Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Латын әліпбиі - ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі

13 желтоқсан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Латын әліпбиі - ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі»
Мақсаты: "Рухани жаңғыруды" сипаттау, патриоттық сананы қалыптастыру. Таяу жылдарда атқарылатын қызметтер жайлы мәлімет беру. Латын әліпбиін меңгеруге шақыру. Рухани жаңғыру, латын әліпбиіне көшу – табысты ел болуымыздың кепілі екенін ұғындыру. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақтың санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Оқыту нәтижесі: Латын әліпбиін үйренудің маңызын түсінеді.
Түйінді идея: «Латын әліпбиі - ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі»

Мұғалімнің іс - әрекеті: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Қош келдіңіздер!
Мектеп қой еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі салтанатты жиынында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
– ҚР - ның Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Таныстырылым:
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

Мұғалім: Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Құшақ жая Сіздерді қарсы аламыз!
Бүгінгі ашық тәрбие сағатында,
Бар өнерді тарту етіп ұсынамыз!
– 2 «Б» сынып оқушыларынан құралған «Болашақ ұландарын» қарсы алыңыздар!

Көрініс желісі: Атасы – Нұрсұлтан, әжесі – Айдана дастарқан басында шай ішіп отырады.
Әжесі: Шай ішіңіз, отағасы (самаурынмен кесеге шай құйып береді)
Атасы: Ой, рақме - е - ет, кемпір! Сүт қатқан шайың неткен дәмді еді!
Әжесі: Отағасы, немерелеріміз кешікті ғой, ә?!
Сол сәтте есіктен екі немересі қуана кіріп келеді:
Немерелері: Атау, әже! Біз «БЕС» алдық!
Әжесі: Айналып қана кетейін, құлыншықтарымнан! Қай пәннен? (таңғалып...)
Кәусар: Мен ағылшын тілінен!
Балым: Ал, мен орыс тілінен «5» алдым! (қуанышты көңіл - күймен ата - әжесін құшақтайды)
Кәусар: Roses are red,
Violets, a blue.
Sugar is sweet,
And so are you!

Балым: Я живу в Казахстане,
Я люблю свой край родной!
Он хорош зимой и летом,
Но особенно – весной!

Атасы: БӘ - РЕ - КЕЛ - ДІ - І! Бірің Асанәлі Әшімов сияқты актер, Сәуле Жанпейісова сияқты әнші, Ілия Жақанов сияқты композитор болсаңдар, біреуің Төлеу Үшқоңыров сияқты жазушы, бірің Бәкен Серікбаев сияқты саясаткер болыңдар!
Қане, алақандарыңды жайыңдар, бата берейін:
Бісміллә!
Балам, балам, балдай бол!
Асқаралы таудай бол!
Жайқалып өскен талдай бол!
Жемісі мол баудай бол!
ӘУМИН!!!
Әжесі: Отағасы, Шоқай Датқа кесенесіне бармағалы біраз болды - ау, ә?
Атасы: Дұрыс айтасың. Шахан ата кесенесіне де бір бару керек еді...
Немерелері: ӘУЛИЕ БҰЛАҚҚА БАРАЙЫҚШЫ!!!
Әжесі: Немере – балдан тәтті! Осылардың айтқаны бола қойсыншы?.. Мына жерді жинайық та, тұрайық.
Атасы: Жарайды, кеттік онда.

Мұғалім: Ән өнерін әнші жаны ұғады,
Талаптанған тек биікке шығады.
Ән өнері қанша қиын болса да,
Әуелетіп әнші ортаға шығады.
– Жолдыбай Даниярдың орындауында «Отаным» әнін қарсы алыңыз!

Мұғалім: Латын әліпбиі туралы, Отан туралы жаттауларға кезек берейік.
Барлығы хормен: Латынша үйренейік баба тілін,
Ғасырлардан сыр шерткен ғажап үні.
Рухым – өр, ұлтым да ұлық менің,
Өзің барда ғажап тілім – қазақ тілім!
Постер құрастыру
- Оқушылар, қалай ойлайсыңдар, латын әліпбиін не үшін меңгеруіміз керек?

- Компьютерді, техниканы меңгеру үшін
- Өзге елдердегі қандастарымызбен түсінісу үшін
- Дамыған елдердің қатарына қосылу үшін

Мұғалім: Отанды сүю – парызың,
Оны қорғау бұл – міндет!
«Рухани жаңғыру»
Бағдар сілтеп, жүр үндеп!

Білім салтанатын құрып, еліміздің дамуына үлес қосатын – сендерсіңдер, балалар! Болашақта кім болатындарыңды білейікші, қанекей.

Б - білімімді арнайтын -------------------- Қ - қазаққа қызмет ететін
О - Отанымды қорғайтын ----------------- А - арманына жететін
Л - лаңкестікті даттайтын ----------------- З - заңды жақсы білетін
А - адалдықты жақтайтын ----------------- А - алға қарай жүретін
Ш - шуағымды шашатын ------------------ Қ - қайырымды елімні
А - асулардан асатын ------------------------ С - салтанатты жерімнің
Ғ - ғарыш сырын меңгерген --------------- Т - толықтырам сенімін
Ы - ынтымақты тең көрген ----------------- А - абыройын, жігерін
М - менмендікті жек көрген --------------- Н - намысын қолдан бермейтін
! Мен боламын еңбекқор,
! Болашағы елімнің!
! Болашағы елімнің!

Жүргізуші: Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. «Латын әліпбиі - ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі» екенін ескере отырып, латын әліпбиін терең меңгерейік!

Жамбыл облысы,
Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы,
Абылай хан атындағы орта мектептің 2 сынып жетекшісі
Алдажарова Акшолпан Абилхайыровна
9 188
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Латын әліпбиіне көшу - еліміздің рухани өмірдегі қадамы
Латын әліпбиіне көшу - еліміздің рухани өмірдегі қадамы
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу.
Латын әліпбиіне өту – заман талабы
Латын әліпбиіне өту – заман талабы
Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі
Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі тақырыбы бойынша өтетін дөңгелек үстел барысында осы онкүндік аясында тек қана тіл мамандарын ғана емес, дүйім жұртты да толғандыратын қазақ әліпбиінің тағдырын сөз етуді жөн көрдік.
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілді
Латын қарпіндегі қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізілді
Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Н. Назарбаевтың жарлығы шықты. Мына жерден Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына онлайн түрінде ауыстыра аласыз. Егер де онлайн ауыстыру дұрыс жүргізілмей жатса, онда
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша 2017 - 2018 оқу жылына арналған жоспар.
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×