Білімділер поралы
загрузка...

Көкөністер

Бейнелеу 2 - сынып
Тақырыбы: Көкөністер.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың түстерді игеру қабілетін одан ары дамыту;
2. Дамытушылық: Оқушылардың табиғат пен сурет түстерінің бейнелеу және мәнерлеудегі түсініктерін тереңдету;
3. Тәрбиелік: тақырыптық композицияда түстердің контрастық қасиетін ең басты мәнерлі құрал ретінде қолдану.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.
Көрнекіліктер: түрлі - түсті заттар, суреттер, бояулар салынған суреттер.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын хабарлау. Мақсатымен таныстыру. Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Оқушылардың түстерді игеру қабілетін одан ары дамыту; Оқушылардың табиғат пен сурет түстерінің бейнелеу және мәнерлеудегі түсініктерін тереңдету;

2. Тақырыпқа көшу кезеңі.
Тақтаға түрлі суреттерді іліп, әңгімелеу.
Мына суреттерді қарашы, біз қандай әдемі көкөністерді жинаанбыз! Қызыл қызанақ, жасыл бұрыш, сия көк баклажан...
Қандай ашық, қанық түстер! Ашық бояулармен осы суретті қазір - ақ салғың келеді. Ал бұл жұмысты орындауға саған қосымша түстер көмектеседі. Түстер шеңберінде қарама - қарсы орналасқан түстерді қосымша түстер деп атайды. Мысалы: жасыл - қызыл, сары - сия көк, көгілдір - қызғылт сары. қатар орналасқан бұл түстердің ашықтығы сондай, бейне бір жарқырап
тұрғандай. Қосымша түстерді пайдаланып, жемістерді салуға тырыс.
3. Тақырыпты түсіндіру.
Сурет салуға кірісеміз.
Бірінші кезең – жай қарындашпен үстел мен оның үстіндегі көкөністерді сызықпен белгілейміз. Суреттің аса көлемді немесе өте шағын болып шықпауын қадағалаймыз.
Екінші кезең – бояуды жағып көру арқылы көкөністің болашақ түсін анықтаймыз. Түстер бір - бірін толықтыра ма, әлде бір - біріне кедергі келтіре ме, осы жағына назар аударамыз.
Үшінші кезең – жалпы суреттің түсін өңдейміз.
Сергіту сәті:
Далада жел тұрды,
Жел қатты тұрды.
Далада жаңбыр жауды,
Жаңбыр қатты жауды.
Найзағай жарқ етті
Жаңбыр басылды,
Күн ашылды
4. Сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс:
Оқулықтың 26 - 27 бетеріндегі суреттер бойынша әңгімелету.
Көкөністердің суретін салғызу.
5. Сабақты қорыту.
Не білдік? Не үйрендік?
6. Оқушыларды бағалау. Оқушылардың еңбегін бағалау.

Көкөністер. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 297
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 297
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика