Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХХI ғасыр көшбасшысы

04 қараша 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық тәрбие сағаты «ХХI ғасыр көшбасшысы» 1 сынып
Сабақтың мақсаты:
1. Сабақта алған білімдерін жинақтап жүйелеу,
2. Танымдылықтарын, әр сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
3. Өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекті құралдар: плакаттар, кестелер.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың барысы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Қаныш Сәтбаев «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Ал сол білімді жастарды болашақта біздер құрайтын боламыз. Осы мақсатпен сыныбымызда « ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізгелі отырмыз. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫ ТАНЫСТЫРУ

Өту барысы: Сайысқа 6 бала қатысады. Олар өздерін таныстырады.
Сайыс 5 бөлімнен тұрады
І бөлім: «Бәйге»
ІІ бөлім: «Полиглот»
ІІІ бөлім: «Жеті жұмбақ»
ІҮ бөлім: «Көкпар»
Ү бөлім: «Жорға»

І бөлім: « Бәйге»
14 сұрақ, әр сұраққа 5 ұпай беріледі.
1. Қазақстан Республикасының астанасы.(Астана)
2. Қара алтын деген не?(көмір)
3. Киіз үйдің қабырғасын қалай атайды?(Кереге)
4. Сенің әкеңнің шешесі кім болады?(Апа)
5. Мектептегі ең жоғары баға(бес)
6. Кекілік құс па, жануар ма?(Құс)
7. 2 - ні үш рет қосқанда неше болады?(6)
8. Жыл мезгілдерін ата(күз, қыс, көктем, жаз)
9. дыбыстар неше түрге бөлінеді? Қандай? (2 түрге, дауысты, дауыссыз)
10. Қыста түрін өзгертпейтін ағаш(шырша)
11. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді?(бағдаршам)
12. Кітапханада кім істейді?(кітапханашы)
13. Қойдың төлі(қозы)
14. Жеті күн(апта)

Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

ІІ бөлім: «Полиглот» Әр сұраққа 10 ұпай беріледі.
Бұл бөлімде жұмбақтар берілген. Оның шешуін қазақ - орыс тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ тіліндегі жауаптарына 5 ұпай, орыс тіліндегі жауапқа 5 ұпай беріледі. Толық жауапқа 10 ұпай. 2 - кезең бойынша ұпайы аз 1 оқушы келесі 3 - кезеңге өте алмайды.
1. Әр адамның шағын отаны
( Жанұя - семья - family)
2. Жылт – жылт етеді,
Жылғадан өтеді ( су - вода - water)
3. Футболшының алаңдағы ойын заты
(Доп - мяч - ball)
4. Мұртымен туады,
Мұртын күнде жуады. (Мысық – кошка - cat)
5. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar)
6. Айдалада ақ отау,
Аузы – мұрны жоқ отау (Жұмыртқа – яйцо - egg)
7. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. (алма – яблоко - apple)
8. Жеті қазынаның бірі, адамды қорып жүретін досы
(Ит - сабака - dog)
Үшінші айналымды бастаймыз. Әр пән бойынша 5 сұрақ қойылады. Әр сұраққа 10 ұпай беріледі
Әр оқушы өзіне пәнді таңдап алады.
Математика.
1. сызықтың неше түрі болады? (2) түзу, қисық
2. Бірінші қатарда 7бала отыр, екінші қатарда одан 4 бала артық отыр.
Екінші қатарда қанша бала отыр?(11)
3. Қосындының мәні қай кезде өзгермейді? (қосылғыштардың орындарын ауыстырған кезде)
4. теңсіздікке мысал келтір. (3 5)
5. 5 - 2=3 теңдігінде 3 деген не? (айырманың мәні)
Дүниетану.
1. Адам немен тыныс алады?(ауа)
2. Адамға ең қажетті жағдайлар?(ауа, су, жарық, жылу, тағам).
3. Өсімдіктің жер асты мүшесі?(тамыр)
4. Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?(табиғаттан)
5. даладағы ауа райын не арқылы біле аламыз? (термометр)
Қазақ - тілі
1 Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
2. дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді? (2)
3. Адамдар не арқылы хабар береді, сұрайды, кеңеседі?(тіл)
4. Сөз неден құралады?(әріптен)
5. «Бесінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді?(нешінші)
Музыка
1. до, ре ми – бір сөзбен айтқанда? (нота)
2 қазақтың ұлттық аспабы? (домбыра)
3. өлеңнің музыкасын жазған адам? (композитор)
4. көптеген адамның бір әнді орындау (хор)
5. Музыкада қанша нота болады? (7)
Жалпы сұрақтар.
1. Үй құстарын ата(тауық, қаз, үйрек)
2. қасқыр – қандай аң? (жабайы, жыртқыш)
3. Құстар жылы жақтан қай уақытта келеді?(көктем)
4. мектеп – гимназияның директорының есімі ( Баймуратова Фарида Альясқызы)
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ)
ІІ бөлім аяқталған соң, ұпайы аз оқушы ойыннан шығады 1 оқушы шығады.

Үшқоңыр ауылы орта мектеп - гимназия
Өткізген: Жанылысова М. Б.

ХХI ғасыр көшбасшысы. жүктеу
1 942
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну,
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Интеллектуалдық ойын «XXI ғасыр көшбасшысы»
XXI ғасыр көшбасшысы
XXI ғасыр көшбасшысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
ХХІ ғасыр көшбасшысы
ХХІ ғасыр көшбасшысы
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалім Айназарова Гүлзира Данағұлқызы
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Тәуелсіздікке тарту ( XХІ ғасыр көшбасшысы)
Абилхайрова Толқын Бисенбіқызы. Атырау обл, Исатай ауданы , Жанбай селосы. Х. Наубетов атындағы орта мектеп. Технология пәнінің мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×