынша «Қыс» тақырыбына жазған әңгімелерін оқытамын.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
Сөзжұмбақ шешу:
• Рәміз
• Отбасы тірегі
• Жыл басы
• Киелі сан
• Бұрынғы астана
• Көктем айы
• Алып жануар
• Қасиетті ай
• Мұз айдыны
• Жыртқыш құс
• Қазақстан қаласы
• Балалар, ерекше жолдан қандай сөз шықты? (Тәуелсіздік)
• Дұрыс айтасыңдар, балалар осы «тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер? (еркіндік, бостандық)
• Алда қандай мереке келе жатыр?
(16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні)
Танымдық - операционалдық кезең

ІV. Жаңа сабақ
• Онда бүгін біз Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін өтеміз.
• Алдымен Тұманбай Молдағалиев өмірімен таныстырамын.
Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу кеңшарында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Көптеген өлеңдері бар. 1956 жылы - Қазақтың Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 2011 жылы 10 қазанда дүниеден өткен.

Кітаппен жұмыс
• «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіремін.
• Балалар, 16 желтоқсан, ерекше күн екен, енді сол күннің тарихына тоқталайық.
• Балалар, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Яғни, 1986 жылдың
16 - 17 желтоқсан күндері қазақ жастары өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін «Өз елін, өз көсемі (қазағы) басқарсын» деген ұранмен Республика алаңына шеруге шыққан болатын. Бірақ, бейбіт тілекпен шыққан жастарды аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Енді осы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр аға – апаларымызбен танысайық.
• Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға - апаларымызды есімізде сақтайық: Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова. Міне, балалар, біз осындай аға - апаларымыздың арқасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел атандық. Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл.
• «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін түсіндіріп, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстырамын
• Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.

Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен» жүктеу
2 387
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі мен «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен. Көп ұстазды көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×