Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест 1 сыныптарға арналған

26 қазан 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Алғы сөз
Бүгінгі күн талабына сай білімді, логикалық ойлау қабілеті жоғары дамыған тұлғаны қалыптастыру - әр мұғалімнің міндеті. Жалпы математика, дүниетану, ана тілінен тест тапсырмалары жинағы оқушылардың меңгерген білімдерін ағымдағы және қорытынды жасауға арналған 1 сыныптар үшін тестілер берілген. Жинақталған материалда бірінші сыныптың негізгі үш пәні бойынша бағдарламаға сай құрастырылған. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру қажет. Осы орайда әр баланың білім білік дағдысын анықтауда тест жұмыстарын жүргізу тиімді. Бұл жинақта 1 сынып бойынша негізгі үш пән қамтылған. Әр пән бойынша тарауға бөлініп құрастырылды. Тест жинағы арқылы оқушылардың ой - өрісін дамытып, байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оларды жалықтырмай, ойша тұжырымдама жасауға көмекші болып табылады. Бұл еңбектің басты мақсаты - 1 сынып оқушыларының әр пән бойынша алған білімдерін барынша толық қайталау.

Дүниетану
№1. Қоршаған дүние
1. Қоршаған дүние деген не?
а) күн, ауа, жер, су ә) табиғат, нәрселер б) адам жасаған заттар
2. Өлі табиғатқа нелер жатады?
а) күн, ауа, су, тас, құм, саз ә) адам, жануар, өсімдік б) адам жасаған заттар
3. Тірі табиғатқа нелер жатады?
а) ауа, су, тас ә) адам, жануар, өсімдік б) адам жасаған заттар
4. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмашылығын айт
а) туады, қоректенеді, өседі, көбейеді, өледі ә) ішеміз, тағам болады, жылу береді б) жарық береді, жылу береді
5. Адам қолымен жасалған заттар
а) адам, жануар, өсімдік ә) күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз б) ұшақ, орындық, машина, компьютер
6. Табиғат адамға не береді?
а) адам, жануар, өсімдік ә) тау, тас, құм б) ауа, су, тағам, жылу, жарық
7. Табиғи құбылыстарды тап
а) жаңбыр, қар, бұршақ, найзағай ә) күн, жер, су, тау, тас, құм, саз б) адам, жануар, өсімдік
8. Адам көп нәрсені неден үйренеді?
а) табиғатан ә) жануардан б) өсімдіктен
9. Табиғатты не үшін қорғану керек?
а) өмір сүру үшін ә) үйрену үшін б) демалу үшін
10. Табиғат сұлулығы дегенге қалай түсінесің?
а) өсімдіктері, жануарлары ә) табиғат байлықтары б) айналаны қоршаған дүние

№2. Адам
1. Адамның есту мүшесін тап
а) құлақ ә) көз б) мұрын
2. Адамның көру мүшесін тап
а) құлақ ә) көз б) тіл
3. Адамның иіс сезу мүшесін тап
а) құлақ ә) мұрын б) тіл
4. Адамның дәм сезу мүшесін тап
а) құлақ ә) көз б) тіл
5. Адамның сипап сезу мүшесін тап
а) құлақ ә) тері б) тіл
6. Табиға құбылысын тап
а) өсімдік ә) қар б) жануар
7. Ауа температурасы немен өлшенеді?
а) қолмен ә) көбен б) термометрмен
8. Жылылық қандай таңбамен белгіленеді?
а) - 10 ә) +10 б) 0
9. Суықты қандай таңбамен белгілейді?
а) +8 ә) - 15 б) 0
10. Қардың шартты белгісін тап
а) - ә) * б) 0

№3. Күз
1. Күзгі жапырақтардың түсі қандай?
а) көк ә) жасыл б) сары
2. Күзде ауа - райы қандай болады?
а) бұлтты ә) жаңбырлы б) ашық
3. Бақта нелер өседі?
а) жеміс - жидек ә) көкөніс б) гүлдер
4. Бақтың достарын тап
а) құстар ә) құрт - құмырсқа б) ара
5. Бақтың зиянкестерін тап
а) құстар ә) құрт - құмырсқа б) адам
6. Бақшада нелер өседі
а) жеміс - жидек ә) көкөністер б) гүлдер
7. Бақшаның достарын тап
а) қанқыз ә) ұлу б) шырыш
8. Бақшаның зиянкестерін тап
а) орамжапырақ көбелегі ә) құстар б) көбелектер
9. Жемісті тап, белгіле
а) алмұрт ә) қияр б) сәбіз
10. Көкөністі тап, белгіле
а) алма ә) қарбыз б) жүзім

№4. Адам еңбегі
1. Адамдардың күзгі еңбегі қандай?
а) қысқа дайындық ә) жеміс жинау б) көкөніс жинау
2. Отбасында қысқа қандай дайындық жасалады?
а) тосап жасау, көкөністерді тұздау ә) қысқы киім дайындау б) қысқа жалпы дайындық
3. Ағаштарды тап
а) қайың ә) құлпынай б) жусан
4. Бұталарды тап
а) бақбақ ә) емен б) бөртегүл
5. Шөптесін өсімдікті тап
а) қарағай ә) түймедағы б) шырғанақ
6. Өсімдіктердің ең негізгі мүшесін тап
а) тамыры ә) жапырағы б) сабақтары
7. Бөлме өсімдіктерін тап
а) кактус ә) қалампыр б) жауқазын
8. Өсімдіктердің көбі не арқылы көбейеді?
а) тұқым ә) түйнек б) қалемше
9. Бір тұқымды жемісті тап
а) алма ә) шие б) жүзім
10. Көп тұқымды жемісті тап
а) анар ә) шабдалы б) абрикос

№5. Жануарлар әлемі
1. Жабайы аңдарды тап
а) аю ә) түйе б) ит
2. Қыста ұйқыға кететін аңды тап
а) түлкі ә) борсық б) қоян
3. Күзде аңдардың жүні түсуін қалай атайды?
а) өсу ә) түлеу б) түсу
4. Жабайы аңдар немен қоректенеді?
а) өсімдік, шөп, тамыр, жаңғақ, дәнді - дақыл, бал, жәндіктер
ә) үй жануарлары, құстар, балықтар
б) бауырмен жорғалаушы, қосмекенді
5. Құстар күзде қандай жаққа ұшып кетеді?
а) суық жаққа ә) жылы жаққа б) сулы жаққа
6. Құстар немен қоректенеді?
а) құрт - құмырсқа ә) балықтар б) қосмекенділер
7. Жыл құстарын тап
а) қарлығаш, аққу, қараторғай, көкек ә) шағала, қарға, торғай, сауысқан
б) бүркіт, бірқазан, бұлбұл
8. Киелі, сұлу құсты тап
а) көгершін ә) аққу б) бұлбұл
9. Бейбітшілік құсын тап
а) қарлығаш ә) тырна б) көгершін
10. «Орман емшісі» деп қай құсты айтамыз?
а) бозторғай ә) тоқылдақ б) шағала

Ақмола облысы, Бурабай ауданы
№9 мектеп - гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Уалиева Гульнар Мейрамбекқызы

Тест 1 сыныптарға арналған жүктеу
9 350
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логика курсының бағдарламасы
Логика курсының бағдарламасы
Берілген логика курсының бағдарламасы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасап отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне сенімді болуға, ақыл ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдармен қамтылған.
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал Бұл жинақта 1 - 4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан - жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Математика пәнінен бақылау жұмыстары (1 - 2 сыныптарға арналған)
Математика пәнінен бақылау жұмыстары (1 - 2 сыныптарға арналған)
Құрастырылған бақылау жұмыстары әр тоқсанға бөлінген. Алдағы уақытта бұл жинақты бастауыш сыныптың мұғалімдеріне өз сабақтарында қолдануға ұсынып отырмын.
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Алғы сөз Бұл тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған. Әр модульдан кейінгі нәтиже сабақтарына қосымша. Тест 7 - сыныбының ХХІІІ модуліне екі нұсқадан тұрады: грамматикалық тестер, тақырыптық тестер, лексикалық тестер. Тест сұрақтары
6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері
6-қазақ сыныбына арналған тоқсандық бақылау тесттері
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×