Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері

21 қараша 2017, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Жыл мезгілдері
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету. Жыл мезгілдерін ажырата білу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Билингвалдық компоненті: Қыс - зима, көктем - весна, күз - осень, жаз - лето
Дәлелдеп - талаптану
Сәлеметсіздер ме балалар!
Қане балалар тұрайық
Таңғы шеңбер жасайық
Күлімде күн күлімде,
Жер жасарып көгерсін
Кешегіндей бүгінде
Қанат қақсын көгершін

Ұйымдастырушылық ізденіс
Балалар біз бүгінгі сабақта жыл мезгілдерімен танысамыз.
Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Қанеки айтыңдаршы!
Ал қазір қай жыл мезгілі?
Көктемде қандай өзгерістер болады?
Ал жазда қандай өзгерістер болады айтыңдаршы!
Ал күз мезгілінде ауа - райы қандай болады? Жапырақтың түсі қандай түске айналады?
Ал қыста күн қандай болады, жерде не жатады?
Ал қардан біз не жасаймыз? Қанеки кім шығып аққала жасайды?

Рефлекстік - түзету
Балалар жарайсыңдар! Енді сендер осы жыл мезгілдеріне байланысты тақпақтарыңды айтып беріңдерші.
Сурет бойынша жыл мезгілдерін көрсету
Жыл мезгілдеріне байланысты ойын
Жазда суда жүреміз,
Күнге, құмға күйеміз,
жалаң аяқ жүреміз,
қыста қызып жүреміз
Коньки, шаңғы тебеміз,
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.

Сергіту сәті
Балалар сендер бүгін жылдың төрт мезгілімен таныстыңдар. Ал сендер білесіңдер ме 1 жылда 12 ай бар. әр жылдың өз иесі бар. Ендеше қазір бәріміз отырып ертегі тыңдайық!
Осымен сабағымыз аяқталды. Сендерге көп - көп рахмет!
Балаларды мадақтау

Жыл мезгілдері. жүктеу
3 004
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері туралы ұғымдарын кеңейту; Жыл мезгілдерін бір - бірінен ажырата білу. Балалардың ақыл - ойын, ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәнерін, есте сақтау қабілетін сурет бойынша дамыту.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Ақ ұлпа қар
Ақ ұлпа қар
Аякөз қаласы, №4 жалпы аралас орта мектеп ішіндегі кіші кешен тәрбиешісі Абдинова Назым Даутовна
Уақытты бағдарлау
Уақытты бағдарлау
Сабақтың тақырыбы: Уақытты бағдарлау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×