Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік

31 қазан 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: В Натурал сандардың бөлінгіштігі
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5. 1. 1. 7 Ортақ бөлгіш, ортақ еселік, ЕҮОБ, ЕКОЕ ұғымдарының анықтамаларын білу;
5. 1. 1. 8 Өзара жай сандардың анықтамасын білу;
5. 1. 2. 12 Екі және одан артық сандардың ЕҮОБ - ін және ЕКОЕ - ін табу
5. 5. 1. 2 Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ - ін қолдану
Сабақтың мақсаты 1. ЕҮОБ, ЕКОЕ, өзара жай сандар анықтамасын біледі;
2. Екі және одан артық сандардың ЕҮОБ - ін және ЕКОЕ - ін табады;
3. Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ - ін және ЕКОЕ - ін табу ережесін қолданады
Бағалау критерийі 1. Екі және одан артық сандардың ЕҮОБ - ін табады
2. Екі және одан артық сандардың ЕКОЕ - ін табады
3. Өзара жай сандарды ажыратады
4. Мәтінді есептерді шығаруда ЕҮОБ және ЕКОЕ - ін табу ережесін қолданады
Тілдік мақсаттар
Пәнге қатысты лексика мен терминология: ортақ бөлгіш, ортақ еселік, өзара жай сан
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
- Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп.....
- …………. ең кіші ортақ еселік деп атаймыз
- …………өзара жай сандар деп аталады
- Кез келген а және в натурал сандары үшін олардың ……мен………. көбейтіндісі, сол сандардың ………тең.
Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым - қатынас жасау қабілеттілігі, денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету
Пәнаралық байланыс Әдебиет, жаратылыстану, геометрия
АКТ - ны қолдану дағдысы Презентация, мультимедиалық құралдар
Алдыңғы білім
Жай сандар, құрама сандар, көбейткіштер

І. Қызығушылықты ояту
1. Психологиялық тренинг 3 минут
«Көңілді күн» – оқушылар бір - біріне бір сөзден тұратын жақсы тілек айтады, келесі оқушы соңғы әрібінен жалғастырып тілекті жалғастырады.
Белсенді оқытуды арттыру мақсатында оқушыларға өткен тақырып бойынша бірнеше сандар жазылған кеспе қағаз таратылады. Сол сандардың ішінен 2 - ге еселік, 3 - ке еселік, 5 - ке еселік сандар мен 2 - ге де, 3 - ке де, 5 - ке де еселік сандар арқылы топқа бөлінеді (4, 8, 14, 16, 9, 21, 30...):
1 - топ: 2 - ге еселік сандар
3 - топ: 5 - ке еселік сандар 2 - топ: 3 - ке еселік сандар
4 - топ: 2 - ге де, 3 - ке де, 5 - ке де еселік сандар

2. Үй тапсырмасын тексеру 3 минут
Оқушылар жеке - жеке үй тапсырмасының жауабын айтады, егер жауап дұрыс болса оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды

ІІ. Миға шабуыл
1. «Әркімнің өзі шығар биігі бар» 15 минут
4 топқа 4 тапсырма беріледі. Мұғалім оқушыларды мадақтау арқылы бағалайды және оқушылардың қажеттіліктерін анықтау барысында «Т кестесі» стратегиясымен кері байланыс жасап, әр оқушы түсінгені мен түсінгісі келетін тұстарын жазады.
Түсіндім Түсінгім келеді

«Бірге ойлаймыз» стратегиясымен сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тарту мақсатында тапсырманы орындауға көмек ретінде сұрақ қоямын. Мысалы, берілген санға еселік санды ата, берілген санды жай көбейткішке жікте және т. б
1 - тапсырма: Берілген сандардың ЕҮОБ табу, анықтамасын қорытып шығарыңыздар. №693 есеп
ЕҮОБ табу дескрипторы:
1) Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді
2) жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазады
3) ортақ жай көбейткіштердің көбейтідісін табады

Анықтама: Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады
Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші сол сандардың жіктелуіндегі ортақ жай көбейткіштердің көбейтіндісіне тең

2 - тапсырма: Берілген сандардың ЕКОЕ табу, анықтамасын қорытып шығарыңыздар.

№715
ЕКОЕ (6; 8) =? ЕКОЕ (12; 20) =?
ЕКОЕ (9; 15) =? ЕКОЕ (12; 15) =?
ЕКОЕ - ні табу дескрипторы:
1) берілген натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктейді;
2) берілген сандардың ең үлкенінің жай көбейткіштерін жазады;
3) оны оның жіктелуінде жоқ, бірақ басқа сандардың жіктелуінде бар жай көбейткіштермен толықтырады
4) шыққан көбейткіштердің көбейтіндісін табады

Анықтама: Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды сол сандардың ең кіші ортақ еселігі деп аталады

3 - тапсырма: Берілген сандардың ЕҮОБ табу, өзара жай сандардың анықтамасын қорытып шығарыңыздар
ЕҮОБ (7; 11) =?
ЕҮОБ (8; 15) =?
ЕҮОБ (4; 19) =?
Дескриптор:
1) Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді
2) жіктеулердегі барлық ортақ жай көбейткіштерді теріп жазады
Анықтама: 1 - ге тең бір ғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар өзара жай сандар деп аталады

Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар. Ең кіші ортақ еселік. жүктеу
4 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) және ең кіші ортақ еселік (ЕКОЕ)
ЕҮОБ, ЕКОЕ ті үйрену сабақта қолдану арқылы оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулу.
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Натурал сандардың бөлінгіштігі. Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
Жай және құрама сандар, натурал сандардың бөлінгіштігі, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу, ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселікті еске түсіріп, тұжырымдайды.
Ең кіші ортақ еселік
Ең кіші ортақ еселік
Оқушыларға берілген сандардың ең кіші ортақ еселігін табуды үйрету, тақ сандар, жұп сандар, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
Ең кіші ортақ еселік
Ең кіші ортақ еселік
ЕКОЕ алгоритмін пайдалана отырып, есеп шығаруды үйренеді Сандар түрін ажырата біледі біледі. Жай көбейткіштерге жіктей алады
ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару
ЕҮОБ және ЕКОЕ тақырыптарына байланысты есептер шығару
Алматы облысы, Балқаш ауданы, «Көкжиде орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің математика - информатика пәні мұғалімі Абитбекова Жанар Санаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×