Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек

05 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір - бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
2. Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру өздіктерімен жұмыс істеп қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Өсімдік тіршілігіне маңызды жағдайлар туралы түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, өсімдіктердің суреттері, тест.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
• Балалар қазір қай сабақ?
• Дүниетану сабағы.
• Дүниетану сабағында сендерге қандай білім беріледі?
• Дүниетану сабағында қоршаған орта, табиғат туралы білеміз.
• Өте жақсы.
• Бүгін сендердің білімдеріңді байқау үшін сабаққа қонақтар қатысып отыр. Өздеріңді еркін ұстап, саспай өз ойларыңды нақты жеткізулеріңді сұраймын. Сабағымыз сәтті болсын!

II. Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердім сіздерге
Құрметпенен біз
1 - топ Ағаштар (емен, терек, қарағай)
2 - топ Бұталар (таңқурай, қарақат, итмұрын)
3 - топ Шөптесін (алабота, бақбақ, жусан)
Олай болса ағаштар, бұталар, шөптесін бір сөзбен не деп айтамыз?
- Өсімдіктер!
- дұрыс айтасыздар

III. Үй тапсырмасын пысықтау.
1. Өсімдіктің өсуі үшін не керек?
топырақ
2. Топырақтың құрамын ата.
Ауа, су, саз, құм, шірінді
3. Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі?
Құнарлы топырақта жақсы өседі.
4. Құнарлы топырақ деген не?
Құрамында шіріндісі мол топырақ.
5. Шірінді қайдан пайда болады?
Түскен жапырақты жинап топыраққа көміп шірітеді.
6. Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ қалай аталады?
құнарсыз
7. Құнарлы топырақтың құнарлылығын арттыру үшін не істейді?
Тыңайтады.
8. Тыңайту деген не?
Тыңайту дегеніміз - өсімдікке керекті қоректік заттарды топыраққа қосымша араластыру.
9. Тыңайтқыштарға не жатады?
Құстардың саңғырығы, көң, т. б
Үй тапсырмасын қорытындылай келе: Мен сендерге мынандай тапсырма дайындадым
1 - топқа сабақтың қызметі
2 - топқа тамырдың қызметі
3 - топқа жапырақтың қызметі
Балаллар Гүл алаңына қарайық. Күлтелердегі сөздерді дұрыстап оқып жасырын сөзді табайық.
Өсімдікке: ауа, су, жарық, қорек, жылу
Өсімдіктің өсуіне қажетті қандай жағдайларды атай аласыңдар?
• Ауа, жылу, жарық.
• Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі біздің тақырыбымыз өсімдікке ауа, жылу және жарық керек?
Мақсаты: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлардың маңыздылығын білу.
Түсіндіру:
Оқулықпен жұмыс.
1. Мұғалімнің оқуы.
2. Тізбектеп оқыту.
3. Суретпен жұмыс
4. Топтық тапсырма
Көктем Жаз Күз

Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Қызықты деректер
арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Ең үлкен гүл - раффлезия Әлемдегі ең үлкен гүл — Раффлезия Арнольд. Оның салмағы 11 кг және диаметрі 91 см. Ол Индонезиядағы Суматра аралында өсіп жатыр
Ең үлкен тамырлы өсімдік – жабайы фикус
Әлемдегі ең алып жеміс - джекфрут ағашында өседі. Үлкендігі қандай дейсіз бе? Ағаш жемістерінің ұзындығы - 90 сантиметрге жетсе, ені 20 сантиметрден асады. Салмағы - 34 келі.
Ең үлкен сабағы бар өсімдік – ротанга пальмасы
Ең үлкен жапырақ – рафия пальмасы Әлемдегі ең ұзын жапырақҰзындығы 20 метр
Сабақты қорыту: «Өсімдік тіршілігі» атты сызба құрастыру.

Тақтамен жұмыс
Балалар өсімдік қай организмге жатады?
Өсімдік – тірі организм
Біз кімбіз? Біз – адамбыз. Адамның достары өте көп. Солардың қатарында өсімдіктер де бар. Олар бізге әрқашан қамқор болған, әрі қамқор бола береді. Егер әрине адамдар олардың достығын құрметтей білсе. Олар қамқорлығымен бірге бізге қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды.
Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені олар өседі, өнеді, көбейеді, уақыты келгенде немесе ауырса - солып, тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс алады. Оған өсуі үшін:
- күннің жылуы,
- таза ауа,
- су,
- қоректік заттар керек.
Мінекей, оларда адамдар сияқты. Күтімі жақсы болса жақсы өседі, әдемі болады. Күтімі нашар, жоқ болса қисық өседі, немесе қурап қалады. Біз бұдан өсімдіктің тірі организм екендігін білеміз.

Үйге тапсырма: 71 - 73 бет оқу «Өсімдік тіршілігі» атты сызбаны дәптерге
құрастырып, жазып келу тапсырылады.
Бағалау.
2 093
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
ДҮНИЕТАНУ Дүниетану. 2 - сынып № 1. Тақырыбы: Адам өміріне не қажет? № 2. Тақырыбы: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар.
Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған
Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған
Адамға, жануарларға және өсімдіктерге – бәріне қажетті жағдайлар? а) баспана, жылу, азық, су; ә) ауа, су, қорек, жылу, жарық; б) ауа, топырақ, жарық, күн.
Өсімдіктер тіршілігі слайд
Өсімдіктер тіршілігі слайд
Өсімдіктер тіршілігі Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек (слайд)
Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек
Байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір-бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу. Қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Өсімдіктердің қысқы тіршілігі
Атырау облысы, Геолог поселкесі, Қ. И. Сәтбаев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Амирова Гүлмаржан Қадірліқызы
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Жарық – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221Аққұм мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нысанбаев Бақберсін Ізбасарұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×