Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Алпамыс батыр» жыры – ерліктің дастаны

29 желтоқсан 2017, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жыры – ерліктің дастаны.
Сабақтың мақсаты:
Ата - бабамыздан қалған өшпес мұра «Алпамыс батыр» жырын жаттау, батыр туралы әңгімелей отырып, топпен жұмыс жасау, қызығушылықтарын арттыра отырып, сөздік қорын, таным - ықыласын дамыту. Оқушыларды батылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, сурет көрмесі, слайдтар, шашка, ойыншық аттар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Батыр болып жүректі,
Батыр болып білекті,
Қарсыласқан дұшпанды
Қайратымен жасқапты.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Топқа бөліну.«Байбөрі», «Алпамыс», «Жәдігер» (түрлі түсті конфет арқылы)
Топ ережелері:
Белсенді қатысу, тыныштық сақтау, бірін бірі тыңдау, ынтымақтастық.
ІІ. Негізгі бөлім.
А)«Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып, батырлар жырын айтамыз»
Оқушылар жаттаған жыр шумақтарын оқиды.
Ә) Сурет көрмесіне шолу(ата - ата баласының салған суретін әңгімелеп береді, баласы толықтырады)
Б) Топтық жұмыс
Тапсырмалар:
1. «Мықты болсаң, тауып көр» әріпжұмбақ шешу
2. «Атадан қалған асыл сөз» мақал - мәтел сайысы
3. «Ханталапай» блицтурнир, «Жекпе - жек»жұмбақ шешу
4. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»балалар шашка ойнайды, ата - аналар ермексаздан бес қару жасайды.
5. «Шұбар атпен сайыс» ойыншық атпен жарысып барып, тақтадағы мысалдарды шығару.
Мұғалім:
Сендерге артар міндет көп,
Көтерген биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата - баба үмітін
Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.

1. «Мықты болсаң, тауып көр» әріпжұмбақ шешу
Сөзжұмбақтар: берілген торға сөздер жазу (зат есім)

Б
Б
Б
Б
Б

2. Мақал сайысы
Батырлық, ерлік туралы айту.
Балалар мен ата - аналар жаттап келген мақалдарын айтады.

3. 1 - деңгей«Ханталапай»Блицтурнир сұрақтары:

1. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж 16 желт)
2. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын (Абай)
3. Қазақша жылдың басы? (тышқан)
4. Алпамыстың ұлы кім? (Жәдігер)
5. Шаршының ауданын қалай табамыз?
6. Рақымжан Қошқарбаев тапсырманы қашан орындады? (30 - сәуір, 6 сағат 30 минут, 1945 жыл)
7. Ақжолтай Ағыбай батыр әкесінен неше жасында айырылды. (екі)
8. Күндіз көрмейтін құс? (жапалақ)
9. Алпамыстың әкесіне отын тасытқан кім? (Ұлтан)
10. Үш биді ата (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
11. Жақсылардың жақсысын ата (өрмек, ұршық, кітап)
12. Қазақстан тұңғыш президентін қашан сайлады? (1991ж 1желт)
13. Екі ақынның жарысы қалай аталады? (айтыс)
14. Ең кіші төрт таңбалы сан? (мың)
15. Алпамыс зынданда жатқанда үстіне не түсіп кетеді? (екі серке)
16. Алпамыстың атасының аты, жөні (Байбөрі)
17. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
18. Алпамыстың қарындасы кім? (Қарлығаш)
19. Абай қай жылы туылды?
20. Байбөрі кіммен құда болды? (Сарыбай)
21. Ыбырай қай жылы туылды?
22. Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болған? (отыз)
23. «Мен мұнда картоп аршу үшін келген жоқпын, фашистерді жайрату үшін келдім» кімнің сөзі? (Әлия Молдағұлова)
24. Алпамыс зынданда неше жыл жатты? (жеті)
25. «Күнәдан таза басым бар, жиырма бірде жасым бар. Қасқалдақтай қаным бар, бозторғайдай жасым бар» кімнің сөзі? (Қайрат Рысқұлбеков)
2 845
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Оқушылардың дағдысының дамуы мен ойлау қызметінің тәсілдерін дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту.
Алпамыс батыр жыры
Алпамыс батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсініктерін кеңейту, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру; Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру;
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр жырдағы кейіпкерлер бейнесі
Алпамыс батыр» жырдағы кейіпкерлер бейнесі Жалпы мақсат: Жырдың ерекшелігі, тақырыбы мен идеясы. Жыр тақырыбының ел бірлігін, тыныштығын, елді сыртқы жаудан қорғау, халық қамын ойлайтын батырды армандау мүддесінен туатындығын үйрету
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры «Қамбар батыр» жыры
Батырлар жыры, олардың тақырыбы мен ортақ идеясы, халық тарихымен байланысын түсіну, кейіпкерлері, халық арманы туралы түсінік беу. Батырлар жырларын тақырып, мазмұн жағынан өзара салыстыра отырып таныту.
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
«Алпамыс батыр» жыры арқылы жыршылықты таныту
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Батырлар жыры «Алпамыс  батыр»
Батырлар жыры «Алпамыс батыр»
Астана қаласы, №56 мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Какарманова Райгүл Ғалымқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×