Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Г дыбысы мен әрпі

09 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Г дыбысы мен әрпін оқуды жалғастыру. Г дыбысын сөз ішінен табуға, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету.
ә) Дамытушылық: Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойларын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту. Оқушыларды дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап
Пән аралық байланыс: Еңбек, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, жеке суреттер, Ақан серінің портреті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:(тренинг)
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.

ІІ. Өткен сабақты қайталау Жұмбақ шешу.
1) Газда бар, ауада жоқ.
Гүлде бар, жуада жоқ - бұл қандай әріп? (Гг)
2) Жұпар исі еді,
Жайнап бақта өседі (гүл )
- Жарайсыңдар балалар. Біздің мектебіміздің алдында көктем мезгілінде гүл егеміз. Сыныбымызда да гүлдер өте көп. Біздер гүлді не үшін өсіремз? (оқушылардың жауабы)
- Иа гүл өте әдемі, айналаны көркейтеді, көмірқышқыл ауаны шығарады
- Біздер өткен сабақта қандай әріппен танысып едік? (Г г)
1. Г қандай дыбыс?
2. Сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында)
3. Г әрпі кездесетін сөздерді айтқызу.
- Біздер өткен сабақта көгершін туралы өлеңмен таныстық.
«Көгершін» туралы білетіндерін айтқызу.

- Балалар бүгін біздерге көгершіндер қонаққа келді. Олар бізге сұрақтарын дайындап келген екен, ендеше сұрақтарға жауап берейік.
1. Сегіз сөзін буынға бөл.
2. Гүл сөзіне дыбыстық талдау жаса.
3. Дәрігер сөзіне сөйлем құра.
4. Ертегі сөзіне сөйлем құра.
5. Шеге сөзін буынға бөл.

«Кім тапқыр?» (ойын)
Тақтаға екі оқушы шығып гүл, егін - сөздерін жазып, дауысты, дауыссыз дыбыстардың астын сызу.(қызыл, көк бормен)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы 1 - қатардағы сөздерді түсіндіру. К - дыбысынан кейін дауысты дыбыс жалғанғанса К дыбысы Г дыбысына айналады.
Мысалы:
а) Терек - терегі Ілгек - ілгегі
Білек - білегі Етек - етегі
Шелек - шелегі Жәшік - жәшігі
ә) 2 - ші қатардағы сөздерді түсіндіру.
Бәйге - жарыс, ат жарысы
Мәре - жарыста 1 - ші болып келген адамды мәреге жетті дейді.
Мерген - атқанда дәл тигізетін адамды мерген адам дейді
Дәрігер - адамдарды емдейді
Ертегі, әңгіме - әңгімелеуді айтады
Жүгері - өсімдік
Жүген – ат әбзелі
Б) «Ақан сері» оқу, түсіндіру, мағлұмат беру.
Ақан әнші, әрі ақын
Сері деп айтатын себебі, қасына өнерлі адамдарды жинап алып, бір ауылдан екінші ауылға барып, өнерлерін көрсеткен, сондықтан сері деп атаған.

Тізбектеп оқу
Сұрақ - жауап арқылы мәтінді әңгімелеу.
- Ақан кім?
- Ақан серінің қандай тұлпары болған?
- Ол бәйгеден нешінші орын алып келген.?
- Ақан серінің бүркіті қалай аталады?
- Қараторғай туралы не шығарған?

Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық
Дәптердегі сөздерді жазу: гүл, егеу, шеге, көгершін, Құлагер
Сабақты бекіту
«Қатемді тап» (Ойын)
Қате жазылған сөздерді мұғалім тақтаға іледі?
Сеғіз, мерғен, ғұл
(сегіз, мерген, гүл)
Балалар, тақтаға шығып, түзеп жазады

Сурет бойынша топтастыру
Г дыбысы

Мадақтау: смайликтер арқылы
Үйге тапсырма: Ақан сері мәтінін оқу

БҚО, Зеленов ауданы,
Қ. Аманжолов атындағы ЖОББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Н. С Нигметова
3 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен әрпі.
Т дыбысы мен оның әріп таңбасы туралы түсінік беру. Кеспе әріптерден сөз құрауға, буындап оқуға үйрету.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, № 60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Мәншүк Боранбайқызы
Щ дыбысы мен әрпі
Щ дыбысы мен әрпі
Ақтөбе қаласы, № 32 мектеп - гимназия бастауыш класс мұғалімі Ахметова Элеонора Дузжасаровна
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×