Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.

12 қараша 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу, 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1. 1. 9. 1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау
1. 2. 1. 1 сөз/сөйлем сызбасын оқу.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік: Оқу құралы - учебное пособие - tutorial

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қане, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы 8 минут
№1 Өлеңді мұқият тыңда.
 Өлең не туралы?
 Сауатыңды ашатын қай кітап?
№2 Берілген заттардың алғашқы әріптерінен құралған сөз сұрақтың жауабы болады.

Сергіту сәті 1 минут
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
Қызықты тапсырма 8 минут
Ережені есіңде сақта!
Айналамыздағылардың бәрінің атауы бар. Оны бір - бірімізге сөз арқылы жеткіземіз. Жазуға үйренгенше өздің сызбасын пайдаланамыз.

Аяқталуы 16 минут
№3 Суретте көрсетілген заттарды ата. «Автор орындығы»
№4 Сөмкеге оқушыға қажетті оқу құралдарын ғана сал.

Сабақтың соңы 2 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

Мұғалімі: Рисжанова Эльмира Амангельдиновна

Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз. жүктеу
3 913
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Ас - адамның арқауы. Дыбыстар мен әріптер
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Мектебіме саяхат. Н дыбысы мен әрпі.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Кел, танысайық! Осы менің туған елім! Сөйлем
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Оқу құралдарымен таныс болайық! Сөз.
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×