Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы

09 қараша 2017, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы
Диктанттар жинағы 2 - 4 сынып оқушыларының жазу дағдыларын тиісті талапқа сай қалыптасуын жетілдіру мақсатында арналған қазақ тілі пәнінен диктанттар терілген. Бұл әдістемелік құрал Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып, бастауыш сынып мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде ұсынылады.

АЛҒЫ СӨЗ
Оқушылардың жазбаша сауатын жетілдіретін жұмыстардың бірі – диктант. Жазба жұмыстарға, оның ішінде диктант жұмысына бірінші сыныптан бастап ерекше қөңіл берген жөн.
Диктанттың буын, терме, сөздік, көру, қатеден сақтандыру және бақылау сияқты түрлеріне оқушыларды бірінші сыныптан бастап үйрете беру керек.
Диктант – орфографиялық, пунктуациялық дағдыны тексеру құралы.
Диктант түрлері мұғалімнің алдына қойған мақсатына орай таңдалып алынады. Оқушының сауатты жазу, шығармашыл ойлау, көркем жазу, өтілген ережені меңгеруі жазылған тапсырмадан көрініп тұрары анық. Бұл болашақта жекелеген оқушылармен жұмысты қалай жүргізу керек екенін анықтауға көмектеседі.
Бастауыш буыннан ортаңғы буынға өткен оқушы келесі сатыға қиындықсыз өтсін десек, сауатты оқушы дайындауға диктант жұмыстарын тиімді қолданайық.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жасақталған диктанттар жинағы әріптестеріме ұсынамын.
ДИКТАНТТЫҢ ТҮРЛЕРІ
Диктант – жазу жұмысының бір түрі. Диктанттың түрлері үйрету мақсатына сәйкес әр түрлі болады.
1. Сөздік диктант – сөзден және сөз тіркестерінен тұрады. Өтілген ережеге сәйкес беріледі.
2. Таңдамалы диктант — өтілген ережені ойында қалдыру үшін беріледі. Мұнда оқушылар мұғалім оқыған тексттен оқыған ережелерге сәйкес сөздерді немесе сөз тіркестерін теріп жазады.
3. Көру диктанты – тақтаға жазылған диктантты оқушылар өздері оқиды. Анықтап қарап, ережелерге сай келетін сөздерді байқады. Мұғалім өзі оқып береді. Текст жабылады. Оқушылар жазып болған соң текст ашылады. Оқушылар өз жазғандарын текстпен салыстырып тексереді. Көру диктанты ережеге бағынбайтын сөздерді оқытқанда көп көмегін тигізеді.
4. Ойша жазу диктанты. Оқушылар мазмұнды тексті оқып, жаттап, ережеге байланысты сөздерді ұғынған соң, есінде қалғанын ойша жазады. Оқушылар болғаннан кейін, дәптерге жазғандарын тақтадағы текст бойынша тексереді.
5. Сақтандыру диктанты. Бұл ережелерді есте сақтау, ережені қайталау мақстында жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Тақтаға шыққан оқушылар ережеге сәйкес келетін сөздерін түсіндіріп, тақтаға жазады. Оның бәрі жазып, астын сызады. Мұндай диктанттар қиын ережелерді өткеннен кейін жазылады. Осы ережеге сай сөздердің дұрыс жазылуын алдын ала ескертіп отырады.
Түсіндірмелі диктант. Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге жетелейді. Бұл диктант оқушылар тақырыпты жақсы түсінген соң жүргізіледі. Мұғалім текстті оқиды. Оқушылар қайталап дәптерлеріне жазады.
Диктанттың тексті оңай, мазмұны ойда қалатыны болуы шарт. Бұл диктантты өткізудің әдістемесі басқалардан өзгеше. Мұғалім тексті толық оқып шығады. Онан кейін мазмұны аяқталған бөліміндегі басты ойды бөле оқиды және тексттің мазмұнын ауызша әңгімелеп тағы да тексті бөліммен оқып береді. Оқушы тексті ойында қалғаны бойынша жазады (3 - 5 сөйлем). Мұғалім бұл жолы оқушының мазмұнын дұрыс, текстегі басты ойды бере білгенін қадағалайды. Диктанттың бұл түрі оқушыларды сауатты жазуға грамматикалық формаларды дұрыс қолдануға және оның жазу тілінің дамуына әсер етеді.
6. Бақылау диктанты. Бір үлкен орфографиялық тақырыпты өткен соң жазылады. Тексте өткен ережеге байланысты мәтіндер беріледі, бір немесе үш грамматикалық тапсырма беруге болады.
Қорытынды бақылау жазба жұмыстары тоқсанның бірінші күні, мейрамнан кейінге және дүйсенбі күні жазылмайды.
7. Оқушы керек сөзді түсіндіреді. Бұл диктант арқылы көп оқушылардың тақырыпты түсінген, түсінбегені анықталады. Оқушылар орфографиялық және грамматикалық талдау жасауға үйренеді. Соңында текст тексеріледі.
8. Көшіріп жазу диктанты. Оқушыларды қате жібермеуге, сөйлемді және оның бөліктерін толық көруге жетелейді. Алдымен оқушылар тексті тақтадан оқиды, өтілген ережелерге байланысты сөздерге түсінік береді, онан кейін тесті көшіріп жазады. Соңынан оқушылар тексеріп шығады. Мұндай диктантты өткізгенде оқушылардың сөзбен емес, толық сөйлемді көшіріп жазуын да қадағалап отыру керек.
9. Шығармашылық диктант. Бұл үйретуші, түсіндірмелі, сақтандыру мақсатында жүргізілуі мүмкін. Оның басқалардың өзгешелігі – оқушылар сөз тіркестерін қолдана отырып текст құрайды. Мұндай жұмыстар оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, ойын, сөз байлығын дамытуға және өткен материалды қайталауға жетелеп отырады. Шығармашылық диктант бірте - бірте күрделенуі керек. Алдымен сөздерден сөйлем құрауға не сөйлемді бастауға немесе аяқтауға сөздер берілуі мүмкін. Немесе тірек сөздерін беріп, белгілі бір сюжетке сөйлем құратуға болады. Алғашқы сөйлемдер ұжымдық түрде талқылануы мүмкін.
10. Еркін диктант. Оның ерекшелігі бір ойды білдіретін бірнеше сөйлемдерді ойында қалдырады. Мұнда оқушылар сөйлемдегі ойды беретін кейбір сөздерді, сөйлемдерді басқа сөздермен бере алады. Бірақ өтілген тақырыпқа сай келетін сөздер болуы керек.
Тәуелсіздікті ардақтайық
Биыл біздің тәуелсіз ел болғанымызға жиырма жыл. Бұл аз мерзім емес. Қанша уақыт өтсе де, біз кешегі 1986 жылы еліміздің тәуелсіздігі үшін орыс империясының бұғауын үзген желтоқсан ерлерінің ерлігін естен шығармауымыз керек. Себебі, біз солардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Ендеше, ағалардың қанымен келген тәуелсіздігімізді ардақтап, оны мәңгі сақтайық.
(50 сөз)
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан оқиғасына уақыт пен тарихтың өзі оң бағасын берді. Мәселең, Қайрат Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді. Басқа да көтеріліске қатысқан ерлердің атында көшелер мен мектептер бар. Елі олардың ерліктерін еш уақытта ұмытпақ емес. Желтоқсан – ерліктің, өрліктің қанымызға біткен белгісі.
(38 сөз)
Астана — әсем қала
Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай құрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін. Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы! (54 сөз)

Бастауыш сыныптарға арналған диктанттар жинағы. жүктеу
3 867
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
Математикадан 3 сынып оқушыларына арналған жабық тесттер жинағы
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
Бұл жинаққа 1 - 4 сыныпқа арналған математикадан мемлекеттік білім стандартына сәйкес жазбаша бақылау жұмыстары енгізілген.
Диктанттар жинағы 5 - сыныпқа арналған
Диктанттар жинағы 5 - сыныпқа арналған
Диктанттар жинағы 5 - сыныпқа арналған Түсіндірме диктант. Ол мұғалімнің айтуымен жазылып, соңынан түсіндіріледі. Диктанттың бұл түріне тақтаны да пайдалануға болады. Тақтаға шыққан оқушы жазып болғаннан кейін, мұғалім тапсырманың орындалуын бүкіл
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Диктанттар жинағы. 5 - 11 - сыныптарға арналған
Бұл құрал оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған. Ол 5 - 11 сынып оқушыларына арналған диктанттар жинағы ретінде құрастырылған. Қазақ тілі бойынша қорытынды жазба жұмыстарын жүргізуге арналған.
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Қазақ тілінен диктанттар жинағы
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×