Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

16 желтоқсан 2017, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі пәнінен ашық сабақ
Қазақ тілі
Сабақтың атауы: Бастауыш
Мақсаты:
Күтілетін нәтиже: Сабақтың мақсаты: білімділік – бастауыш туралы түсінік беру, оның грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;
тәрбиелік – байланыстырып сөйлеу арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ – жауап, ізденушілік, талдау.
Көрнекілік: тірек сызбалар, көмекші құралдар, АКТ.

Психологиялық ахуал
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
«Сәлемдесу» ойыны:
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Қызығушылықты ояту
Топқа бөліну. Құстар атымен.
Мағынаны тану. Құс кереуені. Қарағайлы орман (тапсырма)
1. Марал әңгімені оқыды (Әрбір сөйлем мүшесіне сұрақ қой)
2. Қарға қарқылдады
3. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
4. Бастауыш деген не?
5. Бастауыштың сұрақтарын ата
6. Аквариумде (нелер?) бар.
7.......... қыстай апанында ұйықтайды
8. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата
9. Жіңішке дауыстыларды ата
10. Қосымша сұрақ: а(2), (5), т (4), б (1), с (3), ы (7), ш (8), у(6) (БАСТАУЫШ)

Ой толғаныс
Құс керуені келе жатып орманға тоқтады. Бұл орман қарағайлы орман. Қарағайлардың тапсырмасы. Көркем жазу.
Күннің жадын жазу.
Көркем жазу.
Көлдің көркі - құрақ,
Таудың көркі - бұлақ.
Әрі қарай ұшқан топ екінші жерге аялдады. Бұл қайыңды орман екен.
Қайыңдардың тапсырмасы.
3 - жаттығу. Жұппен жұмыс.
Тақтада жазу.

Сергіту сәті
Кенеттен алдарынан достары кездесті. «Шөжелерім» сергіту жаттығуы.
Ынтымақтастық атмосферасы
Емен ағаштарының тапсырмасы.
Топпен жұмыс. 4 - жаттығу. Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
1. Қағаздан, батпырауық, жасады, балалар.
2. Әкесімен, аулауға, Әсет, балық, барды.
3. Аңдар, түрлі, болады, тоғайда.
4. Зиянды, құстар, жояды, жәндіктерді.

Шығармашылық жұмыс. Жұппен орындау.
1. Бастауышы жануарлар болатын екі сөйлем жаз.
2. Бастауышы мамандық иелері болатын екі сөйлем жаз.
3. Бастауышы табиғат құбылысы болатын екі сөйлем жаз.
4. Бастауышы кісі аттары болатын екі сөйлем жаз.

Ой толғаныс
Құстармен қоштасу. Эссе жазу.
1 - топ. Күзгі табиғат.
2 - топ. Адамдардың күзгі еңбегі
3 - топ. Күзгі құс керуені
4 - топ. Аңдардың күзгі тіршілігі

Үйге тапсырма
2 - жаттығу. 68 - бет.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

№1 Алға мектеп - бақша
Өткізген: Муханова А. А.

Бастауыш. жүктеу
1 870
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Абайдың қарасөздері. Он жетінші қарасөзі
Абайдың қара сөздерін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, оқушыларға ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек ұғындыру
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен,
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау
Сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
Құрама есептер
Құрама есептер
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп - лицей бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Нұргүл Нұрмұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×