Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғыс

15 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: «Алғыс»
Мақсаты: 1) Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру;
2) Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын арттырып, дұрыс сөз қолданыстарын қолдана білуге үйрету;
3) Адам еңбегін қадірлеуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суреттер, үлестірме материалдар, слайдтар,
интерактивті тақта.
Сабақтың технологиясы: «Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы»
Пәнаралық байланыс: өзін - өзі тану, қазақ тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық тренинг
- Біз қандай баламыз?
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз
Біз - талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - топ. «Күз» өлеңін жатқа айту.
2 - топ. «Күзгі бақ» (сурет салу)
3 - топ. «Күз кереметі» (әңгіме жазу)
4 - топ. «Құстар ұшып барады» (өлең құрау)

3. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту кезеңі. «Ой қозғау»
- Осы өлеңдегі негізгі ой қандай?
- Күз мезгілінің ерекшелігін және күзгі адам еңбегін бағалау.
ІІ. Мағынаны тану
а)
ә) Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу. «Алғыс»
2. Жанұялық топтарға бөлінген балалар 1, 2, 3, 4 болып топтасып отырып, өзіне тиісті бөлімді оқып, талқылайды.
3. Жанұялық топтар орындарына қайтып келіп, топта түсіндіреді.

Топ атаулары:
«Қызанақтар» тобы
«Қиярлар» тобы
«Күн» тобы
«Жер» тобы

4. Мәтінді талдау
а) Әр топтан мәтін бөліктері бойынша түсінігін айту.
ә) Оқиға қай мезгілде болған?
б) Қасым мен Хасен алғысты нелерге айтты?
в) Ең үлкен алғыс кімге айтылу керек еді?
г) Сендер алғыс алу үшін қандай әрекет істер едіңдер?

Сергіту сәті. «Дос болайық бәріміз» (ән)
б) «Сұхбат алу»
Облыстық балалар шығармашылығына арналған «Самал» газетінен келген тілшінің сұрақтары:
1 - топқа: Жемістер, көкөністер туралы қандай жұмбақ білесіңдер?
2 - топқа: Көкөністердің қандай пайдасы бар?
3 - топқа: Тағамға қандай көкөністер мен жемістер жиі пайдаланылады?
4 - топқа: Көкөністер мен жемістер жақсы өсу үшін не қажет?
в) Шығармашылық топтардағы жұмыс
1 - топ - Қызанақтың пайдасы, оны күту, өсіру (постерде жұмыстану, сурет салу)
2 - топ - Қиярды азық - түлік ретінде қолдану (жарнама, постерде жұмыстану, өлең шығару)
3 - топ - Күннің көкөністер мен жемістер үшін маңызы (постерде жұмыстану, сурет салу, өлең шығару)
4 - топ - Жер - ананың адамға тигізер шапағаты (постерде жұмыстану, сурет салу, хат жазу)

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Шаиева Алия Сайфеденқызы

Алғыс. жүктеу
2 110
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлар әлемі
Жануарлар әлемі
Жабайы және үй жануарларының ерекше белгілерін анықтап білуге үйрету; жануарлар туралы сипаттама әңгіме құрастыруға үйрету.
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде қолдану
Көбейтудің қасиеттерін есептеуде тиімді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың есептеу дағдыларын пысықтау, есептер шығару, өткенді қайталау. Көбейтудің қасиеттері, амалдардың орындалу реті жайлы білімдерін жетілдіру.
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктен өткенді қайталау
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту
Етістік
Етістік
Етістіктерді тауып дара және күрделі екенін ажырата білуге үйрету. Тілін сөздік қорларын дамыту. Байқампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Нағыз байлық
Нағыз байлық
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №42 «Ақ ниет» гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шаиева Алия Сайфеденқызы
«Құмырсқаның өнері» Жәди Шәкен
«Құмырсқаның өнері» Жәди Шәкен
Сабақтың мақсаты: Мәтінмен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста негізгі ойды талқылауға, ой түйінін таба білуге, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету арқылы оқушы құзіреттілігін қалыптастыру. Адам баласы үшін ең қажетті нәрсенің барлығына біріге отырып
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×