Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жатыс септік

10 қараша 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Тақырыбы: Жатыс септік
Мақсаты:
Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Дамытушылық: Жаттығулар орындата отырып, жатыс септіктегі сөз сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын аңғарту, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Сауатты таза жазуға, тілін сыйлай білуге, денсаулықтарын сақтай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ жауап, ой қозғау, семантикалық карта, т. б.
Көрнекілігі: слайд, плакат, парақшалар

Жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Өз тілімізді құрметтей отырып, қазақ тілі сабағын бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
53, 54 – жаттығу, ереже
Сұрақ қою арқылы қорытындылау.
Зат есім дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
Қазақ тілінде қанша септік бар?

ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Ертегі айту арқылы септіктерді қайталау
Ой қозғау
Анаргүл... қызықты оқулықтар бар.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қой. - дің, - де, - да, - мен, - нен
Ережемен таныстыру.
Жатыс септік кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда? деген сұрақтарға жауап береді. Жатыс септігі атау септікке - да, - де, - та, - те жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды жатыс септік жалғаулары деп атайды.
Оқулықпен жұмыс:
55 - жаттығу. Ауызша жаттығу орындау.
Шөлде гүлдейді, құлпырады
Суда өмірі қырқылады. ( сексеуіл)
Тапсырма:
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың қай септікте тұрғанын айт.
56 - жаттығу.
Тапсырма: Мақалдарды оқып жатқа жаз. Жатыс септіктегі сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
Күш білімде. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.

57 - жаттығу.
Тапсырма: Мәтінге ат қой.
Арша өсімдігі
Арша тасты жерлерде, таулы аймақтарда өседі. Дәрі жасау үшін оның жемісін пайдаланады. Құрамында эфир майлары, қант, алма қышқылдары, минералды тұздар бар.

58 - жаттығу. (оқушыларға барыс септігі мен жатыс септігінің айырмашылығын түсіндіру)
Б. с Кімге? Неге? Қайда? - ға, - ге, - қа, - ке
Ж. с Кімде? Неде? Қайда? - да, - де, - та, - те
Мұражайға, Астанада, ауылда, мектепте, қалаға, кітапханаға, үйде

Сергіту сәті
59 - жаттығу.
Өзенде, жайлауда, қыста, көгенде, бесікте.
Өзенде көптеген балықтар бар. Жайлауда мал өріске шығады. Қыста балалар әдемі аққала жасайды.
Көгенде ұсақ малдарды байлайды. Бесікте баланы тербетеді.

Топқа тапсырма:
І - топ: Мақалдар құрастырып, оның ішінен септікте тұрған сөздерді тауып, қай септікте тұрғанын айту.
Жақсы адам — елдің көркі,
Жауқазын гүл — жердің көркі.
Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.
Дауды елемеген төлейді,
Ауруды елемеген өледі.

ІІ - топ: Кітап, мектеп, қала сөздерін септе

Жатыс септік. жүктеу
7 707
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табыс септік
Табыс септік
Зат есімнің септелуі туралы біледі. Септік жалғауларын және сұрақтарын толық меңгереді. Табыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларын біледі.
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Шығыс септік
Шығыс септік
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 жалпы білім беру орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатканова Жаңыл Мукановна
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып мұғалімі Кусикбаева Света
Шығыс септік
Шығыс септік
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Септіктер
Септіктер
ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп Рахметова Құралай Болатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×