Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тасымал. Өз Астанам - өз ордам

27 қазан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Өз Астанам - өз ордам.
Ашық сабақ
Ана тілі, 1 сынып
Сабақтың мақсаты: Тасымал жайлы түсінік беру. Н. Айтовтың «Өз Астанам - өз ордам" өлеңінің мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
• Тасымал жайлы оқушыларға білім беріп, сөздердің тасымалдану жолдарын меңгерту. Астана жайлы білімін кеңейту.
• Астана қаласымен таныстыру арқылы оқушылардың дүниетанымын, тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Мәнерлі оқуға жетелеу. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
• Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жерді құрметтеуге, әсемдікке, сұлулық сырын ұғынуға тәрбиелеу. Ән айтуға баулу.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың моделі: ИОТ
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, пікірлесу, тауып айту, ми шабуылы, ой өрбіту, оза шаба оқыту, түйіндеу, ширату, «Өз позицияңды ұстан» стратегиялары, ойын жаттығулар.
Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта топтамасы, слайдтар, бағалау белгілері, суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру: Әнұранды орындау
ΙΙ. Үй жұмысы: Мұғалім:
- Балалар, Әнұран еліміздің несіне жатады?
- Ел рәміздерін атап жіберіңдерші.
- Әнұран авторлары кімдер?
- Ендеше, үйге берілген Ө. Ақыпбекұлының «Әнұран» өлеңін жатқа айтып берейік.
- Автор жайлы не естеріңде қалды?
Ақыпбекұлы Өтепберген (8. 10. 1950 жылы Алматы облысы, Қапал ауданы, Ақсу ауылында туған) - ақын.
1973 - 1985 жылдары "Қапал еңбеккерлері" газетінде аға тілші, бөлім меңгерушісі, 1985 - 1995 ж. "Қазақ әдебиеті", "Жалын", "Денсаулық", "Жанашыр", "Халық конгресі" басылымдарында аға тілші болып жұмыс істеген.
Ескерту: сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларға «Бәйтерек» белгісін беріп отырамын. Белгілерді санау арқылы бағаланасыңдар: 5 белгі - «5», 4 белгі - «4», 3, 2 белгі - «3», 1 н/се еш белгі жоқ - «2»

ΙΙΙ. Жаңа сабақ:
- Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы қай қала?
- Қазақстан картасынан тауып беріңдерші.

- Ендеше, бүгін Н. Айтовтың «Өз Астанам - өз ордам» өлеңін оқимыз.
1. Автормен таныстыру:
Айтов Несіпбек Тұрысбекұлы (22. 9. 1950 жылы туған, ҚХР, Шынжаң өлкесі, Шәуешек ауданы, Теректі - Қақпатас елді мекенінде туған) - ақын.
ҚазҰУ - ды бітір¬ген (1974). 1967 - 69 ж. Семей облысы, Шұбартау ауданы, "Жаңа өмір" газетін¬де әдеби қызметкер. 1974 - 84 ж. "Балдырған" журналында бөлім меңгерушісі, 1984 - 85 ж. "Жалын" баспасында редактор. 1997 - 2001 ж. "Қазақ әдебиеті" газетін¬де сын бөлімінің, "Жұлдыз" журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2. Мәтінмен жұмыс:
* Мұғалімнің үлгі оқуы
* Түсініксіз сөздермен жұмыс: Өркен - өскін, шыбық, бұтақ (өркендеу - даму, өсу, үлкею)
Орда сөзіне түсінік: 14 - 15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік - экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың халқы – қыпшақтар.
• Бір шумақтан хормен оқыта отырып, мәтін мәнін ашу мақсатында талдау жұмысын жүргізу
• Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.

Сергіту сәті: «Қазақстан - туған жерім» әнін хормен айту.
Мұғалім:
Тақтаға бәріміз қарайық,
Мұқият назар салайық.
Бас қаламыз – Астана жайлы
Білімімізді толықтырып алайық.
Қосымша деректер:
Тарихы: Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ - орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады
1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды
1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді
1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады
1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді
1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

«№42 жанында интернаты бар
жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Сынып жетекшісі: Сексенбаева М. М.

Тасымал. Өз Астанам - өз ордам жүктеу
1 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Өз Астанам – өз ордам» Несіпбек Айтов
«Өз Астанам – өз ордам» Несіпбек Айтов
Оқушыларды еліміздің астанасы Астана қаласымен және тарихымен таныстыру. Оқушының дүниетанымын Отанға, туған елге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Тасымал. Отан
Тасымал. Отан
Өлеңді оқып, негізгі ойын ашу; отан туралы түсініктерін кеңейту, тасымал түрлерін ұғындыру Сауатты жазып, мәнерлеп оқуға жетелеу
Қазақстанның астанасы
Қазақстанның астанасы
Оқушыларға коммуникативтік бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, бір - бірімен қарым-қатынас дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Тасымал. Алматы
Тасымал. Алматы
Астана қаласы, № 8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мукашева Зауре Бопиқызы
Тасымал «Өз Астанам – өз Ордам»
Тасымал «Өз Астанам – өз Ордам»
Ә. Жангелдин атындағы № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Өз Астанам – өз ордам
Өз Астанам – өз ордам
Несіпбек Айтов Бастауыш сынып мұғалімі Ана тілі 1 сынып Сабақтың тақырыбы: Өз Астанам – өз ордам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×