Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән

17 желтоқсан 2017, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Маған айт - мен естимін, маған көрсет - мен есімде сақтаймын, маған істеуге бер - мен түсінемін»
(Жапон мақалы)
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән
Мақсаты: Еңбекке баулу пәнінен алған білімдерін жүйелеу, оқушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін қалыптастыру, ұлтымыздың ертеден келе жатқан салт - дәстүрімен таныстыру қазақ халқының өнерін дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрден тыс сайыс сабақ

Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті әріптестер!
«Білім – асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт – еңбек». Бүгінгі заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын сабақ үстінде бала бойына сіңіру әрбір ұстаздың міндеті. Олай болса «Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән» тақырыбында өткелі отырған сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер.
«Өткірдің жүзі, кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан, білмеске арзан,
Надандар баһара таба алмас»- деп ұлы Абай атамыз айтқандай, іскер, он саусағынан өнер таматын шәкірттерді тәрбиелеу – біздің міндетіміз бола бермек. Ендеше, сіздердің алдарыңызға бастауыш сынып оқушыларынан құралған өнерлі де шебер, епті де ісмер топтарды ортаға шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық!

1 - топ: «Шеберлер»
Құрамы: Арсен Калиев - 4а
Диляра Нуржанова - 4в
Адина Тынышқалиева - 4а
Наргиза Елекеева - 2 «в»,
Жетпіс Райд - 2ә
Топ ұраны: Шебер біздің атамыз,
Шебер біздің әжеміз
Шебер болған бабам да,
Біз де шебер боламыз.

2 - топ: «Ісмерлер»
Құрамы: Жәңгір Мархаба - 2 «в»,
Муханбеткалиев Амирлан - 2 «в»,
Хамидуллин Темірлан - 4 «»,
Анель ДЖамалиева - 4в
Тамерлан Исатай - 4в
Топ ұраны: Еңбекті сүй, құрметте,
Керек болар еңбек те,
Еңбек етсең емерсің,
Жақын болшы еңбекке»

3 - топ: «Ептілер»
Құрамы: Махамбет Алихан - 2 «в»,
Абдрахманова Ясмин - 2 «в»,
Хайдар Меруерт - 2ә
Сағынгерей Жания - 4в
Меңдібекова Шалқыма - 4в
Топ ұраны: «Ептілік болса адамда,
қиын іс жоқ ғаламда»

4 - топ: «Өнерлілер»
Құрамы: Ақтай Раяна - 2ә
Зухрахан Жуманиязова - 4а
Рамазанов Арман - 4а
Серік Серхан2ә,
Жасұлан Эльнара2ә
Топ ұраны: «Әдепті де өнерлі,
Еңбексүйгіш баламыз.
Жаңа істің шебері,
Жасаушысы баламыз.

Жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын
Таныстырайын әділқазы алқаларын

Әділқазы мүшелері:
1. Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы - №44 ЖОББ мектебінің бастауыш сынып ісі жөніндегі д. о.
2. Сапарғалиева Сара Шаймұратқызы -№34 мектеп - гимназиясының баст. сынып ісі жөніндегі д. о.
3.

Ән «Айгөлек»
I - сайыс «Атымда менің сырым бар» (топтардың өзін - өзі таныстыруы)
II - сайыс: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (бейне сұрақ)
«Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай
Білімнің шыңына шығады, - дей отырып, кезекті «Сұрақ - жауап» сайысына береміз. Ендеше, экранға назар аударайық.

Сұрақтар:
1. Композиция дегеніміз не?
Қағаз бетінде суреттің барлық бөліктерін ойлаған тақырыпқа сай, әсерлі етіп орналастыру
2. Аппликация деген не?
Жапсырма деген ұғымды білдіреді. Әр түрлі пішіндерді қағаз не мата бетіне желімдеп жапсыру арқылы бір заттың бейнесін жасау.
3. Конструктор деген не?
Екі түрлі ұғымы бар: - құрастыруға арналған бөлшектер жиынтығы;
- қандай да бір құрылымның конструкциясын жасайтын маман.
4. Мозайка туралы не білесің?
Шыны, ұсақ ас, мата, қағаз, ермексаз, керамика, пластмасса қалдықтарынан құрастырылған картина, бейнелі сурет.
5. Оймақ туралы не білесің?
Іс тіккенде инені материалға кіргізу үшін және инені қолға шаншып алмау үшін саусаққа киілетін қатты қалпақша. Оймақты көбіне әжелер қолданады.
6. «Оригами» деген не?
Қағаздан жасалған пішіндерді құрастырудың жапондық өнері.
7. Табиғи материалдар қандай болады? Ағаштан және өсімдіктен алынатын материалдар қандай болып келеді?
Табиғи материалдар өте көп. Олар: жапырақтар, дәндер, өсімдік сабақтары, ағаштың бұтағы, тамыры, безі, қабығы және тағы басқалар. Ағаштан жасалған материалдар қатты, өсімдіктен жасалған материалдар жұмсақ болып келеді.
8. Мақтадан не алынады? Мақта Қазақстанның қай облысында өсіріледі?
Мақтадан мата алынады. Мақта Оңтүстік Қазақстан облысында өсіріледі.

Жұмбақтар
1 Қимылдаса қос шебер,
Қыруар - қыруар іс өнер (қол)

2. Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап - жалаңаш өзі безді. (Ине)

3. Екі тышқан бірлесіп,
Қиып, пішіп береді.
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі (Қайшы)

4. Бір шұңқыр,
Бір шұңқыра мың шұңқыр (Оймақ)

III - сайыс. Мақалды жалғастыр
Жүргізуші: Мақал - мәтел - сөз мәйегі, тілегі,
Әр сындарда асыл сөздің тірегі.
Қарапайым қазақ тілі - өз тілім,
Өз тілімде бұлқынады жүрегім.
Ата дәстүр абырой көтергенге,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде,
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

1. Өнерлінің он саусағы тең, (Өнерсіздің бір саусағы кем).
2. Өнер іздеген өсер..... (Өсек іздеген өшер)
3. Ата көрген оқ жонар, (Шеше көрген тон пішер)
4. Өнерлінің қолы алтын, (Өлеңшінің сөзі алтын)
5. Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті)
6. Еңбек - өнер өрісі, (Өнер - өмір жемісі)
7. Өнерлі болу - зейнет, (Өнерсіз болу - бейнет)
8. Еңбектің көзін тапқан... (Байлықтың өзін табады)

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ушарал қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі Бекенова Ботакоз Сабырғалиқызы

Әр адамға өнер тән, өнерлінің ісі сән. жүктеу
4 160
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысы
«Қыз еркем, кестесімен көркем» атты жас шеберлер сайысы
Мақсаты: Қыздардың бойларындағы икемділік, сымбаттылық, қабілеттілік, инабаттылық, ізеттілік, біліктілік, танымдылық қасиеттерін дәріптеп дамытуға баулу.
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Шебер қолдар үйірмесінің бағдарламасы
Бұл бағдарлама оқушыларды еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға, ой - өрісін, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, сол заттың қадір - қасиетін білуге, күнделікті өмірде қолдана
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты
Мемлекеттің тәуелсіздігі халқының бақыты
16 желтоқсан мерекесін негізге ала отырып, бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету. Жалпы өнерді құрмет тұту, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылыққа тәрбиелеу
Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)
Кім іскер және кім шебер? (сайыс сабақ)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектептің технология пәні мұғалімі Рыскалыев Жанболат Ондасынович
Қолданбалы қолөнер
Қолданбалы қолөнер
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы «№3 орта мектебі» КММ бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі: Қасымова Айгуль Идрисовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×